Самопазнание на тему Менің достарым 1-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп: Үстірт орта мектебі

Мерзiмі: 22.11.2016ж

11- сабақ

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 1 «а», «ә», «б», «в»

Тақырып: Менің достарым

Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: жауапкершілік, мейірімділік, татулық
Сабақтың мақсаты
оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын жеткізу арқылыдұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға риясыз сүйе білуге үйрете отырып, достық ұғымы туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды достанына өзара сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық, түсіністік қасиетін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа, адалдыққа, татулыққа тәрбиелеу


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар

2.Үй тапсырмасын тексеру

І тоқсанда өткен тақырыптарға шолу жасап келу

3. Дәйексөз

Жақсыменен жолдас болсаң жетерсің мұратқа

Мақал-мәтел

Ескерту: даналық сөздің мағынасын ашып түсіндіріп кету

4.Әңгімелеу

Мәтінмен жұмыс

Достар

Қазыбек пен Қалкен киноға бара жатты. Екеуі де көңілді. Қазыбек Қалкенге бұрылып:

  • Қалкен есептен екі алғаныңды мамаң білеме?-деп сұрады.

  • Жоқ ақырын, - деді Қалкен жан-жағына қарап алып, сыбырлап,- мамам оны білсе ,мені киноға жібере ме?

  • Мамаң сенің сондай қатал кісі емес қой.

  • Баласы екілік алған ,қандай мама ренжімейді?

  • Қалкен , мен саған есептен көмектесейін. Алдымен екілікті жоятын болайық.

  • Менің қарсылығым жоқ, деді-Қалкен қуанып.

  • Досына қиындық үстінде көмек бермеген адам жолдас болама? Кешке міндетті түрде сенің үйіңе барамын. Сенің алған екілігің маған қойылған баға деп есепте.

  • Сен өмірде екілік алған жоқсың ғой- деп таңдана қараған Қалкен досына.

  • Екі алмасам, кеше алдым. Оны ертең жоюға тырысамыз,-деп Қазыбек жолдасынаа сенім артып, қолдау көрсетті.



  1. Адамға дос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  2. Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

  3. Достарыңның бойында қандай қасиеттерді көргің келеді?

  4. Достықтың неше түрі бар?


5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма

2-тапсырма

Жағдаяттарды талдау


6.Топпен ән айту

Дос болайық бәріміз!

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер.

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

Үйге тапсырма

«Құмырсқа» ертегісін оқып мазмұндап келу