Ашық сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының ерлік пен елдік туралы өлеңдері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қараман орта мектебі»ММ









Ашық сабақ

Тақырыбы:

Махамбет Өтемісұлының

ерлік пен елдік туралы өлеңдері

қазақ әдебиеті пәні

9- сынып







Өткізген: Нұрмағамбетова А.Қ.









2015-2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының ерлік пен елдік туралы өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен идеялық мазмұны туралы мәлімет беру, тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту,ақын өміріндегі ұлтжандылықты ұғындыру;
2) Дамытушылық: Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға,өз ойларын еркін айтуға,өз пікірлерін қорғап,ақын поэзиясын насихаттап,әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру;

3) Тәрбиелік: Ақын жырларының негізінде ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу.Елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тақырыпқа арналған слайд,

көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу,ой шақыру,ой қозғау,шығармашылық жұмыстар,сөйлесу;
Пәнаралық байланыс: тарих, саз пәні,қазақ тілі;

Сабақтың құрылысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Өтілген тақырыпқы шолу:

3. Жаңа сабақ

4.Шығармашылық жұмыстар;

5.Сабақты қорытындылау;

6.Бағалау.

7.Үй тапсырмасы.

8.Рефлексия.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшіні тыңдау, психологиялық жағдай қалыптастыру.( оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады)- 2мин.

Мұғалім сөзі: балалар, біздің сабағымыз ерекше сабақ. Бүгін біз қазақ халқының күрескер ақыны Махамбеттің өлеңдеріне талдау жасай отырып, ақынның ойлы да ғибратқа толы сөздерімен танысамыз. Махамбет поэзиясы Исатай бастаған халық көтерілісінің айнасы болды. Отанын сүйген патриот ақын өз өлеңдерінде жауға қатал ,досқа мейірімді болуға, елін, халқын сүюге үндейді.Сондықтан сабағымыздың мақсаты –Махамбеттің ерлік пен елі туралы жырларын талдай отырып, еліміздің патриоты болуға , ақынның өмірінен үлгі алуға үйрену.Сабағымызды мына сұрақтарға жауап беруден бастаймыз: Махамбет Өтемісұлы кім? Махамбеттің өлеңдерінің тақырыбы не туралы?(слайд көрсету )3 мин

Өтілген тақырыпқа шолу жасау үшін тарихшылар мен әдебиетшілер сөз алады.

Өткен тақырыпқа шолу
Тарихшылар:

1.Шаруалар көтерілісінің шығу себептері.Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынана кешірді. Елін, жерін қорғап, азаттығы үшін жауларымен сұрапыл айқасқа түсті. Халық тарихындағы сондай елеулі оқиға 19- ғасырдың бірінші жартысындағы Ішкі Бөкей ордасында болған шаруалар көтеріслісі еді. Шаруалардың көтеріліс жасауына не себеп болды? Отаршыл патша үкіметі халықтың жерін күшпен тартып алып, сұлтан-билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым-салықты да көбейтті. Халық екі бірдей қыспаққа түсті.Біріншіден, шаруалар шұрайлы қонысынан, жер-суынан айырылса, екіншіден, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды.Халық осындай қыспаққа шыдай алмады. 1836-жылы ақпан айында Ішкі Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс басталды.

2. Бөкей ордасы қай жерде құрылды?

Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасты. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

3.Жәңгір Бөкейұлы кім болған?

Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп, 1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.

4.Исатай Тайманұлы –көтеріліс көсемі.Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келіп, 1838 жылы қаза болған. Бөкей хан 1812 жылы Исатайды Жайықтағы беріш руына старшын етіп тағайындаған. Бөкей қайтыс болып, Шығай билігі кезінде Исатай екеуінің арасында бас араздық туады. 1817 жылы Орынбор шегара комиссиясы Исатайды старшын Өтеміс Құлманизұлын шаптың деген кінә тағып, Сарайшық түрмесіне жабады. Ел - жұрты 20 мың сом ақша жинап босатып алады. Шығай 1823 жылы жаламен екінші рет түрмеге қаматады. 1836 жылы Исатай 3,5 мыңдай қол жинап ашық көтеріліске шықты. 1838 жылы Ақбұлақ өзені түбіндегі шайқаста қоршауда қалып, қаза тапты.

5.Махамбет Өтемісұлы – күрескер ақын.

Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 -1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1834 жылы Исатай батырмен тізе қосады. Алайда көтеріліс жеңіліс табады. 1838 жылы Исатай қаза болған шайқастан Махамбет аз ғана серіктерімен қашып құтылады. Ол Хиуа хандығына барып тағы да жасақ жинауға күш салады. Бұдан нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп ел ішін паналайды. Мұны естіген Жәңгір 40 адамнан құралған жасақ жібереді. Махамбетті ұстап екі апта түрмеде ұстап Орынборға айдатады. Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді. Жәңгір хан қайтыс болған соң елге сұлтан болған Баймағамбет Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басы үшін 1000 сом сыйақы тікті. Махамбет хорунжий Ықылас Төлеевтің қолынан қаза тапты. Махамбет- халық кегінің жоқтаушысы. Оның өлеңдері халықты ерлікке, батылдыққа шақырып, өз елін сүюге , халық мүддесін қорғауға шақырады.



Әдебиетшілер.

1.Көтерілістің алдына қойған мақсаты да, кімге қарсы күрескені де, не үшін күрескені де Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан мына өлеңінен айқын байқалады:

Өздеріңдей хандардың

Басын кессем деп едім…

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Еңсесі биік ақ орда,

Еріксіз кірсем деп едім.

2. Ақын өлеңдерінен көтеріліс күндерінің әрбір оқиғасы айқын аңғарылады. «Соғыс» өлеңінде көтерілістің ең шырқау шегіне жеткен күнін былайша суреттейді:

Исатай –басшы, мен-қосшы,

Исатайдың сол күнде

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды…

Еділ үшін егестік,

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық,

Тептер үшін тебістік.

Теңдікті, малды бермедік.

3.Махамбет өлеңдері –шаруалар көтерілісінің айнасы. Бір жиында хан Махамбетке өзін мақтап өлең айтуын сұрайды.Сол жерде ол Жәңгірге:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың,

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын!

Хан емессің, ылаңсың,

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің, аярсың,

Айырқұйрық шаянсың!...-деп шындықты бетке айтады. Ханның жауыздығын әшкерелейді.

4.Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі –батырлық пен ерліктің символы. Махамбет өзінің серігі, көтеріліс басшысы Исатайға арналған өлеңдерінде елі үшін жанын аямаған, басын құрбан еткен күрескер бейнесін сомдады. «Тайманның ұлы Исатай» атты өлеңінде:

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді,

Исатайды өлтіртіп,

Қырсық шалған біздің ел,- деп аяулы батырынан айырылып қалғанына өкініш білдірсе, «Тарланым» атты өлеңінде:

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен?! –деп толғанады.

5. Махамбет өмір сүрген заман –көтеріліс, күрес, жорық, қуғын-сүргін жылдары. Махамбет өмірін оның өлең жолдарынан анық көруге болады. Жыраулар поэзиясының «мендік» дәстүрін жалғастырған ақын «Менің атым –Махамбет», «Мен Өтемістің баласы», «Мен, мен едім, мен едім», «Мен құстан туған құмаймын», « Боз ағаштан биік мен едім» дейді.

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім. 15 мин





Махамбет туралы деректі фильм көрсету. 2мин.

Жаңа сабақ .Мұғалім сөзі: Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге Махамбет өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталсам деймін. Махамбет поэзиясы метафора, теңеу, әсірелеу, эпитеттерге бай. Махамбет өлеңдері нақыл сөздер түрінде де айтылады. Мысалы, Аз сөйлерде көп тыңдар

Хас асылдың баласы,- деген өлең шумақтарын алуға болады. Тағы бір айта кетейін дегенім, Махамбет өлеңдерінің көп өлеңдері тарихта нақты болған оқиғаға байланысты жазылған. Сондай өлеңдері: «Еркеуіл атқа ер салмай», «Әй, Махамбет, жолдасым!», «Соғыс» және т.б.Балалар, мен сіздерге Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінен үзінді оқып берейін Кезінде қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов осы әңгіме туралы былай деп жазды: «Қараой» әңгімесі –халқым деп қолынан қару түспеген, жасындай жырымен көтерілісшілерді рухтандырған Махамбеттің бейнесін танытуда зор роль атқаратын шығарма. (үзінді оқу)2мин

Ерлік пен елдік туралы өлеңдері.

Мұғалім: Балалар, қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар. (слайдтан көрсету) 
1- топқа тапсырма.
 
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
 
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
 
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.
 
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып
 

2- топқа тапсырма.
 
1) «Қызғыш құс» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?
 
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.
 
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы
 
2.Жиі кездесетін сөздер:
 5мин.

VІІ. Сабақты бекіту: Оқыта үйрету ойыны арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар тақырып бойынша қиын сұрақтар құрастырып, мұғалімге тапсырады. Сұрақтар құрастырылып болған соң, оқушылар кез келген сұрақты алып, дауыстап оқып, толық жауап беруге тырысады. 5мин
Екі топқа семантикалық карта парақтары таратылады, бір-бірін тексереді.

VІІІ. Сабақты қорытындылау: Екі топқа Диаграмма Венна әдісі бойынша талдау

1-топ: Махамбет пен Исатай

2- топ: Махамбет өмір сүрген кезең және қазіргі біздің заман

Блиц турнир сұрақтары :

1.Махамбет Өтемісұлы кім?

2. ...Хан емессің, ылаңсың,

Ысқырынған жылансың.

Хан емессің ,аянсың,

Айыр құйрық шаянсың.

Бұл өлең кімге арналған?

3.Махамбеттің Исатайға арнап жазған өлеңдері?

4. 1836-1838 жылдары қандай тарихи оқиға болды?

5.Махамбет қандай тілдерді жетік білді?

6. Махамбет орыстың қандай ғалымымен таныс болды?

7. Исатай Тайманұлы кім?

3мин
Мұғалім:
Академик жазушы М.Әуезов: “Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. ...Барлық қозғалыстың ірі, ер басшысы Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы”

Х.Досмұхамедов: “Махамбеттің өзі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. Өте қызулы адам екен. ...Махамбеттің мінезі сотқар, қалжыңқой, бетің-көзің демей ойына келгенін айтып салатын батыл болған. Жауласқан мезгілде өте батыр, айлакер болған”

Академик Қ.Жұмалиев: “Халықтың жырын жырлап, таяғын соғу ісінде Махамбет ақынның еңбегі тарихи еңбек. ...Махамбет – ең алдымен халқын, Отанын сүйген патриот ақын. Оның өлеңі – елін тереңнен сүюдің айқын үлгісі. Санасы оянып, ойы өсе бастаған күннен бастап-ақ ақын жалпы халық көпшілігін езіп отырған хан, сұлтан, би-төрелерге қарсы шықты. Найзасына асыл сөз, өткір тілін қоса жұмсады

Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. 
Махамбет
 
Махамбет...
 
Білмеймін жел ме,сел ме
 
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
 
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?
 1мин
ІХ. Оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушылардың білімін бағалау.2мин
Х. Үй тапсырмасы: Махамбеттің бір өлеңін жаттау, ерлік туралы мақал - мәтелдер дайындап келу

Рефлексия. Менің сабақтан алған әсерім 2мин











Семантикалық карта





























Бағалау парағы

































10