Менің сүйікті ісім 1-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Барлығы өзім туралы

Мен кіммін?


Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: өзі туралы қарапайым сөзбен әңгімелеуге үйрену, бір-бірімен танысу;


  • Оқушылардың басым бөлігі:. адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшеліктері туралы білу;

  • Кейбір оқушылар: мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйрену.

Тірек сөздер:

есім (аты) – имя – name; адам – человек – human.

Ресурстар:

«Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп.

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен, мінезімен, тәртібімен бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның дара тұлға екеніне қарамастан, ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамның дамуына көмектеседі. Ғалымдар адамға ортаның қажет екенін, оған өзін үлкен ұжымның бір бөлігі екенін сезіну, қоғам мүшесі болуы маңызды екенін дәлелдеді. Ол үшін адам істеген істерге, әдеттерге және қоғамда қабылданған тәртіптерге қатысты ережелерді сақтауы және білуі тиіс.

Қай уақытта болмасын барлық өркениеттерде адамдардың өз есімдері болды. Ежелгі ата-бабаларымыз есім ретінде белгілі бір мағынаны білдіретін сөз тіркестерін қолданды. Мысалы, «Жарық жұлдыз», «Өткір көз» және т.б. Уақыт өткен сайын олар жеңілірек және жағымды естілетін түрге айналды.


Психологтардың айтуынша, есімнің дыбысталуын музыкалық әуенмен салыстыруға болады. Айналадағы адамдарда адам есімінен туындаған сезім сол адамның өзіне автоматты түрде беріледі екен. Ерболат және Бибігүл есімдерінің қаншалықты әртүрлі айтылатынын байқап көріңіз. Алғашқы есімде жинақылық пен жігерлілік бар, ал екінші есімде нәзік жанға тән ерекшелікті байқауға болады. Есімнің сипаты адамның мінезіне ғана емес, сонымен қатар оның кейінгі өміріне де әсер етеді екен.


Сондай-ақ адам өмірінде есімнің маңызы зор. Оның барлық іс-әрекеттері есімінің арқасында танымал болады. Осыған орай, «Оның есімі беделді», «Өз есіміңді ұятқа қалдырма» – деп айтып жатады.


1-жұмыс парағы. Менің досым қандай?

Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін көрсетуге тырыс.
















Аты-жөні:


Әр адамның есімі бар.

«Әр есімнің өз мағынасы бар», – дейді менің атам.

Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп көрейік!



[pic]

Оқулық және жұмыс дәптерінің беттерінде кездесетін кейіпкер Ботамен таныстыру. Оларға «Дүниетану» сабағында немен айналысатыны туралы хабарлау.


Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-бетіндегі суретке қарауын сұраймын.


Сабаққа дейін қабырғаға «МЕН» сөзі жазылған шарды бекітемін. Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алғанын айтыңыз. Оқушыларға шарды табуға көмектесуге ұсыныс беріңіз. Шарда жазылған сөзді кімнің оқи алатынын сұраңыз. Олар бұл сөздің нені білдіретінін айтсын.


Жауабы: «Мен» – бұл мен туралы айтылған сөз. Егер адам өзі туралы айтса, «мен» дейді.


«Мен» сөзін хормен айтқызыңыз және сабақ тақырыбын хабарлаңыз.


Салыстыр.

Cуреттерге қара. Кімдерді көріп тұрсың?

Суреттегі адамдарды салыстыр.

Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшеліктері бойынша топтарға жиналады:

көзі қара/мөлдір;

шашы ұзын/қысқа;

аяқкиімінің түсі қара;

есімдері бірдей және т.б.

Біз қандаймыз?

Бір-біріңе қара.

Араларыңда бір-бірінен айнымайтын екі адам бар ма?

Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.

Балалар мен үлкендер. Ер адамдар мен әйел адамдар. Барлығымыз адамбыз. Сен – адамсың. Бір адам басқа адамға ұқсамайды. Әрбір адам ерекше.Анықта. Кімнің зерттеуші болғысы келетінін сұраңыз. Зерттеу дегеніміз бір нәрсені толық анықтауға бағытталған бірқатар әрекеттерді орындау екенін түсіндіріңіз. Ботаның атынан барлық оқушылардың есімдері жазылған тапсырма-хатты көрсетіңіз. Бұл нені зерттеу керек екенін еске салады. Оқулықтағы 3-беттегі тапсырма мәтінін оқып беріңіз. Оқушылардан тапсырмада қандай нәтижеге тоқталу керек екенін түсіндіріңіз.

Жауабы: Eсімнің нені білдіретінін айту.

Өз есімінің мағынасын білетін оқушылардың пікірлерін сұраңыз. Көп ұлтты еліміздегі барлық халықтардың есімдері әдемі естілетінін айтып өтіңіз. Барлық оқушылар бір-бірін есімдерімен атайтынын түсіндіріңіз. Оқушыларға есімдері жазылған бейдждерді таратыңыз, оны сол аптада тағып жүрсін.

Орындап көр. Бұл тапсырманың мақсаты – бір-біріне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін мектеп ұжымында іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтауы тиіс екенін көрсету.

Сынып оқушыларын жұптарға бөліңіз. Бір- біріне өзі туралы қызықты оқиғаларды айтып беруін сұраңыз. Сыныпты аралаңыз. Оқушылардың әңгімелерін тыңдаңыз. Әңгімелеген оқиғалары қызықты болған 1-2 жұпты тыңдаңыз. Олар өз оқиғаларын үнсіз қимыл арқылы сынып оқушыларына көрсетсін. Қалған оқушыларға бұл оқушы не туралы айтып жатқанын табуды ұсыныңыз. Барлық адамдарға жақсы болуы үшін сақталатын ережелердің атауын сұраңыз. 3-беттегі негізгі мәтінді оқып беріңіз.

Сабақты қорытындылау


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


«Өрмек» жаттығуын қолданыңыз. Орам жіпті оқушыларға беріңіз. Орам жіпті алған оқушы есінде қалған оқушының есімін атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің ұшын өзі ұстап тұрып, орамды басқа оқушыға береді. Оқушылардың назарын танысуға арналған өрмек жіптің барлығын біріктіретініне назар аудартыңыз.


Ботаның хатын оқығаннан кейін тірек сөздерді хормен айтқызыңыз. Бұл сөздерді алақандарын соғып отырып, айтсын. Қандай сөздің қысқа, ал қандай сөздің ұзақ айтылатынын сұраңыз. Оқи алатын оқушыларға оқытуға болады.


Жауабы: Man (ағылш. тілі) – қысқа (1 шапалақ), адам (қаз.тілі) – (2 шапалақ), человек (орыс тілі) – ең ұзақ (3 шапалақ).


[pic] Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Жаратылыстану. Оқулықтың 6-бетіндегі «Салыстыр» тапсырмасы.

Өнер. Дәптердің 3-бетіндегі «Менің досым қандай?» тапсырмасы.


Отбасымен өзара байланыс жасау мақсатында оқушыларға «Анықта» тапсырмасын ұсыныңыз. Ата-аналарынан өзіне неліктен осындай есім бергенін біліп келуге тапсырма беріңіз.


Бағалау



Оқушылар

сыныптастар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы;

әр адамның ерекшелігі және бірегейлігі туралы;

өз есімінің, сыныптас оқушылардың есімдерінің мағынасы туралы;

іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтау қажеттілігі туралы білді.

Оқушылар

өзі туралы әңгімелеуге, сыныптастарын есімдерімен атауға;

сыныптастары арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табуға;


Қарым-қатынас және тәртіп ережелерін сақтауға үйренді.

Бағалау үшін «Ұйқас» тапсырмасын ұсыныңыз.


Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап


беруі тиіс.


Біздің әрқайсымыз ерекшеміз?

Иә.

Әрқашан ереже сақтаймыз ба?

Иә.

Біз барлығымыз бірдейміз.

Жоқ.

Сенің есімің түсініксіз ұғымды білдіреді?

Жоқ.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?











































Сабақ тақырыбы:


Менің сүйікті ісім.

Қажет заттар.

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: бір-бірінің сүйікті істері туралы білу;


  • Оқушылардың басым бөлігі: сабақта алған ақпарат негізінде таңдауды қалай жасау керектігін түсіну;

  • Кейбір оқушылар: өзіне және өз жетістігін бағалауға үйрену.

Тірек сөздер:

cүйікті іс – любимое занятие – hobby; таңдау – выбор – choice;

қалау – предпочтение – preference.

Ресурстар:

Үш арал орналасқан теңіз картасы, 6 желкені бар қайықтың суреті, теңіз шуы естіліп тұрған дыбыстық жазба, туған күн иелерінің санына қарай түрлі түсті телпектер, «Қызықты ойын өткіз», «Сүйікті сусын және тағам таңда», «Қызықты кітап таңда», «Тосын сый ойлап тап» деген тапсырмалар жазылған үлестірме парақшалар, ашықхат жасауға арналған заттар, асықтар, «Спорт», «Ән мен би», «Кітаптар», «Сурет» сөздері жазылған түрлі түсті тақтайшалар. Интернет ресурстар http://education4children.ru


Сабақтың мақсаты:

1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушыларды жан-жақты дамыту шарттарының бірі оларды әр алуан қызмет түрлеріне тарту болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін мұғалім өз оқушыларының қызығушылығы мен сүйікті ісі туралы білуі тиіс. Бұл сыныпта қолайлы жағдай туғызуға көмектеседі. Әр адамның қалауы және сүйікті ісі – әртүрлі. Өз сүйікті және әуес ісі бар адамдармен араласқан қызықты. Оқушының алдымен мұғалімнің басшылығымен, содан кейін өз бетінше өз қажеттілігін анықтауға үйреніп, дұрыс таңдау жасай алуы маңызды. Оған өз сүйікті ісін таңдауға көмектесуге болады. Ол үшін қызықты адамдар, олардың сүйікті істері туралы әңгімелеу, қызығушылығы бойынша үйірмелерге немесе секцияларға жазу, құрастырғыштарды қуыршақ театрын қолдана отырып, оқушыны шығармашылық жұмысқа бейімдеу қажет. Сүйікті іске айналуы мүмкін заттарды сыйлыққа беруге болады. Мысалы: фотоаппарат, микроскоп, аквариум. Оқушыға қызықтыратын іс таңдауға көмектесу және оның сүйікті ісін қолдау баланың өмірде өз орнын табуға және өзіне деген сенімін көмектеседі.



Сенің сүйікті ісің қандай? Әңгіме құрастыр.



Әрқайсымыздың өз сүйікті ісіміз бар. Олар бізге қуаныш сыйлайды. Олардың біреуі біздің күшті, епті болуымызға көмектеседі. Басқалары жаңа, қызықты іспен таныстырады.







[pic]



2-жұмыс парағы

Мен .......... жақсы көремін

Өзің ұнататын заттың суретін сал.


Сабақты «сүйікті істер теңізіне» саяхат түрінде өткізуге болады. Оқушылар бір аралдан екінші аралға саяхат жасайды. Тақтаға үш арал орналасқан және желкенді қайықтың суреті бар теңіз картасы ілінеді. Бұл аралдар «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деп аталады. Сабақтың соңында оқушылар өздері қалаған аралды таңдауы тиіс.


Сабақты оқушылардың портреттері ілінген галереядан бастауға болады. Содан кейін оларға алған өз әсерлерімен бөлісіп, тұжырым жасауға ұсыныс беріңіз.


Жауабы: Әрқайсымыз әртүрліміз.


Оқушылардың жауаптарын толықтырыңыз. Бізге бірге жүрген көңілді, себебі әрқайсының өз сүйікті ісі бар екенін айтыңыз.


Сүйікті істер теңізі – 1-бөлім. Оқушыларға бұл сабақта бір-бірі туралы маңызды мәліметтер біле түсетіндерін, «Сүйікті істер теңізіне» саяхатқа шығатынын айтыңыз. Содан кейін «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деген аралдардың суреттері салынған теңіз картасын көрсетіңіз. Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетсін. Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдатыңыз. Картаның жанына барып, оқушылардан көздерін ашуын сұраңыз. Кеменің бірінші бағыты «Сүйікті істер» аралы екенін айтыңыз.


Менің сүйікті істерім. Оқушылар оқулықтың 8-бетін ашып, тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы жұпта орындасын. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз.


Оқушылардың эмоциялық қалауына қызығушылық танытыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтасын. Екі жұпты бір топқа біріктіріңіз. Оларға бір-бірінің суреттерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды.

Жауабы: Алма мен Ғалия балмұздақты жақсы көреді, Әмір футболмен әуестенеді және т.б.


Сыныппен кері байланыс жасау үшін маркерлі тақтада идеялар тізімін жасаңыз. Жазбаларды тармақтарға назар аударып, анық құрылымдап орналастырыңыз. Мысалы:


Сүйікті ойындар – тығылмақ, шахмат, фант

(жеребе бойынша ойналатын ойын) Барлығын шеңберге шақырыңыз. Әр оқушы өз сүйікті ісін 1-2 сөзбен жеткізсін. Өз сүйікті ісіңіз туралы да айта кетіңіз.


Сүйікті істер теңізі – 2-бөлім. Саяхатты жалғастырыңыз. Кеме «Ойындар» аралына тез жүзіп жеткенін хабарлаңыз. Ойынды жақсы көретін оқушылар қолдарын көтерсін. Олардың жақсы көретін ойыны туралы сұраңыз.


Кел, ойнайық. Оқулықтағы «Кел, ойнайық» тапсырмасындағы суреттерді қарауға ұсыныңыз және оны орындау барысын ұйымдастырыңыз. 1-2 оқушыны тыңдаңыз. Оқушылар өздері қай жерде ойнайтынын айтсын.


Анықта. Оқушыларға бір-бірінің сүйікті ісін анықтауға тапсырма беріңіз. Бұл бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі. Оларға қызығушылығы бойынша сынып қабырғасында ілінген бір тақташаның жанына баруын сұраңыз.


Сен білесің бе? Оқушыларға «Сен білесің бе?» айдары бойынша мәлімет беріңіз. Кімде ойыншық аю бар екенін сұраңыз. Оқушылар әкелген ойыншықтарын көрсетсін. Оларды кеменің жанына сөреге қойып қойсын. Ойыншықтарды саяхатқа

бірге алып шығуды ұсыныңыз.


Ойындар. Оқушылардан топ болып ойнауға болатын ойынды атауын сұраңыз.


Сүйікті істер теңізі – 3-бөлім. Сабақты жалғастырыңыз. Бұл бөлімде өте жарқын және қызықты «Мереке аралына» жақындағанын айтыңыз. Сабақта ойындар өткізуді ұсыныңыз.


Көрініс қой. Алдын ала құрылған топтармен рөлдік ойындар ұйымдастырыңыз. Оқушылар көздерін жұмып, ең қызықты мерекені естеріне түсірсін, ал сіз бұл уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстар мен нұсқаулықтар көрсетілген үлестірме парақшаларды таратыңыз (ресурстар тізімін қараңыз). Жауаптарын тыңдаңыз және ең сүйікті «Туған күн» мерекесін көрсетуді ұсыныңыз. Мерекеге ұсыныстар дайындау үшін 1-2 минут беріңіз. Топтар өз идеяларын көрсеткеннен кейін оларға туған күн иесімен бірге билеуді ұсыныңыз. Бұл оларға қуанышты көңіл-күй сыйлайды.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Сүйікті істер теңізі – қорытынды. Сабақ соңында «сүйікті істер теңізіне» саяхаттың аяқталғанын, бірақ теңізшілеріміздің мектепте өз сүйікті істерін жалғастыратынын хабарлаңыз. Оқушылардан сабақта нені үйренгенін сұраңыз. Олар қандай аралда болғандарын, қандай жаңа арал ашқысы келетінін айтсын.


Тірек сөздерді қайталау мақсатында «Сөздерді құрастыр» тапсырмасын ұсынуға болады. Сабаққа дейін түстері әртүрлі екі желкенге бір тілде екі тірек сөз жазыңыз. Әр топ кемеге түсіне қарай үш тілде сөздер жазылған желкен түріндегі үлестірме парақшаларды бекітеді. Барлық оқушылар сөздерді атайды.


[pic] Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


АКТ. Оқушыларға Power Point бағдарламасының көмегімен өздерінің сүйікті істері туралы таныстырылым дайындауды ұсыныңыз.




Ашықхат жасауға арналған заттарды таратыңыз. Әр оқушы ашықхатқа досының нені жақсы көретінін жазсын. Қабілеті жоғары оқушылар досына тілектер ойлап тауып, жазуына болады.


Бағалау



Оқушылар

бір-бірінің сүйікті заттары туралы;

сүйікті істің өмірді қызықты ететіні туралы білді.

Оқушылар

бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтуға;

сабақта алған ақпарат негізінде қалай таңдау жасау қажеттігін түсінуге;

өзіне және өз жетістіктеріне оң көзбен қарауға үйренді.

Бағалау үшін оқушыларға сөйлемдерді былайша аяқтауды ұсыныңыз: «Бұны мен жақсы көремін», «Бұны мен жақсы көрмеймін».

Іс-қимыл ойындарын ойнау … Цирктағы клоундар мен жолбарыстар … Қиын есептерді шешу … Ертегі тыңдау және оқу … Шуламау, аунамау …

Таңертең күнге қарап, күлімдеу …

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?