Открытый урок по казахскому языку на тему Сайыс сабақ (6 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


(1 слайд)

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру. Қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, қазақ тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.



(2 слайд)

Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.(3слайд)



(4 слайд)



1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)

2. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)

3. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: мақал,

жұмбақ, жаңылтпаш)

4. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап)

5. Кім жүйрік? (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау)

6. Кім жылдам? (бөліктерден өлең құрастыру )

7.Капитандар сайысы (бір әріптен басталатын сөздер айту)





І кезең. Таныстыру (5слайд)


ІІ кезең. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау) (6 слайд)









1. дүкенде шешем сатады көкөністер менің(7слайд)


Менің шешем дүкенде көкөністер сатады.

(8 слайд)


2. қасында бар үйдің дәріхана үлкен(9 слайд)


Үйдің қасында үлкен дәріхана бар. (10 слайд)




  1. сегізде келеді мектепке сағат Данияр( 11 слайд)


Данияр мектепке сағат сегізде келеді.(12 слайд)



4.мемлекет,тәуелсіз,Қазақстан,көпұлтты.(13 слайд)


Қазақстан- көпұлтты тәуелсіз мемлекет.(14 слайд)

8 ,10, 12, 14 слайды должны слова вылетать эффект такой)


(15 слайд)

III кезең. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: мақал, жұмбақ, жаңылтпаштар)




(16 слайд)

IV кезең. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап) 5 ұпаймен бағаланады. Жылдам, толық жауап берулері керек. Әр ойыншының қолыңда 1 – 10 нөмірленген карточка. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді.

Сұрақтар:

1) Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған жыл (1991 ж.)

2) Тіл туралы заң қашан шықты? (1989 ж.)

3) Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)

5) Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

6) «Наурыз» сөзі қай тілден шыққан? (парсы)

7) Ұлттық музыкалық аспап (домбыра)

8) Республиканың рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

9) Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

10) Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

11) Абайдың шың аты (Ибраһим)

12) Мемлекеттік туда белгіленген құс (бүркіт, қыран)

13) Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)

14) Қобызда ойнаған күйші (Қорқыт)

15) «Кел, балалар, оқылық...» кімнің өлеңі?



(17 слайд)

V кезең. Кім жүйрік? (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау)

Жарқанат


Слайд 18

VI кезең. Кім жылдам? (бөліктерден өлең құрастыру )

(19 слайд)

Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін,

Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер- жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.





(20 слайд)

VII. Капитандар сайысы (бір әріптен басталатын сөздер айту)









(21 слайд)

Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!