Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Бектау орта мектебі Мерзiмі: 09.12.2015ж.
Тақырып: «Сөйлесе білу де өнер».
Құндылық: Қиянат жасамау.
Қасиеттер: Әрқашанда көмектесу, бірлікте болу, сөзбен қиянат жасамау,.
Мұғалiм: Мүтән Бұлбұл Cынып 5 «А».
Оқушылар саны: 20.
Сабақ мақсаты: Жақсы сөз айтуға үйрету арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
- үлкендерге әрқашан көмектесуге үйрету;
Ресурстар
әдістемелік нұсқаулық, слайд, суреттер, музыка, ватман, түрлі-түсті қарандаштар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңi.
Амандасу. «Сәлеметсіздерме! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Отыра қойыңыздар!»
Тыныштық сәтi.
«Су астына саяхат»
(Оқушылар түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою).
Сабақ барысын талқылау:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
12-сабақ «Отбасы жарастығы» атты тақырыбында берген үй тапсырмасын сұрап, тексеру.
Оқушылар өз қалаулары бойынша үй тапсырмасын жұмыс дәптерінен оқиды.
ІІІ. Дәйексөз.
«Жаман сөз —жанға кірген тікен,
Жақсы сөз —таптырмайтын ем».
Халық мақалы
Талдау сұрағы:
-Неліктен жаман сөзді тікенге, жақсы сөзді емге теңейді?
ІV. Әңгімелеу.
«Не айтатыныңды ойлап ал». (аңыз әңгіме)
Күндердің бір күнінде байлыққа масаттанған бір әйел данышпаннан ақыл сұрайды.
-Ата, менің де сіз сияқты данышпан атанғым келеді. Бірақ менің бір кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?
-Жақсы, - деп жауап береді ақсақал. – Базарға барып, тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып, жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел.
Әйел данышпанның сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қатты қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.
Ертеңгі күні тағы келеді.
-Өте жақсы. Бірінші тапсырмамды орындадың. Енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарда түгел жинап ал, - дейді данышпан.
-Ол мүмкін емес қой, ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап алам?
Талданатын сұрақтар:
Әйел не себепті данышпанға барды?
Қауырсынды данышпан немен теңестіріп айтты деп ойлайсыңдар?
Данышпан әйелге қандай тәлім берді?
Тілге қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?
Адамның қарым-қатына мәдениеттілігі неден басталу керек?
V. Мұғалім сыйы «Сәлем - сөздің анасы» бейнеролик.
1. «Сәлем - сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Амандықтың көптігі бола ма?
Дәйексөз слайдтан шығады. Мақалды хормен қайталау. Дәптерге жазып алу, талдау.
Оқушылар мұқият тыңдайды. Сұрақтар арқылы талданады.
VI.Шығармашылық, топтық жұмыс
І. топ тапсырмасы:
«Екі достың кездесуі».
ІІ. топ тапсырмасы:
«Қарт адамдармен амандасу».
ІІІ. топ тапсырмасы:
Асханадағы кезекте тұрған үш бала әр түрлі сылтау айтып кезектен өтіп кетті. Осы жерде сенің де жалған айтып өтіп кетуіңе болады. Сіздің әрекетіңіз?
ІV. топ тапсырмасы:
«Телефонмен сөйлесу әдебі» диалог құру. (үлкендермен, достарымен)
V. Дүкенде минимаркетте кезекте адамдар тұр. Бір кезде бір ана: «Мен кезексіз алып кетсем бола ма? Үйде кішкентай нәрестем бар еді» - деді. Сіздің әрекетіңіз?
VII.Мен, мен және менің досым» ойыны
Ойынның шарты: қойылған сұрақтарға оқушылар келіссе, «Мен, мен және менің досым» деп жауап береді. Келіспесе үндемей қалады.
Кім әр уақытта сыпайы сөйлейді ?
Әрдайым шының кім айтады?
Дөрекі сөйлейтін кім?
Сөзінде тұратын кім?
Өтірік айтатын кім?
Әрдайым үлкендерді кім сыйлайды?
Дайындыққа 5 мин. беріледі.
1 топ ережелерді оқиды.
2 топ сахналайды.
3 топ жазғандарын оқиды.
4 топ жауаптарын қорғайды.
Мұғалім сұрақтарды жылдам қойып отырады.
VІІІ. Үй тапсырмасы.
Дәптерлеріне сөйлесу әдептері туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазып келу тапсырылады.
ІХ. Топпен ән айту.
«Достар әні»
Сөзі: Ф. Оңғарсынова
Әні: А. Айжігіт
1.Ақ қарамыз, сарымыз.
Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық кәне біз.
Жүзімізге қараңыз,
Бал бұл жанған баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат Анамыз.
2.Күннің нұрын сүйеміз,
Қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер,
Күлдіргенің сүйеміз.
Балдырғанбыз арай жүз
Бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде,
Көр болғаның қалаймыз.
3.Таласпаймыз біз бірақ,
Отырмаймыз тұнжырап.
Қуысамыз көгалда,
Жүгіреміз құлдырап.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Барлығы қосылып бірге айтады.
Х.Соңғы тыныштық сәтi.
Мұғалімнің сөзі: - «Көздеріңді жұмып, ыңғайланып отырыңдар. Бүгінгі өткен сабағымызды ой елегінен өткізіңіздер.»
Мен сіздерге ризамын! Сабаққа жақсы қатысқандарына рахмет!
Баяу әуен ойнап тұрады.