Пооурочный план по казахскому языку на тему Жалпы шолу/11 класс/

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жалпы шолу.


Сабақтың мақсаты:

1. 1920- 1930 жылдардағы әдебиетке шолу жасау, танымал жазушылардың белгілі шығармаларын атау және олардың мазмұнымен танысады,әдебиетте қалыптасқан екі ағымның мәнін ашып түсінеді.

2. Қазақ көркем әдебиетінде екі ағымның қалыптасқанына оқушылардың назарын аудара отырып, оқушылардың логикалық ойлау, өз ойын ашық айта білу және салыстыру арқылы қорытынды жасай алу қабілеттерін одан әрі дамыту.

3. Ақын-жазушылардың еңбектеріне талдау жасау арқылы балаларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Керекті құралдар: ақын-жазушылардың портреттері, қосы мша деректер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)

а) сәлемдесу, түгелдеу;

ә) оқу құралдарын тексеру;

б) бала зейінін шоғырландыру.

І.Қызығушылықты ояту: топтастыру

Топтарға ауызша тест сұрақтарын қою:

І топ:

1. Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім қашан құрылды? (1919 жылы желтоқсанда).

2. 1920 жылы Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы жанынан құрылған тұрақты және маусымдық экспедициялар немен айналысты? (Қазақстанның жер қойнауын, фаунасын, климатын, аумағын,мәдениетін, тілін кешенді ғылыми зерттеумен).

ІІ топ:

1.КСРО ҒА-сы жанынан одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырылған жыл: (1926 жыл).

2. 1934 жылы ашылған Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ-ның секторларын ата. (тарих және археология, тіл құрылысы, әдебиет пен фольклор, т.б.).

ІІ.Мағынаны тану

А) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ә) жаңа сабақтың жоспарын дәптерлеріне жаздыру.

  1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиетінің өкілдері, олардың шығармалары.

  2. Қазақстан әдебиетінде қалыптасқан 2 ағым.

  3. Қазақстан қаламгерлерінің қудалануы.


ІІІ. Ой шақыру;

Жазушылардың портреттерін көрсете отырып, олардың өмір сүрген уақыттарын атау.


Шығармалары

А.Байтұрсынов

Б. Майлин

Ж. Аймауытов

С. Мұқанов

Ғ. Мұстафин

М. Жұмабаев


С. Сейфуллин

І. Жансүгіров

Ғ. Мүсірепов


«Маса», «Әдебиет танытқыш»,т.б.

«Азамат Азаматыч», «Жалбыр», т.б.

«Қартқожа», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» т.б.

«Жұмбақ жалау», «Сұлушаш» т.б.

«Өмір мен өлім» т.б.

«Шолпан», «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» т.б.

«Көкшетау», «Тар жол, тайғақ кешу», т.б.

«Құлагер», т.б.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» т.б.


Сабақты түсіндіру: көрнекілік қолдану арқылы ауызша баяндау.

«Талап» қоғамының мақсаты мен қызметі:

А) қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы,т.б. мәселелерін қарастыру;

ә) ұлттық өнерді зерттеу;

б) қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;

в) қазақ мектептерінде оқыту мәселесін қарастыру;

г) қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.

әдебиет

[pic]

2 ағымның айырмашылығына тоқталу.



д) Пікіралмасу:


  1. Сіздер қалай ойлайсыздар, неге әдебиеттегі екі ағымның өкілдері де бірдей саяси қуғын-сүргінге ұшырады?

  2. Ақын-жазушылардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы қазақ халқының санасына кері әсер ете алды ма?

  3. 1. Жоғарыда аталған жазушылардың қайсысының шығармасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін қамтиды? Нақты мысалдар арқылы дәлелдер келтіру.

  4. 2. Қайсысының шығармасында Кеңес өкіметінің орнауы сипатталады?


Қорытынды: оқушылар білімін бағалау (2 мин)

Үй тапсырмасы: Әдебиет өкілдерін топтастыру