«Өзін-өзі тану» пәні сабағының жоспары
Тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ
Күні
Құндылық: дұрыс іс-әрекет, ішкі тыныштық
Қасиет: сенім, күш-жігер, табандылық, мақсат жете білу
Сынып: 10
Оқушы саны 15
Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктеріне сеніп,
оларды қабілеттеріне орай дұрыс іс-әрекет етуі және ішкі тыныштыққа жету туралы түсініктерін тереңдету.
Міндеттері:
1. Адам бойындағы күш-жігер мен алдына мақсат қоя білу туралы түсініктерін тереңдету;
2. Әр оқушының өз мүмкіндігіне сенуіне, табандылық қасиеттерін дамытуына ықпал ету;
3. Өз бойларындағы мүмкіндіктерін бағалай білуге және дұрыс іс-
әрекет ету арқылы ішкі тыныштыққа жетуге, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды ойға келу «Нұрға бөлеу» Классикалық музыка
Үй тапсырмасын тексеру
Кітапта берілген Бейбіт Сапар Алидің ғарышкер Тоқтар Әубакиров
туралы шығармасынан алынған үзіндімен танысып келу берілген
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Тоқтар ағаларың туралы не білдіңдер?
Тоқтар Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуын қалай түсіндірер едіңдер?
Ғарышкердің орнында болсаңыз, сіз ғарышқа не алып ұшар едіңіз?
Ғарышкер Тоқтар ағаға қандай тілек айтар едіңдер?
Тоқтар ағаның бойында қандай қасиеттері ғарышкер болуына көмектесті?
Қорытынды:Әр адам өз Отанын сүйеді, алыста жүрсе сағынады. Отанын шын сүйген адам өзінің бар мақсатын , күш-жігерін табандылықпен Отанына қызмет жасауға бағыттайды.
Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
«... Егер өмірде өзіңе – өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл.
Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер күш-жігер мен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек...»
Сан Мен Мун
Осы айтылған ойды қалай түсінесіңдер?
Қиындықты жеңу үшін адамда қандай қасиет болуы керек?
Қиындықтан қашсаң не болады?
Мақсатқа жету жолында қандай қасиеттер адамға қажет деп ойлайсыңдар?
Қорытынды: Қиындықты күш-жігер, табандылықпен жеңе білген адам ғана өзіне-өзі сенімді болады
Оқиға айту «Мұғалімнен сый»
Бейнетаспа көру «Қытай балеті»
Бишілер қандай адамдар?
Қандай дене кемшіліктері бар?
Олар неге осы кәсіпті таңдады деп ойлайсыңдар?
Бишілердің бойында қандай қасиеттер бар?
Осы сюжеттен қандай әсер алдыңдар?
Сендерде осы бишілерге деген қандай сезім пайда болды?
Шығармашылық жұмыс
Топқа бөлу (гүлдің түрлері арқылы топқа бөлу)
Ақылдың 6 қалпағы:
Алға қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыңдар?
1.Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер
2.Қызыл шляпа – ішкі сезім
3.Қара шляпа – логикалық негативті ойлау
4.Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау
5.Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау
6.Көк шляпа – ойлау процесін басқару
Топпен ән айту
«Қайран көңіл» әні
Үй тапсырмасы
«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар
8.Қорытынды
Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең табарсың.
Жолың ұзақ болғанмен,
Жүре берсең барарсың .