План-конспект урока по казахскому языку Аққуды атпаңдар!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...

Пән: Қазақ тілі

Күні: 21.12.2015 ж.

Мұғалім: Абжанова А.Н.

Сынып: 6 «Г»,«Д»

Сабақтың тақырыбы: Аққуды атпаңдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды тақырып төңрегінде әңгімелей білуге, сөз тіркестер, сөйлемдерді құрастырып, сауатты жазуға үйрету;

Дамытушылық: тақырып арқылы оқушылырдың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ізденіспен жұмыс істеуге жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік: аққулар туралы мәтінді оқи отырып, аянышты сезімдерін ояту, табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу;

Көрнекілік: аққу туралы бейнетаспа, жаңа сөздер, мәтін, интерактивті тақта

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдісі: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, ой шақыру, ойын элементтері, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а. Сәлемдесу

ә. Сыныпты түгендеу

б. Жыл мезгілін, ауа райын, бүгінгі күнді сұрау

Үй жұмысын тексеру:

балалар, табиғат деген не?

- табиғат дегеніміз қоршаған орта.

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Табиғат екіге бөлінеді. Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа не жатады?

- жұлдыз, ауа, ай, тас, тау.
- Тірі табиғатқа не жатады?
- жануар, құстар.

Балалар құстарды баяндап, суреттерін алып келеді.

2. Жаңа сабақ

а. Кіріспе

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен диалогтік тілдесім:

- балалар, құстар қай жерде мекендейді?

-Құстар орманда, далада мекендейді.

- Құстар ұясын қай жерде жасайды?

-Құстар ұясын ағаштың басына,  шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

-Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

-Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

«Кім шапшаң» ойыны. Ойынның шарты: суреттегі құстардың қайсысы үй құсы, қайсысы дала құсы екенін жылдам айту керек.

Үй құстары: әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Дала құстары: үкі, бүркіт, аққу, торғай, көгершін, сауысқан.

Үн таспадан аққулар туралы бейнефильм көру.

- балалар, бейнефильм не туралы? Қандай құсты көріп отырсыздар? Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Аққуды атпаңдар деп аталады.

- Аққулар туралы не білесіңдер?

- Аққу киелі құс.

ә. Сабақтың барысын, мақсатын айту.

Сөздікпен жұмыс. Сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.

Қасиетті - святой

Көл – озеро

Ұсақ жәндік – мелкое насекомое

Қамыс - камыш

Ендеше, балалар, аққудың тапсырмасын көрейік:

Оқылым.

«Аққу киелі құс» мәтінімен жұмыс.

Бірінші топ: мәтінді оқып, аударады.

Екінші топ: диалог құрастырады.

Үшінші топ: мазмұнын айтады.

Аққу-киелі құс.

Аққу - қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққуды атуға болмайды. Аққу-құстың ең сұлуы. Олар айдын көлдерде әсем жүзеді. Аққулар су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұшы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады.

Сергіту сәті.

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Жазылым.

Бірінші топ: атпау етістігін ауыспалы осы шақта жіктейді.

Екінші топ: аққу деген сөзді септейді.

Үшінші топ: киелі құс деген сөз тіркесін тәуелдейді.

Тілдесім: «Ең, ең, ең...» ойыны.

1. Ең кішкентай құс( колибри – тропикалық ормандарда тіршілік етеді)
2. Ең терең жүзе алатын құс ( Император пингвині – Антарктидада өмір сүреді)
3. Ең жыртқыш тотықұс ( кеа – тропикалық ормандарда тіршілік етеді)
4. Жер бетінде ең көп таралған құстар( Тауықтар)
5. Ең тілі ұзын құс ( Тоқылдақ 15 см)
Айтылым: бірінші топ: көптік жалғауының ережесін айтады. Екінші топ: Көптік жалғауларын атайды. Үшінші топ: Көптік жалғауы жалғанған сөздерге мысал келтіреді. Мәтіннен көптік жалғауы жалғанған сөздерді табады: көлдерде, аққулар, жәндіктермен.

Сабақты бекіту. Қазақ халқы ертеден аң - құстарды киелі санаған. Сұлуды – аққуға, әншіні – бұлбұлға, ержігітті – қыранға, ез жігітті – жапалаққа тенеген. Мінеки, аққу – киелі құс, сондықтанда оны аттуға тыйым салынған.

Үй жұмысы: аққудың суретін салып келу.

Бағалау.

Сөздікпен жұмыс.