БІЗДІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ 1-САБАҚ «Үй жануарлары »

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


БІЗДІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ 1-САБАҚ

МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Ерденова Кымбат Есетовна

Тақырып:

«Үй жануарлары »

СЫНЫП: 2

ҚАТЫСҚАНДАР:



ҚАТЫСПАҒАНДАР:


ОСЫ САБАҚ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:




2.1.1.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

2.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

2.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай

отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

2.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым

сұрақтар қою.

2.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс

қолдану.


САБАҚ МАҚСАТТАРЫ






Барлық оқушылар орындай алды:

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.


Үй жануарларын аттарын атай алады, олардың санын айта алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алмады:

Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау.

Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенің түсіну Тақырып бойынша сөйлесе алады, үй жануарларына қатысты сұрақты дұрыс қоя алады.


Кейбір оқушылар орындай алады: Сурет бойынша 2 – 3 сөзден сөйлем құрастыру.

Тыңдаған /оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру. Танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркестерін қолдану


Үй жануарлары туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.


Тілдік мақсат














Оқушылар орындай алады:

Сурет бойынша сөйлей алады. Диалогты досымен оқи алады.


Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер: Бес жылқы. Жеті қой. Алты ешкі.

Үш түйе. Екі сиыр.


Сиыр, жануар


Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: үй жануарлары,

Алдыңғы оқу:


Жоспар

Жоспарланған уақыт



Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Шаттық шеңбері,топқа бөлу, аудиодиск, пазл, алма ағашы

Басы(2–5 минут)









(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Амандасу, оқушыларды түгендеу.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй

қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып тұрады «Ыстық алақан»,«мен ақылдымын ал сен менен де ақылдысың»


Бармақ әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау

Үй жұмысын тексеру

«Сиқырлы сандық» әдісі Өткен тақырыптағы сөздерді қаталаймыз. Слайд  (дене мүшелері)



Тақырыпты ашу

Жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу Слайд Үй жануарлары

Топқа бөлу: «Тәтті түрлі түсті кәмпиттер» әдісі бойынша оқушылар топқа екі топқа бөлінеді. (Мұғалім «Тәтті түрлі түсті кәмпиттер» әдісін өткізуге арналған екі түсті кәмпит таратады .

Кластер құрастыру , топтастыру.

Ортақ қасиетін табу : үй жануарлары.

Бармақ әдісі

Ортасы

(6–40 минут)





Тақырып бойынша презентация көрсетіледі. АКТ( МК)

Сюрприздік сәт:



[pic] (МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап-

сырмада берілген сөйлемдерге аударады. Осы үлгі арқылы

оқушылар үй жануарларын атауын еске түсіреді, мысалы,

Мынау – түйе. Мынау – жылқы. Мынау – қой. Мынау – ешкі.

Мынау – сиыр.Олар үй жануарлары. Оқушылармен суреттер бойынша сөздерді

тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.

МК Балалар, назарларынды тақтаға аударындар Мынау сиырдың баласы бұзау, мынау қойдың баласы қозы, мынау жылқының баласы құлын ...

Үй жануарлардың балалары төл деп атаймыз

Есікті қағып қонаққа Алмабек келеді

Сәлеметсіз бе , балалар! Менің атым Алмабек мен сіздердің білімдеріңізді тексергім келеді.Ол үшін ойын ойнайық

Cонымен бірінші тур: Мен әр топқа плакат беремін. Бұл плакатта балықтың қанқасының суреті салынып тұр. Сендер Балықтың сол жағына үй жануарларын жазасындар ал оң жағына үй жануарлардың төлдерін жазындар


[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic]


[pic]

[pic] [pic]



Екінші тур: «Адасқан сөздер » ойыны

Мен сендерге мәтін беремін ал сол мәтінің ішінде сөздер жоғалып қалған сендер керек сөзді тауып жазындар

Сиыр − бұзау, ит − күшік, жылқы − құлын, ешкі − лақ, мысық - марғау, қой − қозы

Балалардың алдында карточкалар жатыр, ойынның мақсаты оқушылар үй жануарлардың суреттерін төлдермен сәйкестендіру .

Сергіту сәті:

[pic] .

Үшінші тур: «кроссворд» ойыны

 (Т) Оқушылар үй жануарларын атайды.

2. (Т) -Түсіну- Аудиодискіден мәтін тыңдату. «үй жануарлары»

3. (Ж) Қолдану- Домино арқылы мәтінді жинақтау

(ҚБ)-мәтінді түсінікті, мағынасына сай құрастыра білу

Біз ауылда тұрамыз. Ауылда үй жануарлары бар. Олар: сиыр, қой, жылқы, ешкі, ит, мысық. Үй жануарлардың төлдері бар. Олар: бұзау, қозы, құлын, лақ. Үй жануарлары адамдарға пайда әкеледі.

4. Талдау -Мәтінді мәнерлеп оқып, тапсырмаларды орындау. Тапсырма: Ой қозғау әдісі

Алмабек : Жақсы , балалар сендермен қоштасатын уақытым келді екі топқа да «БЕС» деген баға қоямын Сау болыңыздар!

МК ал балалар сабағымызға оралайық

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: ой қозғау әдісі бойынша ойларымен бқлісе алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: мәтінді оқып, түсіну

5. Жинақтау- Әр топ 2 сұрақтан дайындап, «Ыстық орындық » әдісі арқылы қорытындылайды.














Бармақ әдісі

Соңы

41–45

минут


(Қ) Бағалау- Кері байланыс: Алма ағашы» әдісі арқылы Мен үшін түсінікті болды (қызыл алмалар)

Мен үшін түсініксіз қиын болды (жасыл алмалар)

Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді, ал балалар ұқсастықтарына қосылады, айырмашылығын атап кетеді.

Ұй жұмысы: үй жануарлардың атын қайталап, төлдердің атын жаттау тапсырма орындау

.





Пәнаралық байланым-денсаулық және қауіпсіздік АҚТ-мен байланыс.

Құндылықтарман байланыс(тәрбие элементі)

Оқушыларға тапсырмаларды түрлендіру



Кім көп жұлдызшаларды жинап алған, белсенді қатысып отырғандар, жаңа сөздерді жаттап, жазып алағандарды бағалау.

Математика.

Орыс тілі.

АҚТ.

Мақалды түсіндіру.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай өтті?Қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(Тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Оқушылар суретке қарап әңгімелей алды, сұрақтарға жауап берді, жаңа сөздерді біліп, олармен сөз тіркестерін құруға, жазуға және аударуға үйренді Сабақ жақсы, жоғары деңгейде өтті. Жоспарлаған тапсырмалар тақырыпқа сәйкес келді. Уақытты үнемдеп пайдаландым.

Сабаққа көптеген үлкен мақсаттары берілген, оларды орындау үшін көптеген тапсырмалардың уақытын үнемдедім.


Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:Ой талқылау

2: Топпен жұмыс

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді(оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Оқытудың жаңаша әдістерін қолдану.

2: Белсенді түрде жүргізу.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1Әр сабақты қызықты да белсенді жүргізу.

2:Сабақты түрлендіру.