Мәңгілік ел - Қазақстан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мәңгілік ел –Қазақстан

Мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың Отанымыз Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту,ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу,Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру. ояту.Елін,жерін,тарихын,тілін құрметтейтін патриоттық сезімдерін ояту,жаны таза,адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға ,ойын толық

жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік : Өз елін қорғауға,жерін, тарихын білуге, құрметтеуге

тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Интербелсенді тақта,көрме ,суреттер, ҚР рәміздері буклеті т.б.

Слайд.А-3 форматы,түрлі –түсті қарындаш,кеспе қағаздар.

Өткізу әдісі : Топтық жұмыс 1.Сұрақ –жауап. 2. Бес саусақ әдісі.3.Ой толғау.

Барысы :

I . Ұйымдастыру.

(Оқушыларды төрт топқа бөлу)

II . Топпен жұмыс

III. Қорытынды.

Кітапханашы :Құрметті ұстаздар.оқушылар !Тәуелсіздік күніне орай «Мәңгілік ел –Қазақстан» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Атыңнан айналайын Егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерекең құтты болсын ,Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

-деп Тәуелсіздік алған 25 жылдағы жетістіктеріміз бен маңызды оқиғалармызды таныстыру үшін слайдқа назар аударайық.

Енді кезекті топпен таныстырып ,бірінші тапсырма «Сіз білесіз бе?» бойынша оқушыларға береміз.

1.Қай жылы Қазақстан Тәуелсіздігі болып жарияланды? (1991ж.16 желтоқсан)

2.Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қай жылы сайланды? (1991ж 1-желтоқсан)

3.Ұлттық валютамыз ,яғни теңгеміз қай жылы ауысты? (1993 ж.15 қараша)

4.Қай жылы мемлекетіміздің орденьдері мен медальдары дүниеге келді? (1994ж.)

5.1995 жылы 30 тамызда не қабылданды? (Конституция күні)

6.Алматыда Тәуелсіздік монументі қашан ашылды? (1996ж.16-желтоқсан)

7.Дүниежүзі Қазақстанның үшінші құрылтайы қай жылы болды ? (2005 ж. )

8.Астана қаласында САММИТ қашан өткізілді? (2010ж 2-желтоқсан)

9.2011 жылы Астана,Алматы қалаларында 30-қаңтар мен 7 –ақпан аралығында не өтті? ( VII-Қысқы Азияда ойындары өтті)

10.2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап не күні болып бекіді? ( «Тұңғыш Президент » күні )

11.2015 жылындағы үлкен қандай мерекелерді білесіңдер? (Қазақ хандығына 550 жыл,Ұлы Жеңіске -70 жыл Қазақстан Халық Ассамблеясына -20 жыл,Қр Конституциясына -20 жыл )

12.2016 жылы қандай үлкен мерекені білеміз? (Қазақстан Елінің Тәуелсіздігіне-25 жыл Өзіміздің Туған жеріміздің Форт-Шевченко қаласына -170 жыл )

Кітапханашы :Тәуелсізбін.

Тәуелсізбін ,айтудан жалықпаймын.

Шаттанамын,шарықтап аспандаймын.

Қол жетпестей арманға шындық жетіп,

Баспалдақтың 25-ін басқандаймын.

Тәуелсізбін Көк Туым желбіреген.

Қыран құспен сан жүрек елжіреген,

Гимнім,Елтаңбам ол қайрат күшім,

Күдікті орнықтырар селдіреген.

Тәуелсізбін,кең дала,орманым бар,

Ұйқым тыныш,әскерім –қорғаным бар,

Жаттарға жалбарынып бас ұрмайсың

Уа,халқым енді қандай арманың бар?!

-дей отырып ендігі екінші турымызға кезек берейік.

ІІ кезекті «Бес саусақ» әдісімен Қай жылы? Не үшін? Не себепті? Неге? Не мақсатпен ? Сұрақтары бойынша әрбір топ осы бүгінгі тақырыбымыздан бір сөз таңдайды да сол сөзді бес саусақ әдісі бойынша сұрақтарға өз ойларынан жауап беріп талдайды

Сергіту сәті :

Кітапханашы : Жаса,Тәуелсіз Қазақстан! Сен бағындыратын абыройлы белестер әлі де жарқынболашақтың еншісінде. «Қазақстан-2050» стратегиясымен ұштасып, «Азия барысымен» байланысып жатыр.Жоспарымыз айқын,бағытымыз анық.Батыр бабаларымыз аманаттап кеткен азаттық,Тәуелсіздік бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгілік жатталып,санасында қастерлі ұғым ретінде сақталуы тиіс.

Ендігі кезекті ІІІ-тапсырмамызбен таныстырайық.

3-тапсырма

G-мақсаты

R-қазіргі жағдайды сипаттауы

O-қолдағы мүмкіндіктер

W-әрекеттер (не істеу керек)

F- факт

І-идея

L-зерттеу

А- Бағалау

(Қандай жұмыс ? Не үшін қажет ? Маңызды ма ? )