Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп:«№3 Күршім гимназиясы»КММ Сынып : 8 «Б» Оқушылар саны: 17
Мерзімі:13.10.2016ж Мұғалім :Маликова Н.Р
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны : мектеп, үй
Қайырымдылық акцияның тақырыбы: «Жүрегім толы мейірім»
Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлау, қамқорлық көрсету, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту.
Міндеттері:
-жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, қарттық шақтың қамқорлықты қажет екенін түсіндіру
-оқушылардың бойында әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, қарт, әлсіз жандарға жақсылық жасауға әрдайым даяр болуға іскерліктерін дамыту.
- Оқушыларды мейірімді, қамқар болуға тәрбиелеу.
[link] ?
v=69RBejRbFTo
Іс-шараны өткізудің жоспары
1. Белгіленген күні акция өткізу;
2.Сыныппен бірге акцияға белсенді қатысып, қаражат жинау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып,қайырымдылықтың маңыздылығы туралы дәріс оқып, бейнежазба көрсеткен соң әңгімелесуге тарту;
3.Зейнеткер ұстаздың өткен мерекесімен құттықтауға барып, мерекелік сыйлығын тартып, көмектесіп, әңгімеге тарту, естелікке суретке түсу;
4 .Оқушылардың шарадан алған әсерлерін сұрау.
Мұғалім : Маликова Н.Р
Директор: Шакерова Г.С
Келісемін __________ Бекітемін ____________
Тәрбие ісінің меңгерушісі №3 Күршім гимназия
Баяндинова Д.Ж директоры Шакерова Г.С.
. «___» _____ 2016ж. «___» _____ 2016ж.
Қайырымдылық акцияның тақырыбы:
«Жүрегім толы мейірім»
Пән мұғалімі: Маликова Н.Р
2016-2017 оқу жылы.