6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә. Нұрпейісов «Балықшылар» кейіпкер бейнесіне талдау.
Сабақтың мақсаты:
1. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жүргізу.
2.Кейіпкер бейнесін сомдаудағы жазушының сөз қолдану шеберлігін таныту.
3.Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамагершілік және еңбек тәрбиесін беру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Арал теңізінің тарихы. Арал теңізінің географиялық сипаттамасы. Арал теңізі туралы шығармалар мен оқушылардың өз шығармашылығы.
Тапсырмалар интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Шығарманың композициясы.
2. Өздеріне ұнаған сөзтіркестері мен сөйлемдерді оқу.
ІІІ. «Қызығушылықты ояту» сатысы.
« Топтастыру» стратегиясы.
1.Шығарма кейіпкерлерін ата.
2. Өзіңе ұнаған кейіпкерлерді бір шеңберге, ұнамағанын бір шеңберге топтастыр.
ІУ. Дамыту кезеңі. ДЖИГСО стратегиясы.
1.Еламанға, балықшыларға мінездеме беру.
2.Балықшыларға теңізге шығуға бұйрық берілді.Балықшылар қиналған кездегі Мөңкенің шешіміне пікірің. (Мәтіннен тауып,оқы).
3.Еламанның қандай мінезі Федоровтың ашуын қоздырды?
4.Теңіз үстіндегі балықшылардың арпалысын көз алдыңа елестетіп сурет сал не өз сөзіңмен суреттеп жаз.
5.Еламанның әрекетіне баға бер.Оның әрекетіне қазақтың қандай мақал-мәтелдері сәйкес келеді?
6.Кейіпкерлерге мінездеме бер.Жалмұрат, Андрей, Рай, Курнос Иван, Федоров.
У. «Толғаныс» сатысы.
1.Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романынан алынған үзінді ұнады ма?
2.Шығармадан алынған әсеріңді ауызша баянда.
УІ. Үйге: Шығарманы оқу.
ҮІІ. Бағалау.