Дәріс 1.6 Шыны және хрусталь ыдыстар
Шыны және хрусталь ыдыстар дастархан басында арақ – шарап, сусындарға арнап ұсынылады.
Хрусталь ыдыс-аяқтар – салтанатты тойларда қолданылатын ыдыс-аяқтар. Ақ шыныға күміс немесе қорғасынды қосып дайындайды. Ең алғашқы хрусталь Англияда, кейін Францияда пайда болды. Сапасы жоғары болып келетін хрусталь Румыния және Австрияда дайындалады. Шыны ыдыс-аяқтар – хрустальмен салыстырғанда арзан болып келетін ыдыс-аяқтар. Белоруссияның шыны ыдыс-аяқтары өте жақсы бағаланады.
Шыны ыдыстарды үрлеу, престеу, құю әдісімен дайындайды. Түрлі түсті шынылар көп қолданыста болды. Жасалу технологиясы хрустальға қарағанда оңай; шыны ыдыс арзандау, сол себепті күнделікті қызмет көрсетуге қолданылады.
Хрусталь ыдыстар негізінен қонақ күтуде, банкеттерде және мерекелік кештерде қолданылады.
Хрусталь ыдыстар құрамында қорғасын оксиді бар ақ шыныдан жасалады. Қорғасынның жоғары қоспасы әсерінен хрусталь ыдыстарында ұзақ мерзімге шарап, сусындарды, әсіресе құрамында алкоголі бар шараптарды қалдыруға болмайды. Дәл осы себептен ыдыстарды тым ыстық сумен жууға да болмайды. Қорғасын оксиді бөліктері біртіндеп балқып, бет пішіні бұлдыр – бұлдыр болып қалады.
Хрусталь ыдыс өзінің мөлдірлігімен, жарқылдау және дыбыс шығару қасиетімен ерекшеленеді. Бокал, стақан мөлшерлері арақ-шараптың күштілігіне, тұрақтылығына байланысты болады. Арақ – шарап қаншалықты күшті болса, стақан мөлшері соғұрлым кіші болуы тиіс.
Фужер, ликер және коньяк рөмкелері (25мл), рейнвейн,мадерн және лафитті рөмкелер, бокал, ақ арақ стақандары және сыра кружкалары міндетті түрде болуы тиіс.
Мейрамханаларда шыны мен хрусталь ыдыстарының келесі түрлері қолданылады:
· Рюмкалар (сыйымдылығы 25мл) – ликерге арналған (кейде коньяк құйып ұсынуға да болады)
· Коньяк рюмкалары (пішіні "қызғалдық" тәріздес болып келеді. Оларға 25мл –дан артық коньяк құйылмайды)
· Рюмка (сыйымдылығы 50) – ақ араққа арналған. Кейде келушілердің қалауы бойынша бұл рюмканы коньякқа да ұсынуға болады.
· Мадерн рюмкелер (сыйымдылығы 75мл) – десерттік шарапқа арналады: портвейн, мадер, мускат.
· Ренвейн рюмкалары (сыйымдылығы 75-100мл) – асханалық ақ шарапқа арналған: цинандали рислинга, гурджаани, сильванер. Ақ шарапқа арналған рюмкаларға тән түсі ақшыл жасыл болып келеді. Ренвейнді рюмкалар негізі алтын - жасыл түсті болып келеді. Кейде ақ шарапты мөлдір шыны рюмкасына құйып ұсынады.
· Лафитті рюмкалар (сыйымдылығы 100-125мл) – ақшыл қызыл шарапқа арналған: №4 мукузани, саперави, матраса, гамза. Бұл рюмкалар күлгін түсті болуы мүмкін.
· Цилиндр формалы бокал (сыйымдылығы 125мл) – аққайнарға арналған.
· Минералды және жидекті сусындарға арналған фужер (сыйымдылығы 250-280 мл) – кейде оларды сыра құйып ұсынады.
· Сыралық кружкалар (сыйымдылығы 250-500 мл)
· Цилиндрлі стақандар (сыйымдылығы 300мл) мұз қосылған виски мен мұз қосылған пуншке арналған.
· Түбі қалыңдатылған стақан – гляссе кофесіне арналған.
· Розеткалар (сыйымдылығы 90мл) – кайнатпа, қант және лимонға арналған.
Шыны ыдыстардың күтімі
Рюмкаларды негізгі буфетте жуады. Алдымен оларды арнайы ұнтақ қосылған ыстық суда жуады. Сосын тұнбаны еріту үшін сірке қышқылы және тұзбен жуады. Сосын рюмкаларды ағынды сумен шайып, залалсыздандыру үшін хлорамин ерітіндісіне салады. Қалған шыны ыдыстарды ыдыс жуатын машинаға салып, ыстық сумен жуады. Сосын ыдыстың суы ағып кету үшін оны арнайы ыдысқа салады.
Шыны ыдысты қонаққа ұсынар алдында міндетті түрде жылтырату қажет, ол үшін майлықтар немесе сүлгілер қолданылады. Жып-жылтыр болғанша оны сүртеді, сосын ашық жарыққа қарап тексереді. Сүртілген рюмкаларды подносқа қояды және олардың бетін таза майлықпен жауып қояды. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай ыдыстардың сыңған жері болатын болса, онда оны бөлек жерге қою қажет. Даяшының өзі ыдыстардың таза екендігіне көзі жетпейінше, ол столға қойылмайды. Шыны ыдыстарды сүрту қонақтардың қатысуынсыз қосалқы бөлмеде жүзеге асырылады.
Қолданылған ыдыстарды түріне және көлеміне байланысты сұрыптап бөледі. Шыны ыдыстарды арнайы жабық. Полкасы бар шкафтарда сақталады. Даяшының жұмысын жеңілдету үшін әр рюмканың түріне байланысты жеке жазылған сөрелер қарастырылады. Сөрелердің есіктері әрқашан жабық болуы керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ыдыс – аяқтардың қолданылуы берілген (1 - кесте).
1 кесте – Ыдыс – аяқтардың қолданылуы
-
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында хрусталь және шыны ыдыс-аяқтардың сипаттамасы ұсынылған (2 - кесте).
2 кесте – Хрусталь және шыны ыдыс-аяқтардың сипаттамасы
- Коньяк
Арақ рюмкасы
50
Арақ, настойка
Мадернді рюмка
75
Күшті және десертті шараптар
Рейінвейінді
рюмка
100
Ақ құрғақ және жартылай құрғақ шараптар
Конусты стакан
100-150
Натуралды шырындар
Айриш–кофе бокалы
100-200
Мексиканша және Ирландша кофе
Олд–фэшенд стақаны
100-250
Мұзбен жіберілетін алкогольді сусындар
Маргаритта рюмкасы
100-300
Коктейль
Лафитті рюмка
125
Қызыл асханалық шараптар
Бокал
125-150
Шампан
Снифтер
125-600
Бренди
Кларет рюмкасы
150-200
Асханалық шараптар
Шутер бокалы
180-250
Кабаттаттама коктейль
Шай стақаны
200
Шай
Хайбол стақаны
200-250
Микс дринк
Коблер рюмкасы
200-300
Балмұздақты коктейль
Кофе стақаны
250
Кофе-гляссе
Фужер
250
Минералды және жеміс жидекті сулар
Цилиндрлі стақан
250-300
Коктейль
Сыра бокалы
250-500
Сыра
Графин
250-1200
Алкогольді сусындар
Хайрикен бокалы
400
Экзотикалық коктейль
Кувшин
1000-2000
Морс, квас
Ваза
2500
Крюшон