Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


8 сынып қазақ әдебиеті 25.04.2016 ж. Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов

«Арғымақ» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. «Арғымақ» өлеңінің негізгі идеясы мен мазмұнын ашу.

  • Оқушылардың сыни ойлау, баяндау, мәлімет мазмұнындағы ең негізгі белгіні анықтау дағдыларын дамыту;

  • Қазақ әдебиетіне, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін оқушылар бойына сіңіруге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, тірек сызбалар, қосымша материалдар,

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

  3. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

  4. Жаңа сабақ:

  1. О.Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына арналған оқулық мәтінімен оқушылар өз бетімен танысады. Жұптық жұмыс ұйымдастырылады:

Бірінші топ: мәтінге сұрақтар құрастыру;

Екінші топ: мәтін мазмұны бойынша тірек сызба жасайды;

Үшінші топ: мәтінге жоспар құрады;

Төртінші топ: мәтін мазмұнына арқау болатын тірек сөздерді теріп жазады;

Бесінші топ: сөздік жұмысы.

  1. Сөздік жұмысы:

Қопарып шығу – перелистать, переворошить

Қоғамдық дағдарыс – общественный кризис

Өнеге – пример

Табыну – поклониться, преклониться

Қозғалыс жетекшісі – руководитель движения

Өкіл әке – названный отец, здесь: отчим

«көзіңді құртасың» - «испортишь зрение»

Қайран қалу – удивляться

Дәстүрлерінен нәр алу – впитывая традиции

Иегер – обладатель

  1. «Арғымақ» өлеңімен жұмыс:

А) өлеңді мәнерлеп оқу.

Ә) өлеңдегі түсініксіз сөздермен жұмыс:

Арғымақ – породистая лошадь

Белшесінен бату – завязывать по пояс

Желдің өтінде – на ветру

Құрыш-болат – 1) стальной, 2) крепкий, сильный, мощный

Пергілеу – бить

Өрекпу – горячиться

Тұяқ – копыта

Мүшкіл хал – трудное, критическое положение

Асау – необъезженный, дикий, неприрученный (о коне)

Құйғыту – стремительно нестись

Нөсер – ливень

Тасқын – потоп, наводнение, паводок

Шабуылдау – атаковать

Таралғы – путлище (ремень для прикрепления стремени к седлу)

Алау – пламя, огонь

Тізгін – поводья, вожжи

Жал – грива

Тулау – дичиться, брыкаться, вставать на дыбы

Безбүйрек жаға – перен.: равнодушный берег

Жырақта – вдали


  1. Сабақты бекіту:

Арғымақ – дене бітімі сұлу, асыл тұқымды, алысқа шабатын, күй талғаиайтын, төзімді, сымбатты жылқы.

Жер жүзіндегі екі жүз елуге тарта жылқы тұқымының елудейін өсіретін қазақ халқы – біздің ата-бабаларымыз – жүйрік атты бар асылына, арман-аңсарының асқар шыңына теңеп, бауырындағы баласындай өбектеп, алдындағы ағасындай ұлық тұтқан.

  1. Сабақты қорытындылау:

  • О.Сулейменов кім?

  • Ақын өзі туралы не дейді?

  • Ақын туындысының «Арғымақ» деп аталуының мәні неде?

  • Ақын өлеңінде арғымақ қандай?

  1. Үй тапсырмасы:

  • Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.

  • Жаңа сөздерді жаттау.