Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Залгаринова Алмагүл Иманғалиқызының қысқа мерзімді жоспары
Күні :15.02.2016 Сыныбы: 6
Сабақтың
тақырыбы
Еліктеу сөзден өткенді қайталау
Мақсаты
«Еліктеу сөз» тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау, практикамен ұштастыру
Күтілетін нәтиже
1.Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді;
2. Еліктеу сөздерге морфологиялық талдау жасай алады;
3.Күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре алады.
Сабақ барысы
Уақыт кезеңі
Міндеттері
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушының іс - әрекеттері
Бағалау түрі
Модульдарды қолдану
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату
1 мин
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.
Амандасады.
Үй тапсырмасын тексеру
3 мин
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесінен еліктеу сөздерді тауып, жазып келу.
Әр оқушы дәптерлерінен бір мысалдан оқиды.
«+», «- » белгілері арқылы көрсетеді.
Оқыту үшін бағалау
Білу
Өтілген материалдарды қайта жаңғырту
«Көпірше» тұрғызу
8 мин
Әр оқушыға тапсырма беріледі.
Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрады.Тапсырманы орындау арқылы сөз таптарынан өткенді еске түсіреді.
«Қошемет» әдісі
Жаңа әдіс – тәсілдер
Оқыту үшін бағалау
Морфологиялық талдау жасау
Тарс- тұрс, күркіре, арбаң, жылт.
Еліктеу сөздерге морфологиялық талдау жасайды.
Түсіну
Өткен тақырыпты
материалдар арқылы түрлендіру
Оқулықпен жұмыс
8 мин
236- жаттығу
Сөйлемдерді оқып, негізгі еліктеу сөздерді бір бағанға, туынды еліктеу сөздерді екінші бағанға жазады.
Мұғалім қателерін түзейді.
Оқыту үшін бағалау
Сергіту сәті
3 мин
Берілген еліктеу сөз түрлерін қимылмен көрсету
1. Шіңк-
жіңішке дауыстың естілуі 2.Бүлк-қазанның жай қайнауы
3. Селк -қатты қорыққан кездегі қозғалыс
4. Күрк - жөтелдің түрі
5. Қорбаң –қорбаң- ебедейсіз, ақырын қимылдау
6. Құржаң-құржаң – бүкірейіп еңкейіп, бүкшең-бүкшең ету.
Оқушылар әртүрлі дыбыс, қимыл түрлерін көрсетеді.
Жаңа әдіс - тәсілдер
Талдау
Өткен тақырыпқа қорытынды жасау
Топтық жұмыс
5 мин
«Үштік одақ» ойыны
Сыныптағы оқушылар үш - үштен бөлініп, сыныптың кез келген жеріне тұрады. Екі оқушы - ойыншы. Біреуі -бақылаушы. Оқушы еліктеу сөз айтады, екіншісі еліктеу сөзден басқа сөз табын жасайды. Бақылаушы сөздерді жазып отырады, оқып береді
Жаңа әдіс – тәсілдер
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Жинақтау
Өткен тақырыпты жүйелеу
10 мин
«Өрмекші» ойыны
Әр үстелде тапсырмалар жатады. Оқушылар кезек- кезек әр үстелдің тапсырмаларын орындайды, үлгергендерінше жауап жазады. Оларға белгілі бір уақыт беріледі. Осылайша әр оқушы барлық тапсырмаларды орындап шығуы керек.
Мұғалім тексереді.
Әрбір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған оқушы анықталады.
Жаңа әдіс – тәсілдер
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқыту үшін бағалау
Бағалау
Өткен тақырып
туралы білгендерін дәлелдеу
3 мин
Оқушылар еліктеу сөз туралы өз білгендерін қорытындылайды.
Жаңа әдіс – тәсілдер
СТО
Рефлексия
3 мин
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қалаған бір әріптерін алып, содан басталатын сөздер арқылы белгілеу.
Мұғалім оқушылар жұмысын бағалайды.
Жаңа әдіс – тәсілдер
СТО
Оқыту үшін бағалау
Үйге тапсырма
1 мин
Тапсырма күнделікке жазып алады.