Сабақтын тақырыбы Тау туризмі. Жаяу туризм

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бағдарлама жоспары: Туризм түрлеріне жалпы сипаттама

Сабақ тақырыбы: Тау туризмі. Жаяу туризм

Сабақ мақсаттары

Білімділік: Туризм түрлеріне жалпы сипаттама беріп, түрлері туралы түсінік беру, әдіс-тәсілдерін үйрету

Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристік-спорттық

дайындықтарын, икемділіктерін дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу


Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:

  • Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы

  • Туристік-спорттық дайындық

  • Дене тәрбиесі

Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

  • Акт

  • Топшамалар

  • Карабин, жұмар, дюлфер

  • Негізгі және көмекші арқандар


I. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру


ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)

  1. Экскурсиялар арқылы туған өлкені танып білуге болама?

  2. Жалпы туризмнің адам, қоғам үшін пайдасы неде деп ойлайсындар?

  3. Қауіпсіздік ережесі дегеніміз не?

  4. Қауіпсіздік ережесін сақтамау қандай жағдайға әкеліп соғады?

  5. Қазіргі уақытты ОЖБТ және ЭО директоры кім?

  6. ОЖБТ және ЭО қандай бағыттарда жұмыс жасайды?

  7. Туристік бивуак дегеніміз не?

  8. Туристік арқандар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

  9. Көмекші және негізгі арқанның айырмашылықтары?




Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)

Қазіргі кезде жер шарының түрлі аймақтарында экологиялық дағдарыс шиеленіскен жағдайда экологиялық білім мен тәрбие беруге басты назар аударылуда. Осыған байланысты ең маңызды орын туризм мен өлкетануға беріліп отыр. Туризм жастарды жағымсыз қылықтарға қарсы тұруға( темекі тарту, арақ ішу), мықты денсаулық негізін қалыптастыруға , пайдалы , қызық істерге , салауатты өмір салтына тәрбиелейді. Ғалым Ян Амос Каменский табиғатты қорғау қажеттілігі тәрбиелеудің біртұтас жиынтығын құрайтындығын дәлелдеген болатын. Ж.Ж.Руссо табиғаттың даму жолдарын , адамзат болашағының қарышты дамуын алғашқы түсінушілердің бірі болды.Туризм мен экология , табиғатты қорғау мәселесін В.И.Вернадский ,Э.В.Гирусов, Ю.М.ЛотманА.Д.Урсул қарастырды. Біздің облысымызда туристік - өлкетану бағытындағы жұмыстарды жолға қойып, ол туралы зерттеу жүргізіп жүрген В.П.Фомин, Г.Г. Невзоровтардың зерттеу еңбектері бар.

Бір сөзбен айтсақ туризм дегеніміз жастар үшін - саяхат жасау, ол арқылы жетістікке жету, жаңа дүниені танып білу.

Туризмнің түрлері әр түрлі кретерий бойынша бөліп қарастырылады. Олар І. Туристердің мақсаттары бойынша:

- діни туризм дегеніміз – адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін бойынша қасиетті жерлер мен орындарға бару.

- конгрестік туризм іскер адамдардың келісім шарттар жасауы үшін, т.б. мақсаттарын жасайтын сапарларымен, осы мақсаттағы немесе ғылыми конференциялар;

- курортық туризм – туристердің демалысын, емделуін белгілі бір дәрежеде қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы;

- өз бетінше ұйымдастырылған туризм – бұл қоғамдық топтардың, жеке адамдардың өз бетінше, бірігіп өткізген жорықтары;

- экскурсиялық немесе танымдық туризм – туристердің белгілі біржердің табиғи ерекшеліктерінен, табиғи мәдени орындарымен, ұлттық этнографиялық салт – дәстүрімен танылу.

Пайдаланылатын көлік түрлеріне және өткізілетін туристік жорық аумағына байланысты – ат туризмі кейінгі кезде кең тараған. Туризмнің бұл түрінің ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы дайындықты, ерекше құрал – жабдықтарды және аттарға әбден күтім жасауын талап етеді.

        Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады. Халықаралық туризмі мынадай түрге бөлінеді:

  • келу туризмі, Қазақстан республикасының аумағына тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы жеріндегі саяхатын айтады.

  • шығу туризмі Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын адамның басқа елге саяхатын айтады.

- ішкі туризм Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағындағы тұрақты тұратын адамның Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты. Ішкі туризімінің мынадай түрлері бар: Әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, әскерлік, конгрестік, емдеу – сауықтыру, мәдени - танымдық, діни және т.б.

Жаяу туризм – күрделі емес [link]

  • Велосипед туризмі дегеніміз?

  • веложорық түрлері

  • Веложорық дәрежелері


  • Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

    Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!

    ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.

    Жұмыс орнын қарап өткенде:

    1. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру

    2. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау

    3. Технологиялық процестің орындалуын бақылау

    4. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау

    5. Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау

    ІV. Қорытынды нұсқау.

    1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту

    2. Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту

    3. Оқушылардың бағаларын хабарлау

    4. Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру





























    ,