1сынып .
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Модуль бойынша алған білімдерінің сапасын анықтау.
2.Дамытушылық: Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға дұрыс жауап беруге баулу. Сөздік қорды байытып,тілдесі әрекетіне жетелеу.
3.ТәрбиелікБейнелеу өнері арқылы балаларды көркемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітап.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу, әнұран орындау, журнал толтыру.
Ә) Кезекшімен сұхбат.
Бүгін сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Қазір қай сабақ?
Б) Сабаққа даярлықтарын қадағалау.
2 Үй тапсырмасын тексеру:
:Жаңа сөздерді жаттау.
Тақпақты тексеру.
3 Тілдік ортаға ену:
Жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі.
Қай ай ? Сәуір айы..
Аптаның қай күні? - Жұма.
Наурыздың нешесі? Сәуірдің 16– ы.
Сенің атың кім?
Сен неше жастасың?
Қайда тұрасың?
Қай Республикада тұрасың?
4 Фонетикалық жаттығу:
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
5 Жаңа білімді меңгеру кезеңі
А) Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру.
Балалар, бүгін біз модуль бойынша алған білімдерімізді саралаймыз.
Өз бетімен жұмыс жасап үйренеміз.
Сауатты жазу, оқу дағдысын дамытамыз.
Ә)Тапсырмаларды орындау ретін түсіндіру.
1 тапсырма:.Жұппен сұрақ- жауапты оқу.
-Мынау не? -Бұл бақ.
-Мынау кімдер? -Бұлар- оқушылар.
-Оқушылар не істеді? - Оқушылар ағаш отырғызды.
2 тапсырма: Оқылым әрекетін нәтижелі іске асыру жұмысы.
Өлеңді мәнерлеп оқы. «Көктем».
3 тапсырма: Сурет бойынша сөйлемдерді толықтырып жазу.
-Күн жылиды. Қар ериді. Бәйшешек өсіп шығады . Құстар ұшып келеді.
4 тапсырма: Үлгі бойынша сөйлеп үйрен, жаз.
Гүл.
Бәйшешек – гүл.
Бәйшешек – көктем гүлі.
5 тапсырма:Сұрақтарға байланысты үш сөйлем жаз.
Көктемде құстар ұшып келеді.
Көктемде күн жылы болады.
Көктемде гүлдер өседі.
6 Сергіту сәті.:
Құстар ұшып келді
Кішкентай құстар
Ойнап секіреді
Бидай шоқиды
7 Жаңа сабақты бекіту:
Ойын : Дұрысын тап: Б.л.п.н, т.о.рғ.й, с.у.сқ.н, б.йш.ш.к.
Үйге тапсырма
Сөздерді қайталау.