Кешірімділік-көңіл кеңдігі ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кешірімділік –көңіл кеңдігі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Мейірімділік, адалдық, ізгілік, кішіпейілділік

Жаңа сабақты түсіну, алған білімді өмірде қолдана алу

Көрнекі құралдар; үнтаспа,сюжетті суреттер
Мақсаты: «Кешірім», «кешірімділік» туралы түсініктерін кеңейту;

Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету;

Міндеттері:

1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың

пайдасы туралы түсіндіру.

2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру.

3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, пікір-талас

Тыныштық сәті

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындау.

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылық ты ояту

2. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықта берілген М.Мақатаевтың «Жүрейік, достар , күнде өстіп» өлеңін оқып, берілген сұрақтар бойынша дайындалып келу тапсырылған. Үй тапсырмасын тексеріп, оқушылар сұрақ бойынша жауап береді.

-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?

-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.

Жаңа сабақ

Мұғалімнің сыйы

Мұғалім әңгімені өзі айтып береді. Оқушылар әңгімені тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Шіріген картоп

Өсиет әңгіме

Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен. Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында алаауыздық, түсініспеушілік туып, отбасынан береке –бірлік кетеді.

Олардың бұл келеңсіз әркетіне әке бір күні балаларын шақыртып алып, мынандай тапсырма береді:

-Айналайын балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, соны орындаңдар. Дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсаңдар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды. Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.

Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай, дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Айналадағы адамдарда оларға бір түрлі көзқараспен қарайтын болды. Енді балаларға ауыр сасыған жүкті арқалап жүру азап болады. Өзара ақылдасып, әкесіне келеді.

-Әке, мына тапсырмаңызды енді одан әрі орындай алмаймыз. Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып шіріп барады. Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды. Әке сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік,- деді.

- Әкесі: Айналайын, құлындарым мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім сендердің бір- біріңе айнала қоршаған ортаға өкпе- реніштерің осы картоп сияқты екенін түсіндіргім келіп еді. Өкпе-реніште осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады. Тек қана салмақ салып қоймай, оны бүлдіреді. Ал бүлінген, ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды, әр кез осы сасыған картоп сияқты болады, -дейді.

Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе- реніштің зиянын ұғынып, әр кез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, тату- тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

  • Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма береді?

  • Балалары тапсырманы қалай орындады?

  • Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  • Өздеріңнің басқаларға өкпелеп-ренжіген кездерің болды ма? Неліктен?

  • Кешірімділіктің пайдасы қандай?

Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».Мартин Лютер-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)

Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны  тізбектеп жазыңдар.

Түйіндеме

  • Мәтінмен жұмыс. (5 мин)
    Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін ұғындыру мақсатында «Оқып үйренейік» айдарынан А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінімен таныстыру.
    Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе - реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру – ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік.
    «Жаңа ақпарат және менің пікірім әдісі»

Пікірлер Менің пікірім 
1. Өкпе, реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп, өзар түсініспеушілік тудырады. 
2. Өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек. Мұғалім мен оқушы арасы. 
3 Өкпе, реніш – адамның көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Ата-ана мен бала арасы. 
4 Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Жақын достар арасы. 
«Өзіммен-өзім» психологиялық тренингі 
Оқушыларға өкпе-реніштің зиянынан бойын аулақ ұстау, іштегі өкпе-реніштен құтылу мақсатында «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін ұйымдастырамын. 
Классикалық музыка жіберіледі. 
- Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер. 
- Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар 
- Енді соңғы кездердегі өкпе-реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?) 
- Осы өкпе-реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналысып алған екен.Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр.Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе-реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте-бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер. 
Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық. 

Бейнебаян Кешірім
Ой толғаныс 1. Ағайындылардың арасында қандай жағдай болды? 
2.Сені көбіне қандай жағдайлар өкпелетіп, ренжітеді?  

Ой толғаныс

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, өз көңіл күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.

Мыс: Менің көңіл күйім көтеріңкі, өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі.

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

[link] Сұрақтар:

·         Фильмнің соңында   әкесі мен баласын   не біріктірді?

·         Өмірде кешірімді  жасаудың маңызы қандай?

·         Бұл фильмнен қандай ой қорытасыңдар?

 

Кешірімшіл баламыз!

(Дос болайық бәріміз! әніне салып орындау)

1-ші топқа

1.Мейірімді баламыз,

.......................................,

Нұрлы күн сөнбесін!

.........................................,

Өшігуді білмейміз,

........................................!

 

2-ші топқа

Тату өмір сүрейік,

.................................,

Бақытты баламыз!

......................................,

Жақсыға бой түзейік,

......................................!

 

 

  1. Топпен ән айту.

Кешірімшіл баламыз!

(Өз шығармашылығымнан)

1.Мейірімді баламыз,

Байтақ біздің даламыз,

Нұрлы күн сөнбесін!

Жамандықты көрмейміз,

Өшігуді білмейміз,

Қара бұлт төнбесін!

 

Қайырмасы:

Кішіпейіл баламыз,

Кешіріммен қараймыз.

Әдептілік сақтаймыз, сақтаймыз,

Ұқыпты біз баламыз.

 

2.Тату өмір сүрейік,

Жақсыға көз тігейік,

Бақытты баламыз!

Шаттықпен тек күйлейік,

Жақсыға бой түзейік,

Ұқыпты боламыз!

 

 

  1. Үй тапсырмасы.

10 А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, түсінігін айту. 43 бет.

Дәптермен жұмыс №9 1,2  тапсырмаларды орындау.

 

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.