Қазақ әдебеиті пәнінен сабақ жоспары Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят» туралы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Күні: 10.03.2015жыл

Сыныбы:5

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят» туралы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,талдау, сөздік,тізбектей оқу.

Көрнекілігі: Үлестірме,оқулық,постер.

Формасы: Жеке-дара, топтық.

Мақсаты:

1.Білімділік: Жұбан Молдағалиев туралы мәлімет беру, «Ар-ұят туралы» өлеңінің тәрбиелік мәнін таныту;

2.Дамытушылық: Ұтымды ойлау, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту, өзіндік ой-пікір, баға беру қабілеттерін шыңдау.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, тапқырлыққа, инабатты, әдепті болуға тәрбилеу.


Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Амандасу.

-Түгеңдеу.

-Оқушы назарын сабаққа аудару.


Сергіту сәті: «Атомдар мен молекулалар»

Мұғалім «атомдар» деген кезде оқушылар жеке дара жүгіреді де, «молекулалар бесеуден» немесе «молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, өлең, тақпақ, ән айтады.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

-Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

- Қ.Аманжолов «Дауыл» өлеңі.

-Жақсы, енді үй тапсырмасын тексеру мақсатында үлестірме қағаздармен жұмыс жасайық.
















Үлестірмемен жұмыс.


Ақын туралы мәлімет

«Дауыл»

өлеңінің

тәрбиелік мәні

Өлең

бойынша

сөздік

Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. келген. Ол жастайынан өлең шығарып, ән салып, домбыра, скрипкада, күйсандықта

ойнаған. Ақын Ұлы Отан соғысына

қатысқан. Ақынның «Орамал», «Дауыл»,

«Туған жер» , «Өзім туралы» т.б. өлең-

жырлары бар.

бар.


Оқушыларды

рухы биік өр болуға, қайсар да қайратты, өз елінің патриоты болуға, намыс туын әрқашан жоғары көтеруге тәрбиелеу.


Дала жауыш –шашынды кезде қатты ұйытқып,

құтырына

соғатын жел.

Сырғауыл-

жіңішкелеу

келген

ұзын ағаш.



«Дауыл» өлеңін жатқа тексеру.


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, шолу жасау.

Сөзжұмбақ.








1. Желмаямен желіп жүріп Жерұйық іздеген кім? (Асанқайғы)

2. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеуді не дейді?(Портрет)

3.Абайдың әкесінің аты. (Құнанбай)

4. «Мадан хан» қай ертегінің кейіпкері? (Аяз би)

5. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (Мұхтар)

-Балалар, сөзжұмбақтың шешімі бойынша қандай сөз шықты?

-Ар-ұят





-Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ар-ұят туралы» өлеңі.

Ар-ұят, намыс, абырой деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?


Оқушылардың жауаптары.

Ар,намыс,ұят, абырой-адамдықтың асыл қасиеттері. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: «Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы ». Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы –ар мен ұят. Ұят-адамгершіліктің жемісі,сонымен қатар ардың қосшысы.

«Ар-ұят туралы» өлеңінің авторы Жұбан Молдағалиев .

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. 1940-1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысты. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылды.


ІҮ. 1.Өлеңді тізбектей оқыту.

2. Мәтінмен жұмыс..


Өлең мазмұнына сай жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеу.

Жоспар.

1.Кіріспе

Шал мен жігіт шатағы.

2.Негізгі бөлім

Ар-ұят туралы

3.Қорытынды.

Ар-ұят-кісілік белгісі.

Берілген өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талда.

Ұятпен //адамдық //өлшенді, а 9 буын

Ұятпен// надандық //өлшенді.а 9 буын

Ұятпен// адалдық// өлшенді, а 9 буын

Ұятпен //арамдық// өлшенді. а 9 буын

2 шумақ, 8 тармақ, әр тармақта 2 бунақ, шұбыртпалы ұйқас.

Ар-ұят туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.


V Сөздікпен жұмыс.

Ождан-ар-намыс сөздерінің баламасы.

Зор парыз-үлкен жауапкершілік.

Ғұмырлы болу-жасы ұзақ болу.





Құлаққа құю-кішкентайынан айта беру.

Тулау-бой бермеу.

Адамдық-адамгершілік.

VI «Мюнстенберг» әдісі
ВншарашождананемоеабыройжаотатақлдпұятқунамыстижадаллджылоллдмектеплдопарызмолпджігерметлдлоқушыолапЖұбаншгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімлещсадалолвщкміндетлдыжонаданпнущжігітзелнәтижедвщшқарияопгпедаадамвщшуақытжхухқайратушыгшжүрекмазжылущлдхтәжкүшбезхкндтдтқуатырщсенімдыушзпталапдлаплптөзімдмдтабиғат


Дұрыс жауабы
Ар, ождан, абырой, атақ, ұят, намыс, адал, жыл, мектеп, парыз, жігер, оқушы, Жұбан, зейін, бала, білім, міндет, надан, жігіт, нәтиже, қария, адам, уақыт, қайрат, жүрек, жылу, күш, қуат, сенім, талап, төзім, табиғат.



VII. Сөздер банкісінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жаз.




















VIII Қорытындылау: Мұхамбет (с. ғ. с.) Пайғамбардың сөзімен аяқтау
«Ойланудың, ұялудың бәрі - қайырлы іс. Адамдардан ұялыңыз. Алладан ұялыңыз. Өзіңізден - өзіңіз ұялыңыз. Кімнен ұялсаңыз да бұл қылығыңыздың бәрі де қайырлы болмақ».









[pic]


IX Бағалау

X. Үйге тапсырма.

202-205 бет, оқу, ұнаған өлең шумақтарын жаттап алу.