Биология пәнімен ықпалдастырылған
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: «8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Мерзiм: 23.11.2015ж.
Тақырып: Салауатты өмір салты
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, тазалық, адамгершілік..
Мұғалім: Алиева З.К.
Сынып: 10
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері:
-оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
-оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу.;
- сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
- амандасу;
- түгендеу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-5 «Т»-ны сақтау (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық).
Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырайық.Денемізді түзу ұстайық.Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз.Қолыңызды тіземіздің үстіне немесе үстел үстіне қоюыңызды өтінемін. Көздерімізді жұмайық. Елестетіп көрейікші:
Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тірек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға барды.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздерді ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұрды бүкіл әлемге: барлық адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларғаүөсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын..Нұр менің ішімде..Мен Нұрмын».
Осындай Нұр,Махаббат,тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге апарыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Сабақ барысын талдау:
Әңгімелесу
Адам өміріне зиянды заттар мен әдеттерге нелер жатады?
Адамдар неліктен темекіге әуес болады деп ойлайсыз?
Ішімдіктің адам өміріне зияны туралы баяндап беріңіз.
Дәйексөз.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде!
Мақал
Мәтінмен жұмыс.
Ұ. Есдәулетовтың «Қара пима» поэмасынан үзінді оқу, талдау.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І топ – Сахналау ІІ топ – Постер қорғау ( зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін әсері туралы) ІІІ топ – Мақал жазу (мағынасын ашу) ІV топ – «Қара пима» поэмасына ой-толғау жазу.
Тапсырма
Төмендегі пікірлерді қарап шығып, онымен қаншалықты келісетіндіктеріңізді білдіріңіздер. Жұмыс нәтижесін сыныптастарыңызбен бірге талқылаңыздар.
- Әуесқойлықтан;
- Ертерек есейсем деген тілектен;
- «Мамасының баласы» немесе «қызы» деген сөзді естімеу үшін;
-Кино мен әдебиет қаһармандарына еліктеушіліктен;
-Бұл-жас жігіттер мен қыздардың қарым-қатынасындағы немқұрайдылық, даңғойлық көрінісі болып табылатын қазіргі заман белгісі.
Қорытынды
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.
Үй тапсырмасы.
Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізіңіз.
Соңғы тыныштық сәтi
(Баяу музыка қосылады) - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.