Алдерфер теориясы
Америкалық психолог Клейтон Пол Алдерфер 1969 ж Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы негізінде өзінің «Өмір сүру, байланыс, өсу» атты жеке теориясын құрастырды.
Алдерфер физиологиялық қажеттіліктер және өмір сүру қажеттіліктерін өмір сүру қажеттіліктері тобына енгізді; мхб-қа және тәуелділікке қажеттілікті – байланыс тобына; өзін-өзі белсендіру қажеттілігі – өсу қажеттілігі тобына жатқызды.
Алдерфер қажеттіліктер теориясына қосымша «регрессия принципін» құрастырды, онда жоғары деңгейдегі қажеттіліктер барысында адам төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге дейін төмен түседі. Мыс: егер адам карьералық өсуде қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, қарым-қатынас жасауға деген қажеттілігі қайтадан айқын көріне бастайды, мысалы – жұмыстастарымен жаңа байланысқа түсу байқалады.
Алдерфер ойынша, осы немесе басқа да қажеттіліктерге ие болу әр түрлі адамда ерекшеленуі мүмкін. Алдерфер өзінің теориясын жұмысшылардың мотивациясын зерттеуге негіздей келе, басшылар өзінің қарамағындағы жұмысшылардың қажеттіліктері қатарын сезіне білуі керек деген қорытындыға келді. Тек бір ғана қажеттіліктер тобымен қанағаттану ғалым ойынша, тиімді мотивациялық фактор болып есептелмейді.
Д.МакГрегор теориясы «Х және Y теориясы» ретінде танымал. Өткен ғасырдың 60-ж. Америкалық психолог Дуглас Мак Грергор (1906-1964) теориясын ұсынып, сәйкесінше мотивациясы әртүрлі жұмысшылардың 2 түрі бар деп есептеді.
Х теориясына сәйкес жұмысшылардың 1-типі – еріншек, жұмыстан қашқақтаушы адамдар. Бұндай жұмысшылар үшін арнайы бақылау жүйесі жүзеге асырылуы керек, сонымен қатар күштеу формасы – жеңілден (сендіру) ауырға (жазалау) қолданылады. Жұмысшылар белсенділік танытпайды, өз ойлары жоқ, жауапкершіліктен қашады. Х теориясының басшылығы болса, жұмысшылардың бірден бір мотивациялық факторы ақша болып есептеледі деп санайды. Олардың ойынша, жұмысшылар жұмыс жасағысы келмейді, міндеттерден қашады, сәйкесінше басқарудың авторитарлық стилін қолдануға тура келеді.
Х теориясы шеңберіндегі басшылар үнемі басқарады, себебі олар ешбір қызметкерге сене алмайды, өз жұмысын тапсырып кете алмайды. Басшылықтың арасында өзінің жұмысшыларының әлеуетін пессимистикалық бағалау жиі кездеседі, ол көбінесе қарамағындағылардың риза болмауына әкеледі.
Y теориясына сәйкес жұмысшылар өздеріне жауапкершілік алуға ұмтылады. Жұмысшылар өздерінің жұмысынан қанағат алады (ақыл-ой жағынан және физикалық сипатта). Бұл тұрғы көзқарасы бойынша адамды жазалау немесе материалдық стимулдамай-ақ оның ашылуына, өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, жауапкершілік пен міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, жауапкершілік пен міндеттерді бөліп алу арқылы оның ұ»ым үшін маңыздылығын көрсетеді.
Y теориясындағы басшы ойынша, жұмысшылар қолайлы жағдай барысында жақсы жұмыс жасауға ұмтылады және шығармашылық қабілеттерінің қорына ие. Осы қорды ашу үшін басшылар жұмысшының өзінің «Менін» жүзеге асыруға кедергі келтіретін кедергілерді жоюға ұмтылады.
Мак Грергор ойынша, адамның интеллектуалдық әлеуеті әдетте толық көлемде қолданыла бермейді, ол кейбір жағдайда (мыс, қоғамдық өндірісте) тек Х теориясында жүзеге асуы мүмкін, ал басқа жағдайда тек Y теориясы жүзеге асады.