Внеклассное мероприятие Тілім-менің тұғырым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тілім менің – тұғырым



Тақырыбы: «Тілім менің – тұғырым» атты сайыс (тіл мерекесіне арналған)

Мақсаты:

а) оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тілдің қоғамдағы орны мен маңызын ұғындыру

ә) ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру

б) ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін құрметтей білуге баулу

Көрнекілігі: интербелсенді тақта,қанатты сөздер, суреттер

Әдісі: сайыс

Өту барысы

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

- Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Мектебімізде жыл сайын 22 қыркүйек «Тіл мерекесі» аталып өтіледі.

Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!

Ана тілін сүймейтін, қадірлемейтін адам кемде – кем шығар.

Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тілімізде ән, жыр естіп, бойымызға дарытып келеміз. Біздің тіліміз ұлылар сөйлеген кемеңгер тіл, дана тіл. Ата – бабамыз аманат етіп кеткен осы тілімізді шұбарламай,бізден кейінгі ұрпаққа жеткізейік.

Ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай:

Ана тілі – арың бұл,

Ұятың боп, тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте! – демекші, тілімізді құрмет тұтайық, асқақтатайық!

Тілімізді құрметтегеніміз – елімізді құрметтегеніміз.

Бүгін біз осыған орай сайыс өткізгелі отырмыз.

Сайысқа екі топ қатысқалы отыр: «Ғарыш» және «Жалын» топтары

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

І.Таныстыру, сәлемдесу

ІІ.«Ең тапқыр кім?» ( жылдарға қатысты сұрақтарға жауап беру)

ІІІ. «Ойлы болсаң, тауып көр!» (тілге,әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беру)

IV.«Шебер ойнаушы» (актерлік шеберліктерін көрсету)

V. «Ең білгір топ басшысы» (әртүрлі сұрақтарға жауап беру)



Ең әуелі әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Ал енді сайысымызды бастайық.



І кезең.Сайысымызды таныстырудан бастаймыз.



Екі топ кезекпен шығып, өздерін таныстырады.



ІІ кезең. «Ең тапқыр кім?»

Интербелсенді тақтада жылдар шығып отырады. Оқушылар сол жылдары қандай айтулы оқиға болғандығын айтулары керек.

Егер бір топтан біреу дұрыс жауабын айтса, сол топ тағы да келесі жылдың жауабын айту мүмкіндігін алады.

Тапсырмалар мынадай: 1989 жыл, 2015 жыл, 1991 жыл, 2016 жыл, 1992 жыл, 2017 жыл, 1723 жыл, 2010 жыл.

ІІІ кезең. «Ойлы болсаң, тауып көр!» (тілге,әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беру)

Торкөздерде цифрлар беріледі, сол цифрларды таңдағанда, астында сұрақтары болады. Үш жауап көрсетіліп отырады, соның дұрысын айтулары қажет.



[pic]





Берілген сұрақтар үлгілері:

1) «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?

А) 1992 жылы

В) 1989 жылы

С) 1986 жылы

2) Үстеудің неше түрі бар?

А) 5

В) 9

С) 7

3) «Құлагер» поэмасының авторы

А) Сәкен Сейфуллин

В) Ілияс Жансүгіров

С) Мағжан Жұмабаев

IV кезең.«Шебер ойнаушы» (актерлік шеберліктерін көрсету)

Қобдишаға әртүрлі сөздер жазылған қағаздар салынады. Содан әр топтан кезекпен шығып, алып отырады. Онда жазылған сөзді қимылмен көрсетулері керек.

Қайық, маймыл,аю,дұрыс істемейтін теледидар,ұшақ,сықырлауық есік , солып қалған гүл,сабаққа кешігіп келген оқушы,мұғалім,пойыз,ақын,доп, сабақ, сызғыш, дәрі ішу,мысық,айна, теледидардағы диктор,қоңырау,«П» әрпі.

V кезең. «Ең білгір топ басшысы»

1 минут ішінде топ басшылары неше сұраққа жауап бере алатындықтары бойынша жарысады.

1 – топ басшысына берілетін сұрақтар:

1) «Қалқаман –Мамыр» поэмасының авторы (Ш.Құдайбердіұлы)

2) Беташар қай кезде айтылады? (келін түскенде)

3) Аптаның бесінші күні (жұма)

4) Арыстан баб кесенесі орналасқан жер (Түркістан қаласы)

5) Күй атасы – (Құрманғазы)

6) Еңбекшілдер ауданында туған әнші – сазгер (Біржан сал)

7) «оқушы» сөзінің түбірі (оқы)

8) «Қыз Жібек» фильмінде Бекежанның рөлін ойнаған актер (Асанәлі Әшімов)

9) Абайдың шын аты (Ибраһим)

10) «Көшпенділер» трилогиясының авторы (Ілияс Есенберлин)

11) «Жаны мұрнының ұшына келу» тұрақты тіркесінің мағынасы (жанталасу)

12) «Баяу» сөзінің синонимі (ақырын)

13) Әліпбидегі 5 – әріп (г)

14) «Ақылды» сөзінің антонимі (ақымақ)

15) Сиырдың пірі ( Зеңгі баба)



2– топ басшысына берілетін сұрақтар:

1) Түйенің пірі

2) «Ақсүйек» ойыны қай кезде ойналады? (түнде, ай жарықта)

3) «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің әкесі (Базарбай)

4) Жеті қазынаның біріне жататын кұс атауы (бүркіт)

5) 2017 жыл санауда қандай жыл? (тауық жылы)

6) Абайдың анасы (Ұлжан)

7) Шоқан Уәлихановтің шын аты (Мұхаммедқанафия)

8) «Тонның ішкі бауындай» тұрақты тіркесінің мағынасы (тату)

9) Қазақстанның Швейцариясы (Бурабай)

10) Әліпбидегі 4- әріп (в)

11) «Ірі» сөзінің антонимі (ұсақ)

12) Тайбурыл қай батырдың аты? (Қобыланды)

13) «Зәру» сөзінің синонимі (қат)

14) «Менің атым-Қожа» шығармасының авторы (Бердібек Соқпақбаев)

15) «Қабаған» сөзінің түбірі (қап)

Осымен, балалар, сайысымыз мәресіне жетті. Қатысқан оқушыларға көптен – көп рахмет.

Көрермендерге де рахмет!

Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарып, жеңген топты анықтап, марапаттайды.