Мені курс қалай шабыттандырды.
Эссе
Мектеп - білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттарының ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десем қателеспеймін. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыруда ең алдымен өз-өзіңнен басталады. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлықын дамыту қажеттігін білу қиын.
Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны дамытуды қолдайды. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрімен сусындап, бала бойына жастай ұлттық тәрбиені сіңіру. Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру біздің негізгі мақсатымыз. Осы мақсатта жүзеге асыру үшін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Қалалық білім» басшылығымен курс ұйымдастырылды.
Курыс тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Курста бізге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар көбінде шынайы өмірден дәлелді мысалдармен түсіндіріп отырғаны ұнады. Курстан өзіме он күн бойы білім мен қызықты қажетті ақпараттар алдым. Курс заман талабына сай әр түрлі тақырыптарда және қызықты және жоғары дәрежеде жүргізілді. Осы курстың жүргізілуі менің жұмыс істеу қабілетіме көп әсер етіп, шабытымды оятты. Себебі курс барысында адамгершілік құндылық қасиеттерге байланысты топтық, жұмыстар жасауда, сыныптан тыс өткізілетін ісшараларды топпен орындау арқылы өзімді толғандырып жүрген мәселемнің шешімін таптым. Сондай – ақ мағыналы дәріс тыңдап, топпен жұмыс жасау арқылы білімімді толықтырдым. Курс барысында ұлы Абайдың қарасөздері, ұлы адамдардың ұлағатты сөздерін тыңдап, адамгершілік-рухани қасиеттер туралы білімімді жетілдірдім.
Курстың алғашқы күнінде «Мен кіммін», «Мен не істей аламын» деген сұрақтарға ішкі дауысымызбен жауап бердік. Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Себебі нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялатады.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болады. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатынымызға курс барысында көзім жеткендей болды.
Ұстаздың ең негізгі ұстанымы – баланың рухани дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсы нәрсеге ұмтылдыру. Осы курс барысындағы дәрістер әсерлі және маған үлкен ойлар туғызды. «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани тереңдігін түсініп, оның жалпыадамзаттық құндылығын аша білу және әдістемелік тәсілдерді ұтымды қолдануды үйрендім. Сабақтың мақсат-міндеттері әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық құндылықтар «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Ішкі тыныштық», «Сүйіспеншілік», «Қиянат жасамау» құндылықтарына талдау жасап, сабаққа жоспар құруда осы құндылықтарды басшылыққа алып жасауда үйрендік.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді алда тиімді қолдана алатыныма сенімім мол. Ол менің қолымнан келеді.