Аннотация
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы Арғынбай Абылайханның «Ғани тәрбиесінде өскен ғұлама» атты ғылыми жобасы жерлес әдебиеттанушы ғалым Ә.Қоңыратбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде зерделей отырып, Сыр өңірінің біртуар азаматы, Шығыстың жарық жұлдызы атанған, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың бейнесін ашу, жастарға таныта түсу.
Жұмыстың мақсаты: Ғани тәрбиесін көрген ғалым ағалар жайында сыр шерте отырып, тумысы бөлек тұлға – Ғани Мұратбаевтың жастар ұйымын құрып, оған басшылық жасаған мықты қоғам қайраткері ретіндегі ерен еңбектерін зерттеу. Жан-жақты материалдар жинақтап, ол туралы көркем шығармалармен таныса отырып, өзіндік орнын көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Ғани Мұратбаевтың қоғамдағы, жастар ұйымын басқарудағы атқарған еңбектері танылып, оның жас ұрпақ алдындағы орасан зор істері өз дәрежесінде танытыла білсе, оның тәрбиесінен өткен азаматтардан қоғамда өз орындарын тапқан мықты мамандар шыққаны көрсетілсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухына деген, олардың атқарған істеріне деген құрметтері артып, елін, ата-бабаларын қадір тұтар жас ұрпақ тәрбиелер едік.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Ғ.Мұратбаевтың өнегелі өмірін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өлкетану пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
- Ғ.Мұратбаевтың өнегелі өмір жолы кеңінен көрсетілді;
- Абзал ағаның жастар ұйымын басқарудағы еңбектері, елдің бірлігін, беріктігін нығайтудағы еңбектері жан-жақты сараланып, талданды;
- Ғ.Мұратбаевтың жеке бас ерекшеліктері, өзіндік қасиеттері ашылды.
Жұмыстың орындалу әдістері. Ғ.Мұратбаев өмірімен танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, тарихи деректер жинау, көркем шығармалармен танысу.
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта
мектебінің 7 «А» сынып оқушысы
Арғынбай Абылайханның
«Ғани тәрбиесінде өскен ғұлама»
атты ғылыми жұмысына
Пікір
Оқушы Арғынбай Абылайханның «Ғани тәрбиесінде өскен ғұлама” атты ғылыми жобасы жерлес әдебиеттанушы ғалым Ә.Қоңыратбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде зерделей отырып, Сыр өңірінің біртуар азаматы, Шығыстың жарық жұлдызы атанған, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың бейнесін ашу, жастарға таныта түсу.
Зерттеу жұмысында Ғ.Мұратбаевтың Шығыс жастары ұйымын құрып, оған басшылық жасаудағы және жетім-жесірлерге қамқорлық жасаудағы еңбектері көрсетілген. Оның өнегелі тәрбиесінен өткен қазақтың біртуар азаматтарының бірі Ә.Қоңыратбаевтың Ғани жайлы естеліктеріне талдау жасалынған.
Ғанидың көпшіл тұлғасы бәріне ұмытылмас үлгі, өнегелі өмір жолы кеңінен ашылып, ақылды, табанды, іскер, әділ де шешен, қайратты да қажырлы азаматтық бейнесі ашыла түскен. Комсомол ұйымының жұмысын жоғары дәрежеге көтерген Ғ.Мұратбаев өмірінде кешегі ғана емес, бүгінгі жастарға үлгі боларлық өнеге де жетерлік. Ол комсомол қызметкерлерінің үнемі халықпен бірге болуын талап етіп, оны жастардың ең қасиетті борышы санаған. Ғанидың халқымыздың рухани-мәдени байлығын арттыруға да көп мән беріп, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға атсалысқан, сондай-ақ өзінің ән салып, өлең жазатын қырлары да зерттеу нысанына тыс қалмаған.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жазылған. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы қазақ
орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі: ССССС
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тұғыры биік тұлға
2.2. Ғани тәрбиесінде
2.3. Ғанидың кейбір қырлары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ҰСЫНЫС
Ү. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Өткен ғасыр басындағы дүрбелең кезең – Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқының тағдыры қыл ұшында тұрды. Кеңестік одақтың шылауына байланған ұлттың болашағы туралы болжам жасаудың өзі қиын еді. Өйткені одан кейін Ұлы Отан соғысына дейінгі бірінен соң бірі келген ұжымдастыру, байларды қудалау, аштық, репрессия сықылды жиырма жылға созылған зұлматты жылдар мен зобалаң уақыт тұтастай ұлтты титықтатып бітірді. Сол ауыр шақтың басы Ұлы Қазан төңкерісінен басталған еді.
«Күн көсем» орнатқан заманда қазақтың басына үйірілген бұлтты сейілтуге бар күш-жігерін жұмсаған, ұлтын сүйген арда туған азаматтар болды. Солардың бірі – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдасты-рушылардың біріне айналған Ғани Мұратбаев еді.
Тағдыр-талайына бар-жоғы 23 жас жазылған Ғанидың жастық жігеріне ол кезде тең келер ешкім бола қойған жоқ еді. Қазалыдағы қазіргі №16 мектепті бітіргеннен соң бар уақытын білім алуға жұмсады. 17 жасында Коммунистік жастар ұйымына мүшелікке қабылданғаннан кейінгі өмірі комсомолға қызмет етуге арнады. Жан-жақты, сол қоғамның тынысын дөп басып сезген жас Ғани өзге қазақ балаларын оқуға тартуда, жетім балаларды интернатқа орналастырып, қанатының астына алуда аянбай еңбек етті. Қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған заманда қазақ балаларының сауаттануына ден қойғаны өз алдына енді қазақ халқының орнаған жаңа қоғамға сай көзін ашу үшін 1921 жылы 19 жасында «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, алғашқы нөмірін жарыққа шығарды.
Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенiнiң Арал теңiзiне құяр сағасына жақын Қазалы уезiнде, қазiргi өз атымен аталатын ауыл аймағында дүниеге келген. Төрт жасында әкесi Мұратбай, он төрт жасында анасы Бәтима өмiрден озды. Әке-шешеден етек-жеңiн жимай айрылса да, қайсар бала қатыгездiкке мойымай, жетiмдiктiң жетегiнде кеткен жоқ. Қазалы қаласындағы орыс-түзем (бұратана) мектебiне оқуға барды. Бұл мектепте үш жыл, содан соң бастауыш училищеде үш жыл оқып, 1917 жылы орыс революциясының өршiп тұрған кезiнде Қазалыдағы оқуды тәмамдап, бiр жылдай революциялық комитет құрамында қызмет iстедi. Он бес жастағы жасөспiрiм баланың аласапыран кезеңде мәртебелi де лауазымды ұйымның мүшелiгiне қабылдануы тегiн емес. Саяси көзқарасы мен сана-сезiмi әлi қалыптаспаған жас Ғанидың аз уақыт болса да осы ұйымға мүшелiкке кiруi оның қатарластарына қарағанда ерте есейгенiн аңғартса керек.
2. 1 Тұғыры биік тұлға
Қазақта бұрын Ғани деген есім көп болмаған сияқты. Мұратбайдың тым болмаса екі мүшел жасқа да жетпей қыршынынан қиылған қайсар ұлының құрметіне талай оғланға азан шақырып ат қойдық. Ғанидың бұл есімді иелену тарихы да қызық. Қазалыда Ғанибай Құсайынов деген ұлты татар ауқатты кісі болыпты. Кейбір зерттеушілер оны жиырмасыншы ғасырдың басында Қазанда кітап шығарып тұрған баспагер Құсайыновтың ағайыны деп те айтады. Қазалыдағы бұрын ауыл шаруашылығы техникумы орналасқан ғимарат бір кезде Ғанибайдың меншігіндегі ауланың ішінде екен. Мұратбай болыс жиі араласып тұратын татар тамырының құрметіне баласының есімін Ғанибай деп атапты. Кейін жай ғана Ғани болып кеткен. Кезінде жұртшылық жаппай оқыған Айтбай Хангелдиннің «Ғанидың жұлдызы» атты кітабында Ғанидың алғашқы аты Ғанибет еді деп көрсетіледі. Сол кездегі идеологияның бұлжымас талаптары сақталғандықтан кітаптағы Ғани бай мен Мұратбай біріне-бірі жауығады да жүреді. Дей тұрсақ та, өз дәуірінде тиісті бағасын алған Жүсіпбек Арыстанов пен Айтбай Хангелдиннің Ғани туралы көркем шығармаларын жоққа шығаруға болмас [1, 7-б.].
Ғанидың әкесінің сіңірі шыққан кедей болғаны жөніндегі «мифтің» қалай тарағаны белгілі. Кеңес өкіметінің талабы солай еді. «Жас Алаштың» өзі де 1935 жылы «Ғани жолдас – бұрынғы Қазалы уезіндегі малмен күнелткен бір шаруаның баласы» деп жазды. Ал Мұратбай – Қалыңбас болысын басқарған кісі. Оны бүкіл Қазалы жұрты жақсы біледі. Болыс баласын жасынан оқу-білімге бейімдеген. Ғани ержеткен соң әкесінің қағаздарын жазып-сызуға жәрдемдескен.
Орта Азия мен Қазақстандағы Бүкілодақтық жастар ұйымының тұңғыш ұйымдастырушысы ретінде Ғ.Мұратбаев есімі Гайцев, Құлжанов, Кулешев, Ставропольский, Тузов сияқты алғашқы комсомол қайраткерлерінің есімдерімен қатар тұрады. Бірақ Ғани жастар ұйымының ірі көлемдегі қызметкері ретінде Орта Азия мен Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағына әйгілі болды. Ол РЛКСМ-ның ІҮ, Ү, ҮІ съездеріне, КИМ-нің ІІІ конгресіне қатысты. РЛКСМ Орталық комитетінің мүшесі, Түркістан АКСР-і Орталық комсомол комитетінің бюро мүшесі, Бас секретары, Балтық флоты комсомолдарының құрметті мүшесі болды. Өмірінің соңғы жылдарында Ғ.Мұратбаев КИМ-нің атқару комитетінде шығыс бөлімін басқарды.
2. 2 Ғани тәрбиесінде
Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматтарының бірі, [link] мектептерде оқыту мәселелеріне арналған.
Әуелбек Қоңыратбаев 1905 жылы бұрынғы Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Шиелі болысына қарасты Керделі деген жерде дүниеге келген. 8 жасында әкеден жетім қалған жас Әуелбек 1913-1917 жылдар арасында ауыл молдасынан ескіше хат таниды. Ағасы Қалжан Қоңыратбаев ашқан мектепте білім алады. 1918 жылдың күзінен Ташкенттегі №5 балалар үйінде тәрбиеленеді. Жоғарғы оқу орнында оқиды. Осы оқу орындарының қабырғасында жүріп қоғамдық жұмыстарға қатыса бастайды. Редакцияда Ғани Мұратбаев, Мұхтар Әуезовтермен бірге қызмет атқара жүріп, өзінің ең алғаш әңгімелерін жариялайды.
«1918 жылдың күзі болатын. Ағамыз Қалжан тетелес інім Әлібек екеумізді Шиелідегі орыс мектебінен алып, Ташкенттегі №5 балалар үйіне тапсырды. Ұзамай біз жаңадан ашылған «Дарул мұғаллимин» училищесіне түстік. Училище Салардың шығыс бетінде, темір жол торабына жақын жердегі әскери бөлімше казармасында орналасқан болатын. Ондағы тәрбиешілеріміз – Есмақан иманов, Әбдірахман Мұңайтпасов және Ғани Мұратбаевтар болды», – деп жазады Ә.Қоңыратбаев өз естелігінде [2, 182-б.].
Ғаниға іні болған, кейін артында қалған әйелі Бақытжанға үйленген Жұмағали Елеусізов туралы деректер Әуелбек Қоңыратбаевтың естеліктерінде кездеседі.
Әуелбек Қоңыратбаев – Ғанимен бірге «Жас Алашты» шығарысқандардың бірі. Ғани оны корректор етіп тағайындаған. Сөйтіп, тоқсан жылдық тарихы бар газеттің дәстүрлі корректурасын әйгілі ғалым Әуелбектен бастауымызға толық негіз бар. Егер «Жас Алаш» пен «Жас қайраттың» алғашқы сандарынан «Ә.Қ.» деп қол қойған хабарлар мен мақалалар көрсеңіз, оның авторы «Жас Алаштың» алғашқы қызметкерлерінің бірі Әуелбек Қоңыратбаев деп біліңіз. Ә.Қоңыратбаев өз естеліктерінде жас Мұхтар Әуезовті Ташкентте Ғанимен таныстырғанын, жастар жетекшісі сондағы Халық ағарту институтының клубында Мұхтар мен Мағжанның әдебиет туралы айтысын ұйымдастырғаны туралы айтады. (Әукеңнің «Керуен» атты естеліктер кітабында Мағжанның есімі аталмай, тұспалдап қана көрсетілген). [3, 4-б.].
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы ала аласыз!