Қазақ тілінен тест тапсырмалары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тест сұрақтары. 7-сынып

І нұсқа

1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз:

Жазды ыстық сүйемін,

Сайрандап жүремін.

Суына шомылам,

Күніне күйемін.

А) Жазды ыстық сүйемін;

В) Сайрандап жүремін;

С) Суына шомылам;

D) Күніне;

Е) Күйемін.

2. «Алғашқы» сөзінің синонимін анықтаңыз:

А) Алды; В) Соңғы;

С) Бірінші; D) Алдағы;

Е) Екінші

3. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтаңыз:

Не деген тамаша өзен

А) Құрмалас сөйлем;

В) Хабарлы сөйлем;

С) Сұраулы сөйлем;

D) Бұйрықты сөйлем;

Е) Лепті сөйлем.

4. Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін анықтаңыз:

Айнұр екеуіміз былтыр мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірдік.

А) болжалдық сан есім;

В) есептік сан есім;

С) реттік сан есім;

D) жинақтық сан есім.

Е) топтық сан есім.

5. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?

А) жуан, жіңішке;

В) еріндік, езулік;

С) ашық, қысаң;

D) жуан, қысаң.

Е) жуан, еріндік.

6. Түбір тұлғалары сақталмаған сөздер:

А) қысқарған сөздер; В) тіркесті сөздер; С) қос сөздер; D) кіріккен сөздер; Е) біріккен сөздер

7. Сөйлемдегі бастауышты табыңыз:

Осы кезде Мұқан мен Кәкімжан ағаш ішін аралап кетіп еді.

А) осы кезде;

В) Мұқан мен Кәкімжан;

С) ағаш ішін;

D) аралап;

Е) кетіп еді.

8. Берілген сөйлемнен біріккен сөзді табыңыз:

Ең алдымен олар Бәйтеректі көрді.

А) ең; В) алдымен; С) олар;

D) Бәйтеректі; Е) көрді.

9. Заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіретін жалғау:

А) септік жалғауы

В) жіктік жалғау;

С) тәуелдік жалғау;

D) көптік жалғау;

Е) қосымша.

10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой:

Судың дәмі туралы ... пікірлер айтты.

А) түрлі; В) көзін;

С) шипалы; D) асқазан

Е) мөлдір.

11. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қой: - Өркен... өскір-ай!-деді ол.

А) -ім; В) -ің; С) -ым;

D) –м; Е) -ды

12. Туынды сын есімді сөзді табыңыз:

А) жазғы саяхат; В) биік тау;

С) таза ауа; D) жақсы демалыс;

Е) үлкен табыс.

13. Күшейткіш үстеуді табыңыз:

А) үлкен; В) ең үлкен;

С) үлкендеу; D) үлкенірек;

Е) үлкендет.

14. Сын есімнің тұлғасына қарай түрін ажыратыңыз:

А) негізгі, туынды;

В) дара, күрделі;

С) жалпы, жалқы;

D) сапалық, қатыстық;

Е) асырмалы, күшейтпелі.

15. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтарды анықтаңыз:

А) –ғақ, -гек;

В) –ық, -ік, -қ, -к;

С) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;

D) –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш;

Е) –улы, -улі.

16. Болымсыз сын есімді табыңыз:

А) арлы;

В) таулы;

С) ақылды;

D) сусыз;

Е) елдей.

17. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақты анықтаңыз:

А) –и, -ы, -і;

В) –кер, -гер, -қой, -қор, -паз;

С) –шыл, -шіл;

D) –ғы, -гі, -қы, -кі;

Е) –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш.

18. Күшейткіш үстеудің сұрағын анықтаңыз:

А) кімге? неге?

В) қалай? қандай?

С) қашан?

D) қаншада?

Е) кімдерің?

19. Өткен шақты табыңыз:

А) бара жатырмын;

В) барамын

С) барармын;

D) бармаспын;

Е) баратынмын;

20. Бұрынғы өткен шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз:

А) –ды, -ді, -ты, -ті;

В) –ған, -ген, -қан, -кен;

С) –атын, -етін, -йтын, -йтін;

D) –ар, -ер, -р;

Е) -с;

21. Туынды сын есім дегеніміз –

А) Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер;

В) Бір немесе бірнеше сөйлемнен құралады;

С) Іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді;

D) Біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін көрсетеді;

Е) Түбір мен жалғаудан тұрады;

22. Өткен шақтың түрлерін анықтаңыз:

А) ауыспалы, болжалды, мақсатты;

В) жедел, бұрынғы, ауыспалы;

С) ауыспалы, нақ;

D) дағдылы, ауыспалы, болжалды;

Е) жедел, нақ, мақсат.

23. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын көрсетіңіз:

А) Зат есім; В) Сан есім;

С) Оқшау сөздер; D) Шылау;

Е) Есімдік;

24. Мақал-мәтелдің қазақша баламасын тап:

Не перешагивай через блюдо с едой.

А) Сыйлап берсе, суын іш;

В) Асы бар аяқтан аттама; С) Той тамағы тәтті; D) Ас – адамның арқауы.

25. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз:

Біз тамақтану режимін ... керек.

А) болмайды; В) ішсе;

С) сақтауымыз; D) ішуіміз;

Е) жеуіміз;





Тест сұрақтары. 7-сынып

ІІ нұсқа

1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз:

Жаз деген

Көктемнің жалғасы

Пісетін бұл кезде

А) Жаз деген; В) Көктемнің;

С) Жалғасы; D) Пісетін;

Е) Бұл кезде.

2. «Бұл» сөзінің синонимін анықта:

А) Осы; В) Анау; С) Кешегі; D) Олар; Е) Сол.

3. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін анықтаңыз:

Мен мынадай тамаша, сұлу табиғатты бірінші рет көріп тұрмын

А) Құрмалас сөйлем;

В) Хабарлы сөйлем;

С) Сұраулы сөйлем;

D) Бұйрықты сөйлем;

Е) Лепті сөйлем.

4. Сөйлемдегі сан есімнің мағынасына қарай түрін ажыратыңыз:

Біздің ауылдан отыз оқушы шілде айында пойызға отырдық.

А) Топтау сан есімі;

В) Жинақтау сан есімі;

С) Бөлшектік сан есім;

D) Есептік сан есім.

Е) Реттік сан есім.

5. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

А) жуан, жіңішке; В) еріндік, езулік; С) ашық, қысаң;

D) жуан, қысаң; Е) жуан, еріндік.

6. Түбір тұлғалары сақталған сөздер:

А) қысқарған сөздер; В) тіркесті сөздер; С) қос сөздер; D) кіріккен сөздер; Е) біріккен сөздер

7. Сөйлемнен бастауышты табыңыз:

Екеуі бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.

А) екеуі; В) бір мөлдір;

С) бұлақтың; D) үстінен;

Е) шықты.

8. Берілген сөйлемнен біріккен сөзді табыңыз:

Осы кезде Мұқан мен Кәкімжан ағаш ішін аралап кетіп еді.

А) осы кезде; В) Мұқан мен;

С) Кәкімжан; D) ағаш ішін;

Е) аралап кетіп еді.

9. Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі ... деп аталады.

А) негізгі етістік;

В) туынды етістік;

С) тұйық етістік;

D) дара етістік;

Е) күрделі етістік.

10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыздар:

Балалар көп ұзамай бұлақтың ... тапты.

А) түрлі; В) көзін;

С) шипалы; D) асқазан;

Е) мөлдір.

11. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойыңыздар: Түйені бірінші көру...

А) -ді; В) -ген;

С) -мін; D) –ім; Е) –емін.

12. Туынды сын есімді сөзді табыңыз:

А) қыстауға; В) жаздай;

С) шөптің; D) қалың;

Е) дымқыл.

13. Күшейткіш үстеуді табыңыздар:

А) ыстық; В) ыстықтау;

С) тым ыстық; D) ыстығырақ;

Е) ыстықтай.

14. Сын есімнің мағынасына қарай түрін ажыратыңыз:

А) негізгі, туынды;

В) дара, күрделі;

С) жалпы, жалқы;

D) сапалық, қатыстық;

Е) асырмалы, күшейтпелі.

15. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтарды анықтаңыз:

А) –ғақ, -гек, -қақ, -кек;

В) –ық, -ік, -қ, -к;

С) –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш;

D) –улы, -улі.

Е) –шыл, -шіл.

16. Болымсыз сын есім жасайтын жұрнақты анықтаңыз:

А) –сыз, -сіз;

В) –шыл, -шіл;

С) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;

D) –дай, -дей, -тай, -тей;

Е) –шаң, -шең.

17. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақты анықтаңыз:

а) –сыз, -сіз;

В) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;

С) –ғы, -гі, -қы, -кі;

D) –лық, -лік, -дық, -дік;

Е) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе.

18. Күшейткіш үстеудің сұрағын табыңыз:

А) кім? не?; В) қалай? қандай?;

С) нешеу? неше?; D) кімдерің?

Е) не істеді? не істеу?

19. Өткен шақты табыңыз:

А) келе жатырмын; В) келемін;

С) келдім; D) келіп отырмын;

Е) келермін.

20. Жедел өткен шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз:

А) –ды, -ді, -ты, -ті;

В) –ған, -ген, -қан, -кен;

С) –атын, -етін, -йтын, -йтін;

D) –ар, -ер, -р;

Е) -с.

21. Тәуелдік жалғау дегеніміз- ...

А) Бір немесе бірнеше сөйлемнен құралады;

В) Түбір мен жалғаудан тұрады;

С) Заттың біреуге немесе бір нәрсеге меншікті екенін білдіреді; D) Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сөз табын айтамыз.

Е) Іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді.

22. Өткен шақ дегеніміз- ...

А) Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған іс-әрекетті білдіреді;

В) Сөйлеп тұрған уақыттан кейін болған іс-әрекетті білдіреді;

С) Сөйлеп тұрған уақытта болған іс-әрекетті бідіреді;

D) Сөйлеп тұрған уақыт пен іс-әрекеттің уақытын білдіреді.

Е) Сөйлеп тұрған уақыттан соң болған іс-әрекетті білдіреді.

23. Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз:

А) Бүлдірді-ау, мына бала! В) Қап, бекер барған екенсің!

С) Қандай тамаша жер!

D) Осы пікіріңді кеше айтсаңшы! Е) Ғажап, бұлай ойламаппын!

24. Берілген мақал-мәтелдің қазақша баламасын табыңыз:

Сытому не понять цену куска хлеба

А) Сыйлап берсе, суын іш;

В) Асы бар аяқтан аттама;

С) Ас қадірін тоқ білмейді;

D) Той тамағы тәтті;

Е) Ас – адамның арқауы.

25. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой:

Адам үнемі мөлшерден тыс тамақ ..., семіріп кетеді.

А) болмайды; В) ішсе; С) ішуіміз;

D) жеуіміз; Е) сақтауымыз.


Қазақ тілі

D

С

Е

D

С

D

В

D

С

А

В

А

В

А

С

D

Е

В

Е

В

А

В

D

В

С


  1. С

  2. А

  3. В

  4. D

  5. А

  6. Е

  7. А

  8. С

  9. С

  10. В

  11. D

  12. Е

  13. D

  14. Е

  15. А

  16. А

  17. Е

  18. В

  19. С

  20. А

  21. С

  22. А

  23. А

  24. С

  25. В