Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 45 минут
9 сынып
Сабақ тақырыбы:
Пунктуация. Қолданылу негіздері мен қолданылатын орындары. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Нүкте. Сұрау белгісі.
Жалпы мақсат:
Жазба тілдегі тыныс белгілерін дұрыс қоя білуuе,сауаттылыққа баулу. Жалпы тыныс белгілердің өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері әр түрлі болатынын ескере келіп, леп белгісі,үтір, көп нүкте, сызықша, қабаттаса келген сұрау белгісін талдап, олардың қимыл-әрекеттің бәрін қалай білдіріп жандандырғанын тәжірибе жұмыстары арқылы үйрету.
Сілтеме:
Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Топта, жұпта жұмыс жасай алады,диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.
Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары ашылады;
Негізгі идеялар:
Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын ресурстар:
Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, біріккен сөздерге арналған демонстрациялық материал.
Оқыту әдістері:
Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
Интерактивті оқыту әдісі;
Оқыту үшін бағалау;
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны
Дерек көздері:
қосымша материалдар, ғаламтор.
Қолданылу аясы
Мәтіндерде,оқулықтарда қолданылады.
Негізгі қызметі
Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.
Қосымша көмекші қызметі
Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым ишара,кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.
Түрткі (сұрақ, тапсырма, жағдаят)
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ұйымдас
тыру кезеңі:
- Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін ауа райы қандай?
1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
2. Жылулық шеңбері
Шеңберге тұрып, жақсы, жағымды сөздерді айту.
Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы топқа бөліну.
Білу
Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым ишара,кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.Тіл мәдениеті әдеби тіл нормасының қалыптасып, дамуын, сөйлеу тілімен қарым қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Пунктуация-жазбаша қарым-қатынас жасауға қызмет ететін графикалық таңбалар жиынтығы.Тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса,айтушының көңіл күйі,айтылмақ ойын өз дәрежесінде жеткізе алмайды.
Сөйлем соңына қойылатын т.б
Даралаушы қызмет атқарады
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады.
Құрмалас сөйлем жігіне қойылатын тыныс белгілер ойдың ара жігін ажырату үшін қызмет атқарады
Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.
Түсіну
Қазақ тілінде тыныс белгілерді алғаш рет А.Байтұрсынов тұжрымдады.Ол(-)жинақтау белгісі,(.)НОҚАТ,ҮТІРЛІ НОҚАТ(;),үтір(,),қос ноқат (:),сұрау(?),леп белгісі(!),көп ноқат(.........),қос тырнақша (“ “ )тәрізді тыныс белгілері болатынын ,олардың қойылатын орындарын көрсеткен.
Тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері Құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілер
Т.б.сөйлемнің құылымдық ерекшеліктеріне сүйене қою-грамматикалық принцип.Мағыналық бөлік:синтаксистік құрылымы, логикалық мағынасы бар , дауыс ырғағымен ерекшеленеді.
10 минут уақыт беріледі.
Постер құрайды, өз сөздерімен қорғайды.
Балалар бір –бірінің жұмыстарына баға береді.1-5 баллды айтады.
Балалардың жауаптарын тыңдау.
Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.
Бағалау парағын толтырады.
Қолдану
Қосымша көмекші қызметі :.
1.Енді балаларға “Ым-ишараның бәрін тыныс белгісімен бере алмайтынымызды , бірақ сөйлеген сөзіне қойылған тыныс белгілері арқылы көңіл-күй , сезім құбылысын жеткізуге болады”деп түсіндіру.(Оқушыға , оқыту,мұғалім өзі оқу).
алады.
Леп белгісі-өтініш,ескерту,қорқыту,шошыту.
Сұрау белгісі-жауап алу,шарасыздық.
Көп нүкте-ойдың аяқталмағанын,ескерту мәнін білдіреді.
-Тыныс белгілері ең алдымен,сөйлемнің грамматикалық құрылысына байланысты қойылады.Сөйлем-қарым-қатынас жасаудың басты құралы, тиянақталған ой оқушысы ойдың аяқталмағанын білуі қажет.Айтушыойын жәй, құрмалас сөйлеммен де бере
. Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С.Жиенбаев,Ә.Хасенов,Ф.Мұсабекова,Р.Сыздықова,т.б.ғалымдардың еңбектері шыққан дәптерге жазу.
Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.
Талдау
Сергіту сәті:
Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С.Жиенбаев,Ә.Хасенов,Ф.Мұсабекова,Р.Сыздықова,т.б.ғалымдардың еңбектері шыққан
-Ал, балалар сергіту сәтін өткіземін, әбден шаршаған боларсыздар.Орнымыздан тұрамыз,
-123-жаттығу. Тапсырмаларды топқа бөліп орындаңдар.
І топ. Мәтінді рөлге бөліп оқып, тыныс белгілерінің қандай негізде қойылғанын, олардың қызметін анықтаңдар.
ІІ топ. Леп белгісі, сұрау белгісі, қойылған сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Балалар орындарынан тұрып, «Биле, биле» сергітуін жасайды.
1) Балалар, ғылыми стильдің ережесін айтады, талдайды, мысал келтіреді. Сұрақтарға жауап береді.
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.
Белсенді оқушыларды бақылап отыру.
Бағалау парағына жазу.
Синтез /Жинақтау/
Тыныс белгілерге байланысты жетекші сұрақтар
қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.
128-жаттығу. Тапсырманы топқа бөліп орындаңдар.
І топ. Мәтіндерді стилі жағынан салыстырыңдар. Әр мәтінге ат қойыңдар.
ІІ топ. Қай мәтінде тыныс белгілері көп кездеседі, себебін айтыңдар.
ІІІ топ. Жер,су атауларын, тарихи тұлға аттарын тауып, жасауына қарай талдаңдар.
Әр оқушы алған рөлді, эмоциямен орындаулары керек.
Топтардың бірін –бірі бағалауы. Мұғалім өз бағасын жасайды.
Бағалау
«Алақан» рефлексия
Бас бармақ – бұл керемет,маған ұнады.
Балан үйрек – бұл жерде ахуал бар.
Ортан терек – мүлдем маған ұнамады.
Шылдыр шүмек – бұған көңіл аудару керек.
Кішкене бөбек – маған жетпей қалды.
Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.
Рефлексияны қарау, қорытынды жасау.