Сабақ жоспары Дос. Сын есім

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданы

Ақсай қаласының жалпы білім беретін №2 орта мектебі

















Менің досым

Сын есім

(Сабақ жоспары)













қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Киреева Айгуль Сериковна









2016-2017 оқу жылы



6 «б»

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі: Киреева Айгуль Сериковна

Сабақтың тақырыбы

Менің досым. Сын есім

Мақсаты

Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға,Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сын есім туралы түсінік беру. Үштілділікті қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • досы туралы айтады;

  • досының сырт келбеті мен мінезіне сипаттама береді;

  • өз еліне деген сүйіспеншілігі артады;

  • сын есімді меңгереді.

  • Үш тілде емін – еркін сөйлеуге дағдыланады.

Керекті жабдықтар

презентация, постер, түрлі-түсті стикерлер, маркерлер

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Бағалау

Психологиялық дайындық

3 мин

«Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру

Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады.

қолпаштау


Топқа бөлу

2 мин

Түрлі – түсті стикерлер таратылады. Сол бойынша топтарға бөлініп отырады

Ұйымшылдық, ынтымақтастық.

қолпаштау

Кіріспе

7 мин

«Ғажайып сөздер» мақал – мәтелдерді оқи отырып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды.

1.Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.

2.Жақсы адам жолдасынан белгілі.

3.Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,

Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.

4.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Оқушылар бар назарын сабаққа аударады.

қолдау

Негізгі бөлім 20 мин







Топтық жұмыс

1-топ –Дос

2-топ –Досымның мінезі




Жазылым. Жұптық жұмыс

(диалог құрастыру)







Айтылым. Диалогта қолданған сын есімдерді тауып,сұрақ қояды,



Жазылым. Берілген сын есімдермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырып жазады.



Оқылым. Интерактивті тақтадан нағыз достың белгісі тапсырмасы беріледі.


[pic]


Айтылым. Сұрақ-жауап

-Сендер достарыңның қандай мерекелеріне барасыңдар?

-Достарыңның туған күніне қандай сыйлық жасайсыңдар?

- Қазақстан қандай мемлекет (көп ұлтты мемлекет)

- Олар бір–бірімен қалай тұрады.(тату-тәтті)

- Еліміз қандай?

- Мәңгілік Ел дегенімізді қалай түсінеміз?

- Патриот сөзін үш тілде айту.

Топ болып талқылайды, постерге жазады, бір-бірінің жазғандарына сыни қарайды. Топ болып қорғайды.


«Менің досым» тақырыбына диалог құрастырады. Топтағы оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы сөйлеседі, ойларын айтып, қорытынды жасайды.Бір-бірінің дәптерлерін тексереді.


Сын есімнің ережесін шығарады.



(адал, ізетті, мейірімді, ақылды, шыншыл, әділ), сөйлемдерді дәптеріне жазады, оқиды.




Бір оқушы тақта алдына келіп, нағыз достың белгілерін анықтайды.






Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, өз достары туралы әңгімелейді.



[pic]

мадақтау







қолпаштау









мадақтау

Қорытынды

10 мин



Тақырыпты қорытындылай келе

Тест жұмысы жүргізіледі.





Қорытынды бағаларын айту

[pic]


қорытынды






Үй жұмысы 3 мин

«Менің досым» мәтінін мазмұндау, 21 б. 1-тап.

Күнделіктеріне жазып алады.