По казахскому языку на тему Тасымал (5класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Тасымал»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың буын түрлері туралы алған білімдерін бекіту, тасымал туралы түсінік беру.

2. Фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерлерін , ойлау қабілеттерін , белсенділік, қызығушылықтарын дамыту.

3. Ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тест, деңгейлік тапсырмалар, терме диктант, метаграмммалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Буын дегеніміз не?

Буын неше түрге бөлінеді?

Әр түріне тоқтал.

«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын » ойынын ойнату.

Берілген буындардан сөздер құрау.

ІІІ Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

ІҮ Жаңа сабақ

Сөздің жолға сыймаймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады. Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады: са-бақ, мек-теп, таңер-тең-гі. Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауыстыдан басталады: жу-ын, қи-ыр, ти-ын, бу-ын,

жи-ын.

Тасымалдауға болмайтын сөздер:

  1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы: от, кел, ет, қарт.

  2. Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды. Сондай-ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и, а, я, ю әріптерін тасымалдауға болмайды.

  3. А.Құнанбаев деген қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды.

  4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, мм, см) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды: 10 кг, 10л.

  5. Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. АҚШ, ТМД,ҚазҰУ.

Жаттығумен жұмыс

311-жаттығу. Сөздерді әуелі буынға бөліп және жолға тасымалдап жазыңдар.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Оқушыларға өз деңгейлеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды тарату.

Терме диктант. Берілген сөздерден тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазу. Балалы, жаңбыр, кірпі, сия, АҚШ,ата, көке, ар, 25см, қалам, сандар, 5кг, Ә.Жұмабаев, ата, аю, сөз, ойыншық.

Тестпен жұмыс

Оқушыларға тест тапсырмаларын таратып беріп, белгілету.

«Адасқан әріптерді орнына қой» ойынын ойнату.

М,д,и,н,т,е,і,т,ә.е.

О,д,т,р,а,с,м,ы.

М,ғ,л,ұ,м,а,і.

Ү Жаңа сабақты бекіту

Метаграммаларды құрастыру.

Егер т-дан бастасаң,

Мал ішінде ірісі.

Егер к-ден бастасаң,

Дүниенің кірлісі.

ҮІ Сабақты қорытындылау

Не өттік? Не білдік?

ҮІІ Үйге тапсырма беру. Ереже жаттау

ҮІІІ Бағалау