Конспект по казахскому языку на тему Тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Тәлім -тәрбие туралы мақал-мәтелдер»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, тақырып деңгейінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

2. Дамытушылық: жаттығулар арқылы оқушылардың сөздік қорларын дамыту, сауатты жазу, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу,өз бетімен жұмыс істеу.

3.Тәрбиелік:тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке,сыйластыққа,кішіге ізет, үлкенге жол сілтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интерактив сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, мақал-мәтелдер,мәтін,экран

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, этикет сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Кезекшімен диалог (оқушыларды түгендеу).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жаңа сөздерді тексеру.

  2. «Ас әзірлеуге көмектесу» тақырыбына құрастырған монологті тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар,тәлім -тәрбие туралы мақал-мәтелдер дегенді қалай түсінесіңдер?

Иә, дұрыс тәлім -тәрбие туралы мақал-мәтелдер адамды жақсылққа, үлкендерді сыйлау,оларға көмектесу, әке-шешені қадірлеу,кішіні қолдауға тәрбиелейді.

Ал, сендер тәлім -тәрбие туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

2. Оқушыларға сабақтың мақсатын жариялау.

3.Жаңа сөздермен жұмыс. ( Аудирование, сөз тіркестерімен сөйлем қүрастырғызу).

Көлемі қысқа

Шағын өлеңдер

Халық даналығы

Ереже

Жалқаулық пен жамандықты сынайды

Тез,жеңіл айтылады

Жақсылықа тәрбиелейді

Тақырыптары әр түрлі

Мағына береді

4. Мәтінмен жұмыс.

Мақал –мәтелдер – ауыз әдебиетінің бүр түрі. Мақал-мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Мақал-мәтелдердің көлемі қысқа. Онда аз сөзбен көп мағына береді. Олар шағын өлеңдер секілді. Мақал-мәтелдер адамды жақсылыққа тәрбиелейді. Олар жақсы адам болып шығудың ережесі секілді.

Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі; өнер-білім,адамгершілік,жақсы мен жаман,еңбек,достық,Отанды сүю туралы т.б.

5.Сұрақтар құрастырғызу.

Мысалы: Мақал-мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?

4.Грамматикалық жұмыс.

1.«Адам» сөзін септеу.

2. «Тәрбие» сөзін тәуелдеу.

3. «Достық» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

4. Осы сөздермен сөйлем құрастыру. Мысалы: Адамды достыққа шақыруға тәрбиелеу.



5. Тәлім -тәрбие туралы мақал-мәтелдер.

(Экранға назар аударыңдар. Мақал-мәтелдерді оқып мағынасын түсіндіріңдер)

1. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

2.Жаманға айтқан ақылың –

Далаға атқан оқпен тең.

3.Үлкенге құрмет,

Кішіге ізет.

4.Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келеді.

5.Асыл тастан шығады,

Ақыл жастан шығады

6.Тәрбие –отбасынан басталады.

7.Өтірік өрге озбас.

8.Ашу – дұшпан,

Ақыл – дос.

9.Кекшіл болма,

Көпшіл бол.

10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.


6. Қорытынды кезеңі.

Кестемен жұмыс.

»1. «Дұрыс», «Бұрыс» жауабын табыңдар.

2. Берілген мақал-мәтелдердің екі бағанадағы сыңарларын табыңдар.

7. Үйге тапсырма:

1. Жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді жаттап келу.

8. Бағалау.