БИС технологиясы бойынша ашық сабақ. Б. Майлин.Түйебай

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 08.12

6- сынып

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин. Түйебай

Сабақтың мақсаты: Бейімбет Майлин өмірінен алынған деректермен танысу

1.Ел басынан өткен қиын кезең, ашаршылық туралы оқып болу.

2.Өз ойларын толық жүйелі баяндай білуін қалыптастыру

3.Қиыншылыққа, төзімділікке тәрбиелеу

Үй тапсырмасы

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

1.Б.Майлин қай жылы дүниеге келді? /1894 ж/

2.Б.М. шығармаларының басты тақырыбы/кедейдің өмірін суреттеу/

3.Тройцк қаласындағы медресе қалай аталады?/Уәзифа/

4.Б.М.Әкесінен неше жасында жетім қалды?/2/

5.Қазақ даласындағы аумалы-төкпелі кезеңді бейнелеуге арналған шығармаларын ата/Даудың басы-Дайрбайдың сиыры, Түйебай, Сары ала тон/

6.Б.М. кіндік қаны тамған жері/Қостанай облысы,Таран ауданы/

7.Бейімбеттің әжесінің аты/Бойдас/

8.Б.Қандай отбасында дүниеге келді?/кедей малшының отбасында/

9.Б.Қандай бала болып өсті?/зерек/

10.Алғаш сауатын кімнен ашады?/Ауыл молдасынан/

11.Неше жасынан байдың малын бақты?/7/

12.Уфадағы медресе қалай аталды?/Ғалия/

13.Алғашқы өлеңдер мен әңгімелер жинағы басылған журналдар?/Садақ, Айқап/

14.Әдеби жанрлардың барлық саласында өнімді еңбек еткен дарынды қаламгер ненің құрбаны болды?/Саяси репрессияның/

15.Не себепті оқыған медресесін аяқтай алмады?/Денсаулығына байланысты/

16.Мұғалімдік қызметін қайдан бастады?/ауылда/

17.Б. М. Кім? /Қазақ әдебиетінде әңгіме жанрын қалыптастырушы,аса көрнекті суреткер-жазушы, ақын әрі драматург.

18. «Майлин-қазақ кедейінің, халық даналығы дарыған еңбекқор және арманшыл қарапайым ауыл қазағының ой мен мүддесін білдіруші.»Кімнің сөзі?/З.Шашкин/

19.Ауыл өмірі мен кедей бала тағдыры, молданың ескіше оқуы жайлы жазылған әңгімесі? /Түйебай/

20Бастауыш сыныпта Бейімбетіңтің қандай әңгімесін оқыдыңдар?/Күлпаш/


Тірек сөздермен жұмыс. Түйебай, Суат, Қаршадай, Имандық, Құрақ, Екінді, Мұқау

Қарама – қарсы сұрақтар:

1.Мәтінде шүрегей үйректің ұя салу ерекшелігі туралы не айтылғанын ?/ томардың қуысына салып, бетін шөппен бүркейді/

2.«Мұртын тайқита қырып, көзіне сүрме сүртіп төрт көзденіп жүретін» кім екенін белгілеңіз./ молда/

3.Жаз жайлауда суға түскен балалардың ермегі не екенін белгілеңіз./ жұмыртқа іздеу/

4.Түйебайды молдаға оқуға апарғанда әжесі не деп тапсырғанын белгілеңіз./ Өзі өте қорқақ, тым ұра бермессіз»/

5.Түйебайдың үйі неліктен молданы қонаққа шақырмайтын болғанын анықтаңыз./қонақ етуге шама-шарықтары келмегендіктен/

6.Молда неліктен Түйебайды жиі жазалайтынын түсіндіріңіз./ ата-анасы малайлықта жүрген Түйебайдың берері жоқ болғандықтан/

7.Молданың Түйебайды жазалағанда айтатын сөзі қандай ?./ «Ақымақ, хайуан!»/

8.Молданың оқуына шәкірттер неліктен беттегісі келмейтін?./ қатал тәртіп пен мағынасыз оқу болғандықтан/

9.Молданың оқуынан бас тартқан Түйебайдың кейінгі тағдыры қандай болған?/ малайлықта қой соңында күні өтеді/

10.Автордың шығарма бойынша білдірмек ойы қандай? /скі оқудың мағынасыздығын, жоқшылықтың адам құқығын шектейтіндігін көрсету/

11.Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?/Ерте кезді, жоқшылықты,кедейлікті/

12.Түйебайдың бақытсыз балалық шағына кім кінәлі деп ойлайсың?/сол екздегі қоғам, әлеуметтік теңсіздік/

13.Әңгімені оқып отырғанда қандай сезімде болдың? /аяушылық, көңілсіздік/

14.Жайлау қалай аталған?/Қоржынтомар/

15.Кешіккен балаға молда қандай жаза қолданды?/Арқасына дүре соғады/

16.Кешіккен Түйебай үндемей келіп ненің бетін ашып оқып отырады?/имандық/

17.Түйебайдың сабақтан кешігуіне не себеп болды?/ Әжесі науқастанып,бұзауы кетіп қалады,соны іздеп/

18. «Сен ертең келесіңбе?» деген сөзге Түйебай не деп жауап берді? /Шоқынып кетсемде енді молданың алдын көрмеймін/

19. Оқуын тастап кеткен Түйебайға әкесі не істеді?/ Байдың малын бақтырып қойды/

20.Молданың қатал тәртібімен талабының астарында не жатыр?/Әлеуметтік теңсіздік,әділетсіз қоғам/

21. «Түйебай» әңгімесі неден басталады?/ Балалықтың балдәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол жылы молдаға оқуға баруынан басталады/

22. « Имандық» дегенді қалай түсінесің?/Араб әрпімен жазылған діни оқулық, әліппе/

23.Қой бағып жүрген Түйебайды суретте/ Өзі жаяу, ерні кезерген, тілінген,шоқпыт-шоқпыт шапаны бар/

24.Түйебайдың әкесі кім деген байдың жалшысы болды?/Ермағамбет/

25.Молда оқуының балаға берері, мағыналығы қандай? /Берері аз,мағынасыз