Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 11 «б»
Сабақтың тақырыбы: «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Әсемпаз болма әрнеге».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Өлеңдердің негізгі идеясын түсіндіре отырып, ақынның өлең
мазмұнын талдау ерекшелігін ұғындыру, әдебиет теориясы бойынша өлең
құрылысына талдау.
Дамытушылық. Студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,
мәнерлеп оқу, өнер, білім туралы ойларын кеңейту.
Тәрбиелік.Өнерпаз болуға, өмірден өз орнын таба білуге, еңбек етуге, ақылды
болуға, жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге, «ақырын жүріп анық басуға»
баулу.
Көрнекілігі: Оқулық, проектор, ақынның портреті, плакаттар, ақынның
кітаптары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка, әдеп
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, назарларын
сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыпты тексеру:
«Құмырсқаның илеуі» ойыны бойынша.
1. Абай туралы не білесіз?
2. «Абай қазақтың классикалық атасы» деп баға берген қай жазушы?(Мұхтар Әуезов)
3. «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе» деп бізге жол сілтеген қай ақын? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
4. Абайдың қай өлеңінде аттың сыны сипатталған? Бір шумағын айтып беріңізші.
(«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.)
5. 31-ші қара сөзінде естіген сөзді ұмытпау үшін 4 түрлі себеп бар деп айтқан. Ол
қандай себептер? (әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол
нәрсені көргенде, я естігенде ғибрәтләну керек, көңілденіп, тұшынып,
ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып
ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық
болу керек.)
6. 31-ші қара сөзінде ой кеселдеріне нелер жатады деп айтқан?(уайымсыздық,
салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге
құмарлық пайда болу секілді)
ІІІ. Жаңа сабақ:
І. Топтау стратегиясы
Айттым сәлем, Қаламқас
Татьяна сөзі Бойы бұлғаң [pic] [pic] [pic] [pic]
Сегіз аяқ [pic] [pic] [pic]
Көзімнің қарасы
Желсіз түнде жарық ай
Ендеше, қане балалар, Абайдың өлеңінің бір шумағын орындап
жіберейікші. (Хормен)
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Абайдың әнге деген көзқарасын Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»
романынан айқын аңғаруға болады. Бірде Абай досы Ербол екеуі ауыл аралап жүріп бір шеткі қараша үйге келіп түнейді. Ұйқысынан атып тұрып Абай «Ербол деймін, Ербол, қане тұршы, мен бір әуен естідім. Бұл Тоғжанның «Топайгөгіне» ұқсайды. Сен тұр да соны біліп келші», - дейді. Ербол әуен шығып жатқан көрші үйге барып біліп, Абайға келіп «Жоқ, Абай, бұл әнді айтып жатқан Тоғжан емес. Мүлде басқа ару», - деп жатқанда, есіктен бір топ қыз-келіншектер кіріп келеді. Бұл әнді айтып келе жатқан ару Шүкіман болатын. Абай Шүкіманның ән салғанына, оның керемет дауысына таңданып, сол сәтте кетіп бара жатып «Ай, керім десе, өзі бір керім екен», - деп таңданып кеткен екен. Кейін сол Айкерімді өзінің жары етіп алып, келін қылып түсіреді. Ал сол кездегі қазақтың салты бойынша жас келінге ән айттыру былай тұрсын, тіпті әннің сөзін де тыңдатпаған. Ал Абайдың әнге деген көзқарасының ерекше болғандығы соншалық, жары Айкерімге ән айтуға рұқсат береді. Соны үйде жатып ұйып тыңдаған. Тіпті Айкерім ән айтқанда, анау қорада сиыр сауып жатқан сексендегі Иіс кемпірдің өзі шелегін, сиырын тастай салып, ақсаңдап, бүкшеңдеп келіп есіктен тыңдаған екен. Міне, Абайдың әнге деген көзқарасы осылай қалыптасқан екен. Ал ендеше осындай бір керемет сезімде жүргенде жазған өлеңі «Құлақтан кіріп бойды алар» екен. Ендеше, оқулыққа назар аударайық.
Қане мәнерлеп оқып жіберейікші. «Құлақтан кіріп бойды алар».
Ақын ән мен күйден алған әсерді қалай суреттейді?
(Ақын егер жақсы ән мен тәтті күйді тыңдасаңыз бүкіл тұла бойыңызды елітіп, көңіліңізге түрлі ойлар салып, барлық қайғы-қасіреттің бәрін ұмыттырып, ерекше бір күйге бөлейді деп суреттеген.)
Дәл осы сәтте көз алдарыңызға қандай бейнелер келді? Не елестеп кетті?
(«Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға», - деген жолдарды оқығанда дәл осы сәтте сол кездегі ел билеген басшылардың, болыс-сұлтандардың, байлардың халыққа жасаған зорлық-зомбылық, қиянат істері сияқты жағымсыз бейнелер көз алдымызға келді.)
Ал енді келесі Абайдың сіздерге ақыл, өсиет, өнеге түрінде жазған
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіне назар аударайықшы. Мәнерлеп оқып жіберейік.
Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге шақыра отырып,
оларды қандай адамгершілік, асыл мінездерге үндейді? (Қайратты, ақылды, әділ болуға, мейірімді болуға, пайдалы іспен шұғылдануға, өзімшіл, тәккапар болмауға үйретеді)
«Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа» - дегенде, ақын нені меңзеп отыр? (Бұл жерде
ақын ақылсыз, білімсіз, қайратсыз ешқайда да бара алмайсың, білімсіз, өнерсіз күнің жоқ дегенді меңзеп отыр.)
Мына сөздердің синонимін табайықшы.
Пайда
Олжа, байлық
Мақтан
Атақ, даңқ
Мінін ұрлап
Кемшілігін жасыру
жасыру
Ішінде сақтау, сыр сақтау
Өлең құрылысына талдау.
– Шумақ деген не? Ұйқас деген не? Ұйқастың қандай түрлері бар?
Ендеше мына бір өлең шумақтарын талдап жіберейікші.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға,
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Пікірсайыс «Абай әні және бүгінгі ән» (4-5 сөйлеммен)
Жаңа сабақты бекіту:
«Абай туралы не білдім?» Әрбір оқушы бір-бір сөзбен өз ойын айтады.
Қорытынды.
Ендеше бүгінгі ашық сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
мына бір әдемі өлең шумағымен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге!
Сау болыңыздар!
Үйге тапсырма: 2 өлеңді жаттау. Өлеңнен көркемдегіш тәсілдерді табу.
Бағалау.