Сабақтың тақырыбы: Бүгін дүйсенбі.
Сабақтың мақсаты:1. Апта күндерін үйрету. Ү дыбысымен таныстыру және ү дыбысы бар сөздерді үйрету.
2. Оқушылардың бүгінгі және ертеңгі күнді айта алу дағдысын қалыптастыру.
3.Уақыт турады түсініктерін кеңейту.
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекілігі:демонстрациялық плакат.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
а.Амандасу
ә.Ауызекі сөйлеу
-Мынау қай сынып.
-Қазір қай сабақ ?
-Қазір қай жылдың мезгілі?
-Күз айларын кім айтады?
-Қазір қай ай?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
Фонетикалық жаттығу
Туған күн
Бір аулада ойнаймыз,
Самат,
Танат,
Шұғыла.
Туған күнді тойлаймыз,
Кезекпенен жылына.
Б. Үй тапсырмасын тексеру:
сөздерді жаттап келу, 5- тапсырма.
ІІ.Сөздікпен жұмыс:
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
а) дұрыс айтуға дағдыландыру:
-мәнерлеп оқу;
-оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды:
ІҮ.Сурет бойынша жұмыс 1- 2тапсырма тыңда, қайтала.
ҮІ.Айтылым..Оқушылардың айтылым әрекетін мәнерлеп оқу мақсатында 2– тапсырманы оқу. Толықтырып оқы
Ертең қай күн?
Бүгін дүйсенбі.
Ертең ------------
Бүгін сәрсенбі.
Ертең -----------
ҮІІ.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Бір отырып,бір тұрып,
Демімізді алайық.
ҮІІІ . Айтылым әрекетін іске асыру үшін тыңда қайтала.
Үү дыбысы және оның әрпі
Үкі түлкі үй үйрек гүл
Сөздерді тыңда қайтала.
Г---л, ---ш, т---йе, к---нделік, ---йрек, ---й.
ІХ.Жазылым
1 – тапсырма . ү дыбысының кіші әрпінің жазылуын үйрену
2 – тапсырма . сұрақтарға жазбаша жазу.
ІХ.Сабақты қорытындылау
Өткен сабақты бекіту:
а) қайталай ғой ойыны.
Х.Үйге тапсырма.сөздерді жаттап келу, 6- тапсырма.