Қош келдің, Жаңа жыл! (Сыныптан тыс шара)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!».

Мақсаты:

Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.

Көрнекілігі: Әсемделген шырша, қысқы мезгілге арналған суреттер, ойын өткізуге арналған құралдар.

Қатысушылар: Жүргізуші, шырша, Аяз ата, Ақшақар, қоян, аққала, жаңа жыл, балалар, ата-аналар.

Әсем әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады).

Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, биде бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі-екіден залға кіреді).

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме ата-аналар, әріптестер! Сәлеметсіздер ме, балалар, сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, балалар, айта қойыңдаршы, бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Олай болса, келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Жаңа жыл».

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Ортаға Ернұр, Бексұлтан, Диас, Ерасыл, Інжу, Әділетті шақырайық.

Ернұр: Бексұлтан: Ерасыл:

Жасыл шырша орманнан, Міне, тағы келіп тұр, Біздің байтақ далада,

Бізге арнайы келіпті. Жаңа бір жыл балалар. Асқар тауда қалада.

Ойыншығын балалар, Жадыратып жер үстін, Биыл ғажап іс болды,

Шыршаға әсем іліпті. Төрімізге ол шыққан. Таңғажайып қыс болды.

Диас: Інжу: Әділет:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен, Бір топ бала сырғанап, Далада қар борайды,

Құттықтаймыз әрине. Барады әне, жарысып. Ақ мамыққа орайды.

Әкемізді, анамызды, Қалды артта қыр алап, Мұз болады қатады

Қонақтардың бәрін де! Іздерінен қар ұшып. Жып- жылтыр боп жатады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдаршы, балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік! (Көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Шырша ырғалып шығады).

Шырша: Амансыңдар ма, балалар! Ия, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге би билейінші!

Би: «Шырша» (кішкентай шыршалар)

Шырша: Ой, балалар, өте тамаша биледіңдер, енді мен бір ойын ойнағым келіп тұр. Бірақ мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келіп тұр. Ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Алдымен ойын шартын түсіндіріп кетейін. Ортаға бес ата-ана шығып әуенмен мына орындықтарды айналып жүріп билейді. Музыка тоқтағанда мына жаңа жылдық сыйлықтардан бір-бірден алып үлгерулері керек. Бұл жаңа жылдық сыйлықтарды балалардың өздері жасаған. Ал, бастайық.

Ойын: «Кім жылдам?».(Ата – аналармен бірге ойын).

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз бар, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, әрине Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді. Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен Аяз ата деп айқайлайық.

Балалар: Аяз ата а-а-у, Аяз ата а- а-у. (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, қоян кіріп келеді).

Қоян: Сәлеметсіңдерме, балалар? Ойбай, мен адасып кеттім. Сендердің дауыстарыңды естіп мында келдім. Қатты жел тұрып домалап-домалап мына жерден бір-ақ шықтым.

---Бұл қандай мереке? А – А - А шырша тойы ма?

Жүргізуші. Сәлеметсің бе, қоянжан? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой.

Қоян: Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені ормандағы жол көрсететін белгінің бәрін боран ұшырып әкетті, енді ол жолды таба алмайды (деп секіреді).

Ол үшін сендер балалар жақсы ән орындап берсеңдер мұмкін Аяз ата естіп келіп қалар.

Жүргізуші: Олай болса балалар Аяз ата мен Ақшақар еститіндей жақсы етіп ән орындап берейік.

Ән: «Сәлемет пе, Аяз ата» (қимылмен ән орындалады).

Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ, Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ! Шақырымды жүздеген,

Басып өту мен үшін, Жаңа жылдың түнінде,

Жасыл шырша түбінде. Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға, Одан зор бақыт бола ма?

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын.

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат (қолдарын шапалақтайды).

Шырша жарқырайды.

Жүргізуші: Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келген шығарсыз отырып демалыңыз, біздің балалардың әдемі тақпақтарын тыңдаңыз.

Ортаға Дамир, Арина, Адия, Дияр, Нұрай, Әділхан, Далияны шақырайық.

Дамир. Арина: Выбрал папа елочку, Адия:

Аспан жерге төгеді, Жүзімізге күлкі ойнап, Самую пушистую Әсем шырша сәнденген, Ақ күмісін уыстап. Қанаттанды жанымыз. Самую пушистую. Өз аңдарын күтеді. Жаңа жылда келеді, Жаңа жылды біз тойлап, Самую душистую, Жаңа жылмен бірге біз, Бізге қарай жылыстап. Шаттанамыз бәріміз. Елочка так пахнет, Орманға кеп жетеді.

Мама сразу ах нет!

Мама елку украшала Дияр Нұрай

Аня маме помогала. Қырау қатып жағаға, Ақ таяғын таянып,

Подовала ей игрушки, Аяз беттен өбеді. Таңмен бірге оянып.

Звезды, шарики, хлопушки Бірі мініп шанаға, Аяз ата келіпті,

А потом гостей позвали, Бірі шаңғы тебеді. Ақ көрпеге оранып.

И у елочки сплясали!


Здравствуй, Дедушка мороз, Әділхан: Далия

Мы тебе так ждали. Аралайды бақшаны, Сақалы аппақ күмістей,

Песенки учили . Үзілмейді жақсы әні, Тістері аппақ күріштей.

Елку наряжали. Гүлденеді бақшалар, Қызыл ала шапаны,

Огоньки на елочке Жауса, жаусын Ақша қар! Сағындым Аяз атаны!

Мы зажжем сейчас,

Самая красивая,

Елочка у нас!

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар биді де жақсы билейді. Кәне, қоян бізбен қосылып аңдар биін билеп беріңдерші.

Би: «Аңдар биі».

Қоян: Балалар,сендердің мейрамдарың өте қызықты бірақ мені іздеп қалған шығар. Мен үйіме кетейін.

Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Ақшақар: Ой, балалар, қандай әсем шыршамыз. Шырша тойын тойлауға біз алыстан келдік.

Ал, балақайлар, сендер былтырғы жылға қарағанда 1 жасқа өсіпсіңдер ғой, дәл осы жерде өткен жылы сендер кішкентай едіңдер. Ал, қазір сендер өлең, тақпақ тіпті биде билей аласыңдар. Балалар, қызықты бір ойында ойнағыларың келе ме?

Ойын: «Жалғасын тап».

Ақшақар:

Мен білемін бір ойын,

Үйретейін сендерге.

Мен бастайын, ал сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата,

Келеді бізге.........

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі .........

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын – күлкі таралсын.

Құтты болсын.......

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Мешінмін. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келсін.

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Жаңа жыл, енді біздің балалар жаңа жылға арнап тақпақтарын айтып берсін. Ортаға Аңсар, Қарлығаш, Адина, Карим, Шыңғыс, Мирхан, Дильназды шақырайық.

Аңсар: Қарлығаш: Адина:

Мұздан моншақ тағынып, Кел, билейік сенімен, По лесу новогодному,

Күміс қырау жамылып. Деймін тартып жеңінен. За ворот пряча нос,

Ортада тұр Ақшақар, Еріп кетпе Ақшақар, Везет подарки сладкие,

Көптен күткен сағынып. Адамдардың демінен. Мне Дедушка Мороз!


Карим: Шыңғыс: Мирхан. Дильназ

Жасыл желек жамылған, Оралды өлкеме, Орала ма ол енді, Принесет он елочку,

Асыл моншақ тағынған. Жаңа жыл – армысың! Айтар едім өлеңді. В серебрянных иголочках

Міне, сұлу шыршамыз, Оранды ақ көрпе, Жылдамырақ келсе екен, С Новым годом нас поздравит

Көптен күтіп сағынған. Асқар тау, қарлы шың. Бізге ойыншық берсе екен. И подарки нам оставит


Жаңа жыл: Ой, қандай әдемі тақпақтар, жарайсыңдар, балалар! Ал балалар, сендер менімен қызықты бір ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия , ойнағымыз келеді.

Жаңа жыл: Олай болса бұл ойын «Сылдырмақтар» деп аталады. Алдымен ойынның шартын түсіндіріп жіберейін. Бұл ойынға алты бала шығады да мына әуен тоқтағанда жердегі сылдырмақтарды жылдам, тез алып үлгерулері керек. Егер сылдырмақты ала алмаса ол бала ойыннан шығып отырады. Келістік пе?

Ойын: «Сылдырмақ».

Жаңа жыл: Жарайсыңдар, неткен өнерлі балаларсыңдар, өркендерің өссін!

Енді балалар жаңа жылға жақсы етіп бір ән орындап берейік.

Ән: «Шырша жыры». (В лесу родилась елочка).

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер. Бірақ бізді басқа балабақшаның балалары да күтіп қалған шығар, тездетіп соларға барайық.

Аяз ата: Ия, ия, тездетейік.

Аяз ата балаларға дорбадан алып алмалар үлестіреді.

Мәссаған, менің бір қолғабым түсіп қалған ғой, енді қалай қайтамын? Тоңып қаламын ғой. Балалар, сендер көрмедіңдер ме?

Балалар: Жоқ, көрген жоқпыз.

Аяз ата: Енді не істесем екен?

Осы кезде Аққала келеді.

Аққала: Аяз ата, жаңа жолда келе жатып сіздің қолғабыңызды тауып алдым мінекей, бірақ неге екені белгісіз, қардың астында жатып-жатып сіздің қолғабыңыз үлкейіп кетіпті.

Аяз ата: Ой,рахмет, Аққала.

Аққала: Аяз ата менің кішкентай аққалаларымда осында екен ғой. Кәне, бәріміз мерекеге арнап тамаша би билеп жіберейік.

Би: «Аққала».

Аққала: ой, мен кетейін, ыстықтап барамын еріп кетермін.

Аққала: Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Аяз ата: Мен мына үлкен қолғапты қалай киемін, мұның ішінде не болды екен? Кәне, бәріміз көрейікші.

Міне, керемет, менің қолғабымның ішін ормандағы аңдар сыйлыққа толтырып жіберіпті. Енді оны сендерге үлестіріп берейін.

Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Аяз ата:

Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер,

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.

Сау болыңдар, балалар!

Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші: Жаңа жыл сендерге толағай табыстар әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын! Осымен біздің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз де аяқталды. Келесі кездескенше.

Сау болыңыздар!