Эссе Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ЭССЕ

Тәуелсіздікке 25 жыл

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы



Тұғырына қонақтаған қыран бүркіт, айналасына жіті қарап, сергек қимылмен айналасына жалт-жұлт қарағанда от жанарлы көзінен бірде жалын шарпыған Бетпақтың шөлді даласын, бірде Көкшенің көкпеңбек баурайы мен тал-қайыңы бұрала ырғалған қойнауын, енді бірде ай келбетті ару Астананың көрікті көшелерін көргендей боламын. Тұңғыш туымның ажарына ажар қосып қалықтаған қыран бейнесі, қырдағы көңіліме қанат бітіргендей. Тұңғыш деген ұғымның астарында тұңғиық ерекшелік барды-ай. Селт ете қаласың. Ұлы да қастерлі Отанымыз қазақ елінің тұңғыш Тәуелсіздігін әлем тұңғыш мойындады. Тұңғыш рет өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш төл теңгеміз шыққанда өз қазынамызға иелік ететін күніміз туғанда, ерекше толқыныста болғанымды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұңғыш Елтаңбам, тұңғыш өз Қарулы Күштеріміз құрылды.Дана қиялынан туған алып Астана бой көтерді. Бала қиялынан туған ертегідегі алып шынар, көз жетпес Бәйтерекке айналды. Осы Тұңғыш атрибуттардың ең басында осы тұңғыштарды тұңғыш еткен Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Ия, бірінші желтоқсан қазақ мемлекетінің тарихындағы жалпыұлттық мемлекеттік мереке-тұңғыш Президент күні. Бұл мерекеҚазақстанның бүкіл азаматтары мен оның Елбасының бірлігінің символы болып табылады.Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайтын мереке.

Біздің мемлекетіміз тұңғыш рет дербес мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропа Қауіпсіздігін әйгілейтін Ынтымақтастық ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ЮНЕСКО, ИЫҰ, АӨСКШК, ХВҚ және басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 2010 жылы Қазақстан тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ның төрағасы болды. Дәл осы жылы 1 желтоқсан күні Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының айрықша Саммиті өтті. Осы күн алдымен Елбасымыздың, одан кейін соңынан ерген халқының абсолюттік тұңғыш тарихи жеңісі болды.

Мемлекет басшысының өзі қызмет етіп келе жатқан жылдарының әрбір айлары мен жылдары, апталары мен күндері Тұңғыш сөзімен тікелей байланыса кетеді. Тәуелсіз жаңа мемлекет үшін жасалып жатқан ізгілікті істердің бәрі де «Тұңғыш» сөзіне саяды.

Өткенге көз салсақ жас Қазақстан мемлекеті үшін елде бейбітшілік пен келісімді сақтау бірінші кезекті міндеттердің бірі деп ұғынған Елбасымыз 1992 жылы өткізілген тұңғыш рет Қазақстан халқының бірінші форумында этносаралық мәселелер бойынша қоғамдық институт құру туралы идея айтты. Артынша 1995 жылы наурыз айында Президент жанынан жаңа консультативтік –кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы (кейін 2007 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы) құрылды. «Қазақстандықтар бірлігі-ол Қазақстанның бұлжымай алға басуының баға жетпес кепілі», деп атап көрсеткен Елбасымыз ортақ үйімізде мәңгілік тыныштық пен бейбітшіліктің салтанат құруы жолында қажырлы еңбек етіп, тер төкті.

Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарын, ой-санасын, дәстүрі мен салтын, өнері мен мәдениетін, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты.Тәуелсіз елдің Тұңғыш астанасы Астана қаласында дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да еліміздің әлемдік қауымдастықтарда зор беделге ие екенін әйгілегендей.

Елімізде жүргізілген баянды реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басында тұрған Елбасы бейнесін айқын көреміз.

Даңқты реформаторлығы, саяси көшбасшылық тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түскен Тұңғыш Президентіміздің мерекесі мерейлі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сәтті болғай!

Чонаева Лаура Кахарманкызы

БМ «Тамос Эдьюкейшн»мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі