Сабақтың тақырыбы: «Денің сау болсын десең.»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиет. Сүйіспеншілік, мейірім, қамқор, сенімділік
Сынып:6 оқушы саны. 10
Мұғалім : Сілеумұханова Н
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтыңқымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Оқулық,
дәптер, слайд, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет.
Сабақтың барысы .Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәтi.«Күннің нұры» (3 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Сабақ барысын талдау
Үй тапсырмасы Бетпақдала Бетпақдала әңгімесі (А.Сейдімбек)
1.Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?
2. Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?
Табиғатты аялайық
(Ғ. Құлахметов)
1.Табиғат неліктен әрі мейірімді, әрі қатал?
2. Табиғат аясында тәртіп пен тазалықты сақтау неліктен қажет деп ойлайсыңдар?
3.Адамның табиғат алдындағы парызы неде?
Гүл аттарымен топқа бөлу.
І топ Қызғалдақ
ІІ топ Жауқазын
ІІІ топ Бәйшешек
Топ ережесі
1.Тәртіпті сақтау
2.Уақытты тиімді пайдалану
3. Бір-бірінің пікірімен санасу
4.Сабаққа белсенді қатысу
Дәйексөз: Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.
Халық даналығы.
(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын мысалдар келтіре отырып айтады.)
Бәріміз қосылып айту. /Дәптерімізге жазып аламыз./
Ой шақыру. Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)
Табиғат ақша мал
(Оқушылар топтастыру бойынша ойларын айтады.)
Түйіндеме: Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы.
Ойланайық, пікірлесейік.
“Салауаттылық-саулық негізі” деудің мәні неде?
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
/Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқыылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./
қорытынды
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.
Зиянды әдеттерге нелер жатады?
Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.
6 Сахналау. Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. /дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс/
Бала:/ «арақтың» жанына келіп/
-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Арақ»:
-Мен арақпын, арақпын,
Жер жүзіне тараппын.
Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.
Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Темекі»:
-Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Есірткі»:
-Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап турғанда,
Алшаңдап аяқ басамын.
/Сахнаға ересек бала шығады/
Ересек бала:
-О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.
-О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де үлкен жау,
Бүкіл әлем алаңдар!
/Екі бала бірігіп/:
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/
Шығармашылық жұмыс. /оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тиянақтап бекіту мақсатында/
«Жаны саудың-тәні сау» тақырыбына эссе, шығарма жазу.
Топпен ән Балатілегі.Сөзі:С.МолдасынұлыныкіӘні:Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)
Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
1-топ Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.
2-топ. Сөзжұмбақ құрастыру
3-топ. Денсаулық туралы нақыл сөздерді жинақтап жазу, мағынасын
Соңғы тыныштық сәтi. - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.