Сабақ жоспары 4 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Дүкенде 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Дүкендер» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру; сөзтіркес пен сөйлемдер құрастыруды үйрету. Тарау бойынша тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық:Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақтарды дұрыс түсініп, дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жазуға, еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу. Сатушы мамандығын пайдалы екендігін айтып түсіндіру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақтың мақсатың, барысын айту

  4. Жаңа сабақ

Тақтада әр түрлі дүкендер бейнеленген сурет ілулі тұрады. Мұғалім сұрақ – жауап әдісімен жаңа тақырыпқа шығады..

Тілдесім:

Мынау нелер?

Бұл қандай дүкен?

Жемістер, көкөністер дүкенінде не сатылады?

Азық – түлік дүкенінде не сатылады?

Мынау қандай дүкен?

Кеңсе тауарлар дүкенінде нелер сатылады?

Мынау қандай дүкен? Киім дүкенінде нелер сатылады?

Сонда осы суреттеде нелер бейнеленген?Бір сөзбен қалай айтамыз?

-Дұрыс, дүкендер.

Сөздік жұмысы:

Азық – түлік дүкені – продуктовый магазин

Киім дүкені – магазин одежды

Жемістер, көкөністер дүкені – магазин овощей и фруктов

Кеңсе тауарлар дүкені – мағазин каңц. Товаров.

1)Оқушылар тізбектеп оқиды, қайталайды.

2)Сөз тіркестерін құрастырады.

3)Сөйлемдер құрастырады.

Оқылым:  Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, орыс тіліне аударады. Бірінші қатар қазақ тілінде оқиды. Екінші қатар орыс тіліне аударады. Әңгімелейді.

Жазылым: 1) 1 топ – «Дүкендер» әңгіме құрастырып жазады.

2 топ дүкен туралы жауап арқылы диалог құрастырады.

3 топ. Қай зат қай дүкенде сатылады? Сөздерді екі бағанаға бөліп жазады.

  1. Сабақты қорытындылау, бағалау. Әр топ ассоциациясын құрастырады. Тақырыптары: «Азық – түлік дүкені», «Киім дүкені», «Кеңсе тауарлар дүкені»

6.Үйге тапсырма: «Дүкендер» әңгімелеу

Жаңа сөздерді жаттау.






Сабақтың тақырыбы: «Азық – түлік» дүкені 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Азық – түлік дүкені туралы толық түсінікерін беру. Сурет бойынша сөйлемдер құрай білу, әңгімелеу, сөздік қорын молайту. Етістіктердің шақтарың дұрыс қолдануға жаттықтыру.

Дамытушылық: Сөйлемдерді өрбәтәп, дамытып, жазу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Тамақтану әдебін сақтау туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме айту, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақтың мақсатың, барысын айту

  4. Жаңа сабақ

«Азық – түлік» дүкені суреті арқылы жаңа тақырыпқа шығу.

Тілдесім:

  • Мынау не?

  • Бұл қандай дүкен?

  • Азық – түлік дүкені қандай?

  • Азық –түлік дүкенінде нелер сатылады?

  • Азық – түлік дүкенінде қандай сүт тағамдары сатылады?

  • Азық – түлік дүкенінде қандай ет тағамдары сатылады?

  • Азық – түлік дүкенінде қандай ұн тағамдары сатылады?

  • Азық – түлік дүкенінде қандай тәтті тағамдар сатылады?

-сонда балалар, бүгінгі тақырыптың аты қалай?

-дұрыс, «Азық – түлік дүкені»


Айтылым: 133 беттегі №1 тапсырма. Оқушылар суретті әңгімелейді.

Керекті сөздер: сатушы, азық – түлік, сатып алушы, төледі, сөрелерде, үстінде, астында.


Оқылым: 134 беттегі №2 тапсырма. Оқушылар диалогты мәнерлеп оқиды. Көп нүктенің орнына бағаларын қойып айтады.


Жазылым. 1 топ:134 беттегі №4 жаттығу. Адасқан сөздер бар сөйлемдерді тауып, қатесіз құрастырып жаз.

  • Ет дүкенінде сүт сатыдалы.

  • Ернұр бір килограмм айран сатып алды.

  • Мен киім дүкенінен кеңсе тауарларын сатып алдым.

  • Біз бұ\үгін көкөніс дүкеніне кеңсе тауарларын сатып алдық.


2 топ. 134 беттегі 3 жаттығу. Сөздерді дұрыс аударып, осы сөздер арқылы сөзтіркестерін құрастыру.

Керекті сөздер: мясо - ет, сыр-ірімшік, молоко-сүт, соль-тұз, хлеб-нан, сахар-қант, кефир-айран, сметана-қаймақ, колбаса-шұжық, творог- сүзбе.

Үлгі: дәмді ет, жұмсақ ірімшік, суық сүт, ақ тұз, нан сатып алдым, тәтті қант, қышқыл айран, қаймақ жедім, өте дәмді шұжық т.с.с


3 топ. 135 беттегі №5 жаттығу. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап жаз.

Шұжық .../-ты, -ті/, нан ...../-да, -те/, тауар ... /-мен, - бен/, дүкен..../-нің, -ның/, алма .../-лар, - дан/, киім .../-ні, -ді/, айран ....../-да, -ны/, сүт ....../бен, -пен/.

Үлгі: шұжықты, киімді, нанда, тауармен, дүкеннің, алмалар, айранда.


5)Сабақты қорытындылау, бағалау.

Азық – түлік дүкені



[pic] [pic] [pic] [pic]


Ет тағамдары



Ұн тағамдары






Сүт тағамдары

Тәтті тағамдары







6) Үй тапсырмасы: «Азық – түлік дүкені» әңгіме немесе диалог құрастыру.