Сабақтың тақырыбы: «Көктемгі жұмыс»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырып бойынша оқушыларлың сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдысын жетілдіру. Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, етістікті пысықтау барысында тапсырмалар орындау. Тәрбиелік мәні: Табиғатқа, қоршаған ортаға балалардың сүйіспеншілігін арттыру, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сөздікпен, суреттермен, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, диалог құрастыру. Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үй тапсырмасын біз далада өткіздік. Жаңа сөздермен таныстық. Жаңа сөздерді қане балалар қайталап өтейік. Жаңа сөздермен жұмыс. (қазақша, орысша сұрау) сең – льдина бүршік – почка жер жібиді – испарение земли бұлтты – облачная күн ашық – ясная қатады – замерзает жел соғады – дует ветер құстар ұшады – прилетают птицы бәйшешек гүлдейді – расцветают подснежники жер көгереді – земля зеленеет Келесі үй тапсырмасы жаңа сөздерді қатыстырып сурет бойынша сөйлем құрастыру
[pic]
Көктем келді. Жер жібиді. Өзендерде сең жүре бастайды. Күн бұлтты. Жел соғады. Жер көгереді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Ағаш бұтақтарында бүршік шығады. Бәйшешектер гүлдейді.
Ережені қайталау Балалар, біз өткен сабақта қандай ережемен таныстық? Кім айтады? Етістік ережесімен таныстық. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Етістік дегегеніміз – қимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіретін сөз табы. Сұрағы Не істейді? Не істеп? Не қылды?
ІІІ. Сөзжұмбақ шешу. 1. Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табы. 2. У – журнағы арқылы жасалып, қимылдың атын білдіретін етістік. 3. Жұрнақсыз жасалатын етістік түрі. 4. Түбір мен сөз жасамдық жұрнақ арқылы жасалатын етістік. 5. Құрамына қарай екі немесе оданда көп сөзден тұратын етістік. 6. Құрамына қарай бір ғана сөзден тұратын етістік. Сөзжұмбақ арқылы етістік бекітеміз.
ІV. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көктемгі жұмыс». Көктемде жұмыстар көп болады. Диқаншыларда көктемгі жұмыс басталады. Егін егеді. Бақшада жеміс-жидек ағаштарын отырғызады. Балалар сенбілікке шығады. Дәптермен жұмыс. Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жұлдызын жаздыру.
V. Оқулықпен жұмыс. 108 бет 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару. Мұғалім 1-2 рет оқиды. Мәтінді 1-2 бала оқып шығады. Мәтінде етістік табу. Мәтінге тақырып қою. Мәтінді мазмұндау.
Көктемгі табиғат
Көктем келді. Ауа райы жылына бастады. Жер күндіз жібиді, кешке қарай тоңазиды. Мұз, қар еріді, өзендерде сең жүре бастады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. Балалар әр жерден шұңқыр қазады, ағаштар отырғызады. Диқаншыларда көктемгі жұмыс басталды. Мен көктемді ұнатамын.Сурет бойынша жұмыс. (қалған балалар суретпен жұмыс жасайды)
[pic]
Қане балалар суретке назар аударайық, тақтаға қараймыз. Суретте не көріп тұрсындар? Не бейнеленген? Осы сурет бойынша 1 мин.уақыт беріледі.
Мектепте көктемгі жұмыс басталды. Балалар сенбілікке шықты. Арман, Қанат пен Қайрат жер қазады. Ағаштар отырғызады. Қыздар гүлдерге су құяды.
Карточкамен жұмыс. (1-2 балаға карточка беріледі)
- 1
Керекті сөздермен сөйлем құрастыру: жеміс, жидек ағаштары, өсіру, егу, егін, жасау, сенбілік, картоп, жырту, жер.
Мұнда керекті сөздермен сөйлем құрастыру. Жеміс-жидек ағаштарын өсіреміз. Сенбілікке шығамыз. Жер жыртып, картоп егеміз. Осы сөздер көктемгі жұмыстарға жатады. Қане тағы бір рет жаңа сөздерді қайталап өтейік. Сонымен «Көктемгі жұмыс» тақырыбын бекіттік.
«Көктем» атты тақырыпқа өлеңдер оқылады. 4 мезгілге арналған өлеңдерді жазған ақын кім? Абай Құнанбаев кім болған? Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдері бар? Абай қандай орыс ақындардың шығармаларын аударған? Абай Құнанбаев ақын, жазушы. Абайдың өлеңдері «Қыс», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры», «Әсемпаз болма әрнеге», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» т.б. Абай Құнанбаев А.С.Пушкиннің. Лермонтовтың, Толстойдың т.б.орыс ақын шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Оқушылардың Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңі тыңдалады. Жазғытұры қалайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Түйе боздап, қой-қоздап – қорада шу, Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұландап, ағады су. Көл жағалай мамырлап қу мен қаз, Жұмыртқа іздеп, жұгіріп балалар мәз. Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда, Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. Қар еріп, жер кеуіп, айнала көктеп. Жануарлар жайылысқа шығып. Көктемде мұз жібіп. Су ағады көл болып, көлге қонып қу мен қаз, балалар көл жағасында ойнап жүреді, түйе боздап, қой қоздап, көбелек пен құстар ұшып, гүлдер гүлдеп, ағаштар көктеп. Сыбдыр қағып, бұландап ағады су. Осының бәрі Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде бейнеленген.
VІ. Сабақты қорытындылау.
1. Бүгін тақырыппен таныстық? 2. Көктемде қандай жұмыстар бар? 3. Көктемнің табиғаты қандай? 4. Абайдың қандай шығармалары мен өлеңдері бар?
VІІ. Үйге тапсырма. Сурет бойынша шығарма жазу.
VІІІ. Бағалау.