Үштілділік – заман талабы
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмелік.
Абылай хан
Үштілділік - заман талабы. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын.
Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік елге айналуымыз керек. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін қажет екенін естен шығармайық. Әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалыс қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз керек. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.
Ең бастысы жүрегі «Отаным, Қазағым, Тілім» деп соғатын ұлттық сана – сезімі жоғары, ұлтжанды оқушылар тәрбиелеу.
А.Киреева
Бөрлі ауданы, Аксай қаласы
№2 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі