Сабақ жоспары. Конспект по казахскому языку

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ .

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алады,

Абай өлеңдерін терең меңгертеді, мәнерлеп жатқа айтады.

2. Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере, өзінше ой түюге

баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін,

сөйлеу мәдениетін дамытады.

3.Тәрбиелік : Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру,

адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіреді.

Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаевтың портреті, слайдтар,

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс әдебиеті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу

Топқа бөліп отырғызу

Сабаққа дайындықтарын тексеру

«Қызығушылықты ояту.»

«Абай кім?»тірек сызба бойынша сөйлейді.

Абай

Ақын Жазушы Сазгер Аудармашы

Мұғалім сөзі: Негізгі күн көрісі мал болғандықтан, соның жайын ойлап, сай-сала,

ықтасынды паналаған көшпелі қазақ елінің қалың қар, қақаған аяз, ақ түтек

бораннан көрген азабы аз болмаған.

Ұлы ақын , міне, сол қазақ үшін қаҺарлы маусымға да «Қыс» деген өлең

арнаған. Ал қысты адам кейпінде, адам бейнесінде суреттеу ұлы Абайға дейін

болмаған.

Ақ киімді, ақ сақалды, үсті –басы ақ қырау, алып денелі соқыр, мылқаудың

басқан жері сықырлап келіп қалды, әрі сондай қорқынышты болса, әрі сондай әсерлі,

бейнелі.

Жаңа сабақ. « Мағынаны таныту»

Сөздікпен жұмыс:

Түсі суық- суровый вид

Сықырлау-скрипеть

Бұлт –туча

Қасы-брови

Сілку- трясти

Алты қанат үй шайқалды - раскачалась шести крылатая юртаТүсіндірмелі сөздікпен жұмыс:

Шидем-қойдың терісінен тігілген тон

Алты қанат ақ орда- киіз үй

Өлеңін мәнерлеп оқу : А.Құнанбаев « Қыс»

1-тапсырма:

Өлеңді суреттеу

2-тапсырма: Аудармасын тап.

Дұрыс аудармасын тап.Екі топқа орыс халқының ақындарының өлеңдерінен үзінді

беру.

3-тапсырма:

Суретпен жұмыс. Абай атамыз суреттеген қысты табады.

4-тапсырма: Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Бекіту:

Абай Пушкин Оқушы

Сабақты қортындылау. «Ой- толғау»

Ал, балалар біздің жерімізді халық «ұлылар мекені»- деп бекер айтпаған. Осы

жерде ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың өмірге келуі - сирек құбылыс. Бұл өңірде

бұдан бұрын да атақты адамдар өмір сүрген.

Осы Семейде туған қандай атақты, ұлы адамдарды білеміз?

Абай атамыз туралы не білдік?

Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттап келу.