Сабақ жоспары Еліктеу (6-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты: білімділік – еліктеу сөз туралы алған білімдерін жан-жақты талдай отырып еске түсіру; терең түсінік бере отырып білімдерін шегелеу. Дамытушылық – оқушылармен әр түрлі жұмыстар жасай отырып тез ойлануға, тез ойын жүйелеуге, тез жауап беруге баулу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік – оқушыларды еңбекке, бірлікке, қайырымдылыққа шақыру. Сонымен бірге отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды бағалауға жол сілтеу.

Әдіс-тәсілдер: ой шақыру, ізденту, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, жаттығу.

Көрнекілігі: Сандық, асықтар, сызба қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақпен байланысы: әдебиет.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу

- Тілек білдіру арқылы оқушыларды өзіме қаратамын

ІІ Жаңа сабақ.

І Қызығушылығын ояту.

Сыныпқа алдын ала таспаға жазылған дыбыс түрлері беріледі (мысықтың мияулауы, иттің үруі, қатты жабылған есіктің дыбыстары). Осылай қайталау сабағының тақырыбы ашылады (оны оқушылар өздері таспаны ести отырып табады). Оқушыларға «Бағалау парағы» үлестіріледі.

ІІ Топтастыру.

Ассоциация стратегиясы бойынша еліктеу сөздерді топтастыру.

ІІІ Мағынасын ашу.

1 Қожадан келген хатты оқу (Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» әңгімесіндегі басты кейіпкерден).

Мұғалім хатты оқиды: - Сәлеметсіңдерме 6«а» сынып оқушылары! Мен сендерге бір өтінішпен хат жазып отырмын. Менің Жанар атты қызбен бірге қырықтыққа барғым келеді. Бірақ Майқанова апай мына тапсырмаларды орындасам ғана бара алатынымды айтты. Маған тапсырманы орындауға көмектесіңдерші! – делінеді.

Мұғалім оқушылардан Қожаның өтінішін қабылдауларын сұрайды. Оқушылар көмектесеміз деп бірінші тапсырмаға кіріседі.

А. Еліктеу сөздерді табу деген тапсырма берілген сызба қағаздар үлестіріледі.

Ә. Орны ауысқан еліктеуіш және бейнелеуіш сөйлемдерді дұрыс орнатастыру қажеттігі айтылған 1 -слайд тақтаға беріледі.


[pic]


Бұл тапсыма орындалып болған соң оқушылардың бейнелеуіш пен еліктеуішті ажырата алатындығы анықталады. Сондықтан тақтаға Б. 2 -слайд «Венн диаграммасы» беріледі. Оқушылар еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктерін толтырады. Венн даграммасы

[pic] [pic] Еліктеуіш Бейнелеуіш






В. Бұдан соң графикалық диктант тапсырмасы бар 3- слайд беріледі.


[pic]

Бұл тапсырма бойынша оқушылар туынды еліктеу сөз, еліктеу сөзден зат есім, етістік тудыратын жұрнақтарды анықтайды.

Г. «Ішке –сыртқа» стратегиясы

Тақтаға «Ішке-сыртқа» стратегиясы беріледі.




Жарық, аласа, жалт, ағараң, елпең-елпең, қорбақорбаң, домалаң, сырт, шаңқ, өзім, таран, жер.

Бұл тапсырмада әр түрлі сөздер берілген солардың ішіндегі еліктеу сөздерді ішке қалғандарын сыртқа жазу бұйырылған.

Д. «Сиқырлы сандық».

Сандықтың ішінде нөмірлермен белгіленген асықтарды оқушыларға кезекпен алғызып нөмір бойынша үлестірме сызбадан тапсырма беріледі.

Е. Шығармашылық тапсырма. «Менің елім» тақырыбына бір, екі шумақ өлең шығарту (Қожаға берілген тапсырмалар толық орындалған соң).

Қожаға хат жазу.

IV Ой толғау.

Альтернативті тест. 5-слайд тақтаға беріледі.Оқушылар қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі керек.

[pic]

Осылайша сабақ қорытындыланады.

V Бағалау (Оқушылардағы бағалау парақтары бойынша өздеріне қойылған баға оқылады, мұғалім де бағаға қатысты пікірін айтып қорытынды баға қояды).

VI Үй тапсырмасы.

Еліктеу сөздерді қатыстыра отырып диалог құру.