__________________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
«Дала» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
С.Сейфуллиннің өмірі және шығармашылық жолымен қысқаша таныстыру. «Дала» өлеңіндегі табиғат көрінісінің суреттелуімен, «Наурыз» өлеңіндегі жаңарған тіршілік көрінісімен таныстыру.
Әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту.
Оқушыларды халқын, ақынды, тілді құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқыту, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану.
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, тірек сызба, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекшімен сұхбаттасу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Қазан төңкерісі, ұлт-азаттық күресі туралы қысқаша).
Оқулықтағы С.Сейфуллин туралы мәліметпен жұмыс жүргізіледі.
С.Сейфуллин шығармашылығына арналған кестені толтырыңдар:
Сөздік жұмысы. Сөздер интерактивті тақтада көрсетіледі:
Кедей – бедный
Өнерлі – искусный
Әңгімешіл – словоохотливый, разговорчивый; рассказчик
ұлт-азаттық көтеріліс – национально-освободительное восстание
тілектес - сочувствующий
киік - сайгак
көпсырлы - многогранный
Қазан төңкерісі – Октябрьская революция
Тұсаукесер – презентация
Дәріс беру – учить
Көшпелі - кочевой
Тақтада берілген тірек сызба арқылы оқушылар Сәкен Сейфуллин туралы баяндайды:
Приход мектебі
Үш сыныптық училище
Сергіту сәті.
«Дала» өлеңімен жұмыс:
Өлең мәтіні оқылады, оқушылар өздері мәнерлеп оқиды.
Өлеңді оқи отырып, дала суретін қалай елестетесіңдер?
қандай? қандай?
в. Әдебиет теориясынан түсінік беру. Теңеу, эпитет туралы түсінік.
Көркем шығармаларда ақын-жазушылар оқиғаның, көріністің дәл сипатын беру үшін әртүрлі сөз өрнектерін қолданған. Солардың қатарына теңеу мен эпитет деп аталатын ұғымдар да жатады.
Теңеу – көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.
С.Сейфуллин «Күз» атты өлеңінде талдың жапырағын сұлуға, жасыл жібекке, күзді ұялшақ келінге теңейді.
Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз. Абайдың «Күз» деген өлеңін аламыз
г. Өлеңге байланысты берілген сөздік:
Дала –степь
Құшақ – объятие
Кең – широкий
Сағыну – скучать
Кестелі жібек көрпедей – как вышитое шелковое одеяло
Майысып гүлдер бұралды – цветы грациозно изогнулись
Көк шалғын – зеленый луг
Бөгеу – преграждать
Шаттану – радоваться
Еркелеу – быть баловнем
Тән мен жанды балқыту – истома души и тела
Иіс – запах
Жас бала – младенец
Сабақты бекіту:
Тапсырма: «Дала» өлеңінен теңеу мен эпитеттерді теріп жазу.
Сабақты қорытындылау:
Үй тапсырмасы:
-