А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназиясы.
Коучинг тақырыбы: «Көп тілді, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру»
Өткізуші тұлға: Жусупова Жанар
Өткізу ортасы: Кәсіби байланыстағы кафедралар, мұғалімдер.Өткізілу мерзімі: 20.02.2016 жыл.
Көп тілділікті меңгеру арқылы ұлтаралық және отандық мәдениеттілікті тұлға бойында қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер:
Тілдік мәдениет пен терең танымдық филологиялық сауаттылық артады.
Ұлттық тіл құндылығы мен мәдени қатынастарды оқыту аясында қолдануды меңгереді.
Тұлға құзіреттілігін жетілдірудегі тілдік қатынастың маңызын түсінеді.
Практикалық қолданыстағы нәтижелігін бағалайды.
Ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсіл топтамасы: АКТ қолданыстарындағы әдістер, СТО стратаегиялары, бірлескен оқу әдістері: (топтық, жұптық, ауыспалы қатынастық)
Коучинг кезеңдері
Коуч әрекетті
Қатысушылар әрекеті
Бағалану, кері байланыс пен рефлекциялық жағдайлары.
Психологиялық ахуал.
1.Ұлттар атау мен амандасу дәстүрін көрсету. Қимақағаздар арқылы ұлттар атауы мен амандасу сөздері жазылған топтаманы қатысушыларға ұсыну.
«Түрік тілі»,
«Герман тілі»,
«Славян тілі» ,
«Роман тілі» атаулары жазылған топтарға отырғызу.
Жазылғандөңгелек үстелге іріктеліп топ құрады.
Ескерту: Қолдарыңыздағы стикерлеріңізді сақтап
қойыңыздар. Бұл сіздердің постер бағалауларыңызда
қажет болады.
2.«Қазақстанда оқытудағы жаңалықтар» бейнежазбаны ұсыну.
Қатысушылар қима қағазды таңдайды, сол елдің тілінде және дәстүрінде амандасуды көрсетеді.Топтасады, топтық ережелерімен танысады.
Бейнежазба бойынша жаңалықтарды тыңдайды, «Біз өзімізде нені өзгертеміз?» деген сауалға жауаптар айтады.
Топ ережесі алдын ала үстелдерге қойылады, әрбір тапсырмалар тұсына формативтік бағалауды ресурстық негізі қолданылады (смайлик т.б)
Мағынаны тану
Бейнежазба бойынша «Қос тілде оқыту» үлгісі ұсынылады.
- Дұрыс сіздер айтқан қажеттіліктерді, шешу үшін келесі тапсырмаларға көшейік.
Мұғалімдер қажеттіліктерді айтады.
Коуч айтылған сөздерді маркермен тақтаға жазады.
Тыңдаушылар өз пайымдауларын айта отырып, мектеп пен ондағы оқыту әрекеттеріне баға бергендерін ұғынады.
Шығармашылық ой туындату
Ресурстық тапсырма беру:
Екі-үш тілде сабақ берудің ерекшелігі қандай?
Көп тілділік бойынша сабақ өтуде мұғалім қандай талаптар мен әдістерді басты нысанда ұстануы қажет?
Оқушының тұлғалық мәдениетін көтеруде, жасампаз ойлауына көптілділікпен оқытудың қандай оң ықпалы бар?
Осы талқылаулар бойынша топтық жұмыс жасатамын.
Алдарыңыздағы флепчартқа жоғарыдағы сауалдар бойынша : - Егер сіздер осы жобаны іске асырушы болсаңыздар қандай жұмыс моделін құрар едіңіздер. Алгаритімдеп жасаңыздар.(Жобасын)
(Коуч барлық постерді бірден жинап алады. Тақтаға іледі)
Топ өзара кеңеседі, сызбалар жасайды.
Жасаған постерлерді қорғау барысында, тыңдаушылар өздерінің стикерлеріне қосымша ойларын жазып, постерді соңынан толықтыру үшін апарып жапсырады. Барлық постер тыңдалады, қосымша ойлары топ аралық бір-біріне беріліп, постерге жапсырылған соң, постер бағасын стикер саны бойынша шығарады. Көп толықтыру санына қарай постер жұмысы бағаланады.
Өзара бағалау жұмысы жүзеге асады.
Сергіту сәті
«Есте сақтай аласыз ба?, жаман оқушы тыңдамағаннан пайда болады. Ендеше, мен сіздермен тренинг жүргізгім келеді. Мен сіздерге үш тілде аралас сөздер айтамын сол сөздерді қаз-қалпында еске сақтап жазуларыңыз қажет. Мен сөздерді бірақ рет айтамын.Қаламсаптарыңызды ұстамаңыздар, тек тыңдаңыздар.
Тыңдаушылар тыңдау мен есте сақтаудың тиімді тәсілін үйренеді.Бір-бірімен жарысады, өз қабілеттерін салыстырады.
Өзін-өзі бағалауды сезінеді. Ішкі уәж оянады.
*Кері байланыс
Кері байланыста екі түрлі рефлексия жасаймыз біріншісі жалпы эмоцианалдық қабылдау бойынша «Жаңғырық» әдісі бойынша осы коучингке баға беріңіздер. Екінші нақты сауалға толықтай жауап жазып аналитикалық рефлексия жасаңыздар.
Тыңдаушылар, екі түрлі кері байланыстар мен бағалаулар жасаудың айырмашылығын ұғынады. Толық өзіндік пікірлерін жазады.
Әрекет пен дағдыларды толық нақты бағалау жүргізіледі.