Менің сүйікті ойыншығым.ашық сабақ даярлық тобы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? Сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер

Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ.

«Ойыншықтар»өлеңін оқып беру:

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып, балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды.

-Сенің қандай ойыншығың бар?

-Ойыншықтарыңды жақсы көресіңбе?

-Қандай (үлкен, кішікентай)

-Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе?

Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады.




Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.



Жаттауға талпынады.



Сұрақтарға жауап береді.









Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді.

Ізденуді ұйымдастыру

Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық.»

-Кәне, сандықта не бар екен, деп балалардың көңілін аударады.

-Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен.

-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі.

Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

Үлестірмелі суреттермен.

«тез көрсет!» ойынын ойнатады. Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы:

Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады,

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

Тәй,тәй тұрған ботақан,

Аяқты қалт-құлт басасың.

Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсынады.

«Не артық?» дидактикалық ойыны. Суреттен не артық екенін табады.

Балалар сандыққа қызығушылық танытады. Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды.

-Менің ойыншық мысығым бар. Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.

Мысығым аппақ.

Ол сүтті өте жақсы көреді.



-Менде құлыншақ бар.

-Құлыншақ кішкентай, әдемі. Мен құлыншақты жақсы көремін.

-Менде ойыншық ботақан бар.

Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар. Балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ойынды түсініп ойнауға талпынады. Тез көрсетуге тырысады.

Балалар жылқыны көрсетеді.

Балалар мысықты көрсетеді.

Ботақанды көрсетеді.

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап жаттайды.

-Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес.

Рефлекстік түзету

Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады.

Балалардың түсінгендерін, қимыл-қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағадлай, мадақтайды.

Балалар қайталайды. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықты сипаттауды.

Игереді: ойыншық туралы түсінікті.

Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды.