Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлерін қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік- оқушылардың жай сөйлем туралы білімдерін кеңейту, жай сөйлем түрлерін ажырата білуге, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйрету.
Дамытушылық- жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, ой- өрісін, тіл байлығын молайту, шығармашылыққа баулу, белсенділіктерін арттыру, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік- оқушыларды еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, сауатты, таза жазуға, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест, талдау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың сабаққа назарын аудару. Сабақ бастауға жағдай жасау. Сыныпты үш топқа бөлеміз.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Оқшау сөздер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатындағы сұрақтар;
Тұрлаулы мүшелерді айтыңыз?
Бастауыш деп неге айтылады?
Баяндауыш деп неге айтылады?
Тұрлаусыз мүшелерді айтыңыз?
Анықтауыш деп неге айтылады?
Толықтауыш деп неге айтылады?
Пысықтауыш деп неге айтылады?
Оқшау сөздер дегеніміз не?Оқшау сөздердің қандай түрлері бар?
Қыстырма сөздер деп неге айтылады?
Қаратпа сөздер деп неге айтылады?
Одағай сөздер деп неге айтылады?
Үй тапсырамын сұрау, бағалау, пысықтау,қорыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жақты сөйлем
2.
Жақсыз сөйлем
Бастауышы бар сөйлем.
Бастауыш мүлдем жоқ сөйлем.
1.Мен ауылға бардым. Кітап – білім бұлағы. Екі жердегі екі – төрт. Оның айтайын дегені – осы.
Менің оқығым келеді. Оны сенің оқуыңа болады. Оны айтуыдң не қажеті бар. Оған хабар беру керек. Басымның ауырып тұрғаны. Оның айтқандарын түсініп болмайды. Ағашты былай жарар болар. Енді бізге оқымасқа болмайды.
2.Бастауыш кейде айтылмайды. Бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады.
Ертең мұнда кел. (Сен ертең мұнда кел)
3.
Жалаң сөйлем
4.
Жайылма сөйлем
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
Ол келді. Жаңбыр жауып тұр.
Бала-шағасы келіп кетті. Той думан болып тұрады.
Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр. Оның бала-шағасы қалаға келіп кетті. Той-думанды қызықты өткізді. Менің қаламымды алып қойыпты.
5.
Толымды сөйлем
6.
Толымсыз сөйлем
7.
Атаулы сөйлем
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
Айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады. Биылғы бітіруші түлектер өздерінің арттарына ұмытылмастай із қалдырды.
-Балам, қайдан келдің?
-Астанадан
Толымды түрі:
-Балам, (сен) қайдан келдің?
-(Мен) Астанадан (келдім).
Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
IV. Кітаппен жұмыс.
Жаттығу орындау.
І. Топ. 87 – жаттығу.Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына және құрылысына қарай талдау. 90 – жаттығу. Ауызша орындау.
ІІ. Топ. 88 – жаттығу.Әңгімедегі жай сөйлемнің түрлерін талдау. 91 – жаттығу. Ауызша орындау.
ІІІ. Топ. 89 – жаттығу.Жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлемнің түрлерімен жазып шығыңдар. 92 – жаттығу. Ауызша орындау.
V. Шығармашылықпен жұмыс.
«Менің сыныбым» тақырыбына сызбадағы үлгі бойынша шағын мәтін құрастыру.
«Менің мектебім» тақырыбына сызбадағы үлгі бойынша шағын мәтін құрастыру.
«Менің достарым» тақырыбына сызбадағы үлгі бойынша шағын мәтін құрастыру.
VI. Сәйкестендіру тесті
І. Топ.
1. Атаулы сөйлем. Жауын жауып тұр.
2.Жалаң сөйлем. — Анау Ақбоз сенікі ме?
3.Жайылма сөйлем. Түн. Күз. Жайлау.
4.Жақсы сөйлем. Бұл өмірден жылап кеткім келмейді!
5.Жақсыз сөйлем. Егіншілер егін басында жүр.
6.Толымды сөйлем. Жұмысшыларға келуге болмайды.
7.Толымсыз сөйлем. Партизандар ұйықтап кетті.
ІІ. Топ.
1. Атаулы сөйлем. Қоңырау соғылды.
2.Жалаң сөйлем. Шәкен жиналыста үндемеді.
3.Жайылма сөйлем. - Асау ма өзі?
4.Жақсы сөйлем. Жаз. Қос басы.
5.Жақсыз сөйлем. Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ.
6.Толымды сөйлем. - Күтіп алды олар бізді.
7.Толымсыз сөйлем. Абайды халық құрметтеп еске алады.
ІІІ. Топ.
1. Атаулы сөйлем. Сабақ басталды.
2.Жалаң сөйлем. Біздің құпия әңгімеміз бар.
3.Жайылма сөйлем. — Жүген-құрық тимеген.
4.Жақсы сөйлем. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
5.Жақсыз сөйлем. Таспен ұрғанды аспен ұр.
6.Толымды сөйлем. Күз. Егін. Дала.
7.Толымсыз сөйлем. Домбыра тартты.
VII. Қорытынды. Семантикалық кесте арқылы қорыту.
І. Топ.
ІІ. Топ.
ІІІ. Топ. VIII. Үйге тапсырма.
Тапсырмалар. Пысықтау сұрақтары. Қайталау.
Оқушыларды бағалау.