Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Махамбетова Роза Қайырбекқызы Алматы облысы, Ескелді ауданы «Қарабұлақ орта мектебі МДШО» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
|
Тақырыбы 17.05.2016 10б сынып қазақ тілі | Жәндіктер қысқа қалай қамданады? |
Мақсаты | Мәтін мазмұнын түсіну. Мәтіндегі етістіктерді мазмұнына қарай дұрыс қолдана білуге дағдыландыру. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту.
|
Жалпы мақсат | Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып, тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру |
Күтілетін нәтиже | Мәтін мазмұнын түсінеді. Етістіктерді категориясына қарай ажырата алады. СКТ жасай алады. Ауызекі сөйлеуге төселеді. Өз бетінше жұмыс істеуге да дағдыланады. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ-ны қолдану, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”стратегиялары,, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, Сәйкестендіру тесті, Құндылықтар спектрі |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер. |
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
| Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. «Табиғат», «Жәндіктер» суреті арқылы топқа бөлу, әр топ көшбасшысын сайлау, топтарға тілек айту. -Балалар мен сендерге көңілді жарқын күн тілей отырып, сабағымызды бастайық.
| Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. 4 оқушыдан 2 топқа бөлінеді. Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады. -Мен өзіме және достарыма ашық аспан тілеймін. -Мен өзіме және достарыма бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін Мен достарыма нұрлы күн тілеймін |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылар- дың іс-әрекеті |
Қызығушылық тарын ояту
3 мин | Миға шабуыл. Сұрақ-жауап 1. Балалар, біз қазір қандай модульді өтіп жатырмыз? (Алаш ғалымдарының еңбектері) 2. Алаш ғалымдарына кімдер жатады? (Ш.Уәлиханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов) 3. Олардың жазған еңбектері не туралы? (табиғат туралы) 4. Етістіктің грамматикалық категорияларын кім айтады? 5. Тұйық етістіктің жасалуы. 6. Етістің неше түрі бар? 7. –ар, -ер,- р – ненің жұрнағы? 8. салт етістік дегеніміз не? 9. «Шық» деген сөз қандай мағына береді? |
Сұрақтарға жауап қайтарады, ойларын ортаға салады, диалог орнайды. |
Топ көшбасшы сы топ мүшелерін бағалайды. |
Сәйкестендіру тесті
3 мин | «Шөптегі шық» Түркістан -ған,-ген,-ар,-ер шық «Алтын Емел» Ахмет Йасауи Йасы өткен шақ Қазақ хандары қойылған жер есімше Сөйледі Ж.Аймауытов Далаға Ш.Уәлиханов | Топпен жұмыс. Ақылдасады, талқылайды бірлесе шешім қабылдайды жуаптарымен сәйкестендіреді. |
Топ көшбасшы лары топ мүшелерін бағалайды. |
Тапсырмаларды орындау 20 мин | «Құндылықтар спектрі» (зерттеу әдісі) 1. Сөздік жұмыс. Қам қылады – готовятся Су түбінде – на дне Қатып жатады, қатады – зимуют, застывает Қуыс – дупло Жарғанат – летучая мышь Жабысу – прилипать Сүлік – пиявки Бәлекет - здесь: шустрый Бапты тимейді – не легко удается Қора – скотный двор 2. «Жәндіктер қысқа қалай қамданады?» мәтінін оқиды. Мәтінді 1-топ 1-2 абзацты, 2-топ 3-4 абзацты оқып аударады. 1-топ 2-топ |
Оқушылар келісіп немесе келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Спектрдың(сызық тың) көк жағында дұрыс-бұрыс сөйлемдер берілген. Ал топ мүшелері спектрдің келесі қызыл жағына дұрыс болса, дұрысын, бұрыс болса, дұрыс нұсқасын жазып, өз ойларын ортаға салып нақтылайды.
|
Топ көшбасшысы кімнің ойы құнды дұрыс нәтиже берді бақылап, бағалайды. |
Талдау
5 мин | 4-тапсырма. Берілген күрделі етістіктерді дара етістікке айналдырыңдар. Оларға морфологиялық СКТ жасаңдар. 1-топ. Қам қылады. Қатып жатады. 2-топ. Жинап алады. Ұйқымен болады. | Әр топтан 1 оқушыдан шығып тақтада талдайды. | Топ көшбасшы лары топ мүшелерін бағалайды. |
Қорытынды Синтез 4 мин
| 1. Жануарлардың қысқы дайынғы туралы не білдіңдер? «5 жолдық өлең» 1. Зат есім 2. Сын есім 3. Есімдік 4. Етістік 5. Сөйлем | Әр топ «Синквейн» әдісі арқылы алған ақпаратқа қорытынды жасап тұжырымдайды, Бұл оқушылардың сөздік қорының дамуына тиімді | Топ көшбасшы лары топ мүшелерін бағалайды. |
Рефлексия 3 мин | Стикерлер таратылады. 1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Сабақтан алған әсерім? 3.Бүгінгі көңіл-күйім? | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |
Бағалау 3 мин | Топ көшбасшылары берілген критерийлер бойынша бағалайды.
| Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын | бағаларын ауызша айтады |
Үйге тапсырма 1 мин | Жаңа сөздерді жаттау 176-бет, 4-тапсырма
|
|
|