Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жырдың құрылысы
Сабақтың мақсаты:
а) жырдағы көтерілген проблемаларды аша отырып,құрылысына талдау жасау;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін пробемаларды ашу барысында,кейіпкерлер әлеміне талдау барысында,оқушыларды пікір алмасуға,ойларын аша білуге,соны дәлелдей білуге үйрету,
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
«Махаббат-дүние көркі»тақырыбында әр топ өзіне ұнаған эпизод бойынша сахналық көрініс көрсетеді. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры саған несімен ұнады?
2. Қай кейіпкер,қандай қылығымен ұнады?
3.Ұнаған кейіпкер кім? Себебін түсіндір.
4.Сен Қозының орнында болсаң не істер едің?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын құрылысына қарай талдайды.
1.Басталуы.
2. Дамуы.
3. Шарықтау шегі.
4. Шиеленісі.
5. Шешімі.
Топпен жұмыс: Шығармадағы дәстүрлі салт жырларының үлгісін тауып,мысалдарымен дәлелдеп бер.
Жар-жар естірту
Жоқтау қоштасу
Білімді бекіту: Әр топ өкілі өзінің топ мүшелерінің білімін бағалайды,өкілдерді топ бағалайды,өз пікірлерін айтады.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлардың басқа түрлерін оқып келу