Тест на тему Салалас құрмалас сөйлемдер (9 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




1.Жалғаулық шылау арқылы байланысқан салаласты табыңыз:

А)Қына тасқа бітсе,білім басқа бітер.

В)Ол тасқа айғырға қарап ұмтыла түсіп еді,Бақыт тізгінге жармаса кетті.

С)Күн бұлттанып еді,жаңбыр жаумады.

Д)Құнанбай Ұлжан қасына отырды да,Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

2.Талғаулы салаласты табыңыз.

А)Жігіттің дені сау болса,сол-дәулет.

В)Күн бұлттанды,бірақ жаңбыр жауған жоқ.

С)Жолдастық-достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.

Д)Сәлім-әке-шешесінің тұңғышы әрі жалғызы

Е)Мына Әсетті қасымызға шығарып бер,не болмаса кепіл бол.

3.Қос нүктенің қойылу себебін белгілеңіз:Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қардың суы секілді тез суалар.

А)Қарсылықты салалас В)Жалпылауыш сөз

С)Кезектес салалас. Д)Ыңғайлас салалас.

Е)Себеп-салдар салалас.

4.Салалас сөйлемнің тиісті тыныс белгісі мен түрін табыңыз.

Махаббатта бір-ақ формула бар ол-тұрақтылық.

А)(сызықша)себеп-салдар.

В)(қос нүкте)түсіндермелі.

С)(үтір мен сызықша )қарсылықты

Д)(үтір)ыңғайлас

Е)(үтір кезектес.)

5.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А)Жау шегінді.Бауыржан оны білген жоқ.

В)Түн.Ышқынған дауыл.

С)Шоқан ғылымға әбден берілді.Әскери қызметтен бас тартты.

Д)Ескек қолынан түсіп кетті.Оның есі шығып кетті.

Е)Қасиетті мекен.Күн сәулесі.









6.Құрмаластағы ортақ бастауышы бар сөйлем қатарын көрсетіңіз.

А)Айша селк ете түсті,бірақ қысылғанын білдірмеуге тырысты.

В)Сен оқы,сосын Серік оқысын.

С)Күн алаулап батып барады.

Д)Марат кетті,оған Қанат ерді.

Е)Ол келгенде,мен жоқ едім.

7.Салдар мәндісі екінші тұрған салаласты көрсетіңіз.

А)Шұға мырс етіп күліп жіберді ,оған Қадишаның ойы ұнаған жоқ.

В)Жанар бар шынын айтты,өйткені анасын ренжіткісі келмеді.

С)Біржан келесі өлеңін оқыған : мұнда ел билеушілерді сынап жазыпты.

Д)Ақан шын сүйді,сол себепті өз сүйгенін жамандыққа бұрмады.

8.Салаластың түрін ажыратыңыз. Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша-олар әлгі партизан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды.

А)Себеп-салдар.

В)Қарсылықты

С)Түсіндірмелі

Д) Талғаулы

Е)Ыңғайлас

9.Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін табыңыз.

А)Оттың жалыны әзір көрінбейді,бірақ жаңа ғана тұтанды дегені.

В)Сізден сұрайтынымыз мынау:бізге қамқоршы болыңыз.

С)Жанат орнын ұсынып елді,-отырған жоқ.

Д)Сыздық-етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.

Е)Күндіз қоңыр салқын болып тұр.

10.Жалғаулықты қарсылықты салаласты табыңыз.

А)Желбіреген ақ сәулелі дала қалып жатыр.

В)Қаңғыр-күңгір шыққан адам дауыстары естілді.

С)Күлген жақсы,бірақ шектен аса күлу-мәдениетсіздік.

Д)Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан,осы жазда капитан Елдосовтың самайына ақ кірді.

Е)Ақыл-адам көрігі,ақылдылық-сабыр серігі.



Тапсырмаларды сәтті орындап шыққаныңыз үшін рахмет!