Поурочный план урока по самопознанию 6 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



[pic] Атырау облысы,Индер ауданы,

М.Әуезов атындағы орта мектеп

Тақырып:Мөлдір бұлақ жасыл құрақ

Құндылық : дұрыс іс - әрекет Қасиеттер: қамқорлық, аялау,жанашырлық

Мұғалiм:Смаилова Гульнар Койбагаровна Сынып: 6 «б» Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты:

Табиғаттың адам өміріне маңыздылығын дұрыс әрекетке бағыттау;

Міндеттері
-оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
-оқушылардың табиғатты сақтау,аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
-табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
«Су асты патшалығына ойша саяхат». . Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады. 
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. 
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу). 


Сабақ барысын талқылау:



2.Үй тапсырмасы

21 сабақтағы А.Сейдімбектің әңгімесін оқып келу.

  • Табиғат неліктен әрі мейірімді,әрі қатал ?

  • Табиғат аясында тәртіп пен тазалықты сақтау неліктен қажет деп ойлайсыңдар ?

  • Адамның табиғат алдындағы парызы неде ?


 

  1. 3.Дәйексөз.

Таза болса табиғат
Аман болар адамзат

Фариза Оңғарсыныова

Дәйексөздің мағынасын ашу. Жаңа тақырып түсіндіру.

4.Мұғалім сыйы .Аңыз әңгіме: Үзілген гүл

   Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әнгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып үй сыртындағы қыратқа шығып кетті.

    Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрді де, жанына келді.

    -Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді қырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты:

« Табиғатты қорғау керек» деп...

    -Сен оларды қорғаудын орнына, өсіп тұрған орнынан үзіп әкелдің ғой.

    - Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап қалатыны содан...

Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып:

    -Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. -Табиғатта не нәрсе болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шыңар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.

     Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашын сипап:

     -Бұларды енді орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, - деді.

     Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.

 














-Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеп үйінің маңына отырғызды?

-Анасы оған қандай кеңес берді?

- Табиғатқа өз қарым қатынасыңды қалай білдіресіңдер?

-Табиғаттың  адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өзің табиғатқа кандай қамқорлық жасадың?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

  • «Табиғат аясында өзіңді ұстай білу» жобасын жасап, жария етіңдер.

  • Табиғатқа, туған жерге өлең шығару

Бұл жұмыста оқушылар ұжымдық,топтық әрекетке түседі, өзара сыйластықтары нығаяды.

  1. 6.Топпен ән айту.

«Өз елім»


  1. 7.Үйге тапсырма. 22-сабақтағы «Денсаулықтың он құпиясы» оқып келу.


  1. 8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!

релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс. Сабақ осылай қорытындалады.