Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Қазақстанның әлем картасында алатын географиялық орыны, жер көлемі, бүгінгі халықаралық беделітуралы түсінік беру
Дамытушылық :Пән бойынша жасақталған жалпыға міндетті білім стандарттарының мазмұнын ақпараттық құралды пайдалану арқылы бере отырып, жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік :Оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, Оқушыларды өз елін жерін қорғау парызы екенін ұғындыра отырып елжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері :
Тақырып бойынша алған білімдерін нақтылау, тарихи фактілермен жұмыс жасай білуге дағды қалыптастыру
Оқу – тәрбие процесіне ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ізденушілік және оқу – әдістемелік жұмыстарын жүргізу
Сабақта компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану, оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауға, баяндалған материалды бекітуге пайдалану
Сабақтың типі :
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың түрі :
Мультимедиялық сабақ
Сабақтың әдісі : хабарлау, оқу, слайдпен алгоритм бойынша жұмыс, практикалық жұмыстар – картамен жұмыс, сұрақ – жауап, тестпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі :кешендегі суреттер, карталар, кестелер
Пәнаралық байланыс: география, дүние жүзі тарихы
Күтілетін нәтиже:
- тақырыпқа сай білімді тек оқулықтан ғана емес қосымша мағлұматтармен алады ;
- қызығушылығы артады ;
- ақпаратты мол алу арқылы білім сапасы көтеріледі :
- білім беру мазмұны жаңарады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа сабақ:
Мұғалім : Бүгінгі сабақтың мультимедиялық электрондық түрде болатынын хабарлау, оқушыларды түгелдей өз компьютерлеріндегі слайдты ашып жұмыс түрімен таныстыру, алдарына түсінік хат беру
САбақ барысында мұғалім ілеспе түсіндірме жүргізіп отырады.
1 слайд : Қазақстан - әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі
Теориялық бөлім :
1. Қазақстан әлем картасында,
2. Қазақстан – Еуразия кіндігі,
З. Тәуелсіздік шежіресі,
Бейнелер: Жер шары , Н.Ә.Назарбаев портреті, ҚР рәміздері, ҚР Конституциясы,
Иллюстративтік бейне:
Астана, Тәуелсіздік монументі, Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ хатшысы Пан ГИ Мунмен кездесуі, Астана саммитінен көрініс, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің тулары , Қазақстан теңгесі берілген.
Осы компоненттерді басу арқылы оқушылар жаңа сабақ бойынша толық мағлұмат алады.
Жаңа сабақты бекіту:
Практикалық бөлім :
Оқушылар бұл бөлімде берілген тапсырма, тест, сұрақтарға жауапты компьютер көмегімен жүргізеді.
Тапсырма :
Қазақстаннның контурлық картасына облыстарды белгілеп шығу, өз жауаптарын тексере алады. Қолмен жазған жұмыстарын сақтау
Тест :
1. Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым ?
А. 3000 В. 15000 С.51000 Д.8000
2. Қазақстан 1992 жылы 2 – наурызда қандай ұйымға мүше болды?
Сұрақтар :Оқушылар өз жауаптарын жазып болғаннан кейін жауапты сақтап көруге мүмкіндіктері бар
1. Қазақстан тәуелсіздігіне биыл неше жыл?
2. Қазақстан дүние жүзіне қандай кенімен белгілі?
3. Қазақстандағы ең биік жер?
4. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті
5. Байқоңыр ғарыш айлағы қай облыста орналасқан?
6. Қазақстан территориясы қай мемлекетпен көп шектесіп жатыр?
Қорытынды :
Оқушылар тапсырма, тест, сұрақтарға берген жауаптарымен бағаланады
Мұғалім сабақты Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзімен аяқтайды.
Үйге тапсырма : «Әлемге аты мәшһүр менің» елім атты шығарма жазып келу
«Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі» атты сабақпен жұмыс жүргізу әдісі
Төмендегі кестеде презентацияны қолдану үшін нұсқау мен түсінік көрсетілген
Бастапқы слайд
«Қазақстан – әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі» Бұл беттегі әрбір компонент сабақты игеру үшін ұсынылған. Әрбір элемент басу арқылы теориялық материалды қарауға практикалық және тексеру тапсырмаларын орындауға арналған.
«Қазақстан әлем картасында» бөлімі Бұл бөлімді басқанда мәтін бет ашылып, оны оқығаннан кейін оңға стрелкасын басу арқылы Қазақстанның әлем картасындағы орнын, одан бұрынғы территориясы үлкен елдер туралы ақпарат алуға болады.
«Қазақстан – Еуразия кіндігі» бөлімі Бұл бөлімді басқанда Қазақстанның географиялық орыны, онымен шектесетін мемлекеттер туралы ақпарат алады.
« Тәуелсіз ел Қазақстан» бөлімі «Тәуелсіздік шежіресі» берілген. 20 жылдағы жетістіктер тізбесі
«Суреттер»
Жер шары
Н.Ә.Назарбаев, ҚР Елтаңбасы, ҚР Туы,
ҚР Конституциясы,
Пейзаж Бұл суреттерді басқанда осы бейнелер туралы теориялық білім беріледі. Елбасы өмірбаянынан , Ата Заң баптары, Елтаңба мен Ту, оның авторлары туралы мағлұмат берілсе Пейзажды басқанда тақырыпқа қатысты бейне суреттер берілген.
Әрбір слайдта оңға, солға , келесі сияқты белгілері берілген.
Тапсырма. Мұнда Қазақстанның контурлық картасына облыстарды белгілеу тапсырмасы берілген. Кейіннен өз жауабын тексеру үшін қосымша берілген.
Сұрақтар. Бұл жерде сұрақтар берілген. Оқушылар өз жауаптарын жазып барып жанындағы дөгелекшелерден тексеруге болады.
Тест. Мұнда оқушыларға 10 тест сұрағы берілген. Орындап болғаннан кейін қорытындысы шығады.