Урок по казахский языку на тему Асылдардан туган урпакпыз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Асылдардан туған ұрпақпыз»

Сабақтың мақсаты: 1. Маңғыстау өлкесінде туған ақпа-төкпе ақын-жыраулар, олардың

сөзін ел арасына таратушы небір термеші-жыршылар, бармағынан бал

тамған күйшілер, әншілер және билердің түйінді-тұжырымды сөздері

туралы білім –біліктіліктерін дамыту


2. Асылдардың қалдырған өнерлерін және атадан балаға мұра болып

келе жатқан асыл нақыл сөздерін келесі ұрпақтың бойына сіңіріп,

ізгілікке баулу, айтылған ойлы сөздерін ардақтай тыңдап, ерекше

құрметпен есте қалдыруды әдетке, әдепке айналдыруға тәрбиелеу


3.Оқушылардың бойындағы өнері мен дарынын дамыта түсу, ойларын

қорыта білуге машықтандыру, тіл байлығын байытуға, сөйлеу

мәдениетін жетілдіруге үйрету


Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, кітап, интерактивті тақта, Жетіқайқы туралы

презентация


Сабақтың түрі: Сайыс сабақ


Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Топтастыру ( Маңғыстау өңіріндегі әншілер аттарын тауып біріктіру,

1-топ ақын-жыраулар, 2-топ күйшілер)

II. Мұғалімнің кіріспе

Қазақ халқында небір майталман күміс көмей әншілер, сабырлы да салмақты жыршылар, ақын-жыраулар, бармағанан бал тамған күйшілер, атақты билер өткен және әр аймақта қасиеттері-өзіндік әуен-сазы, нақылы, мақалы, домбыра тартудағы қағыс айырмашылықтары, ырғағы, екпіні, тіпті домбыраның екі ішегін пайдалану ерекшеліктеріне дейін тайға таңба басқандай анық байқалып тұрады.

Соның ішінде бүгінгі сабағымызда Маңғыстау өңірінде өткен өнер шеберлері туралы болмақ.

III. Бейнекөрініс (Маңғыстау өнер иелері суреттері, аудио жазу)

«Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» Маңғыстау өлкесінде ХҮІІ ғасырдан бүгінгі күнге дейін тау өзеніндей тасқын жырларымен ақпа-төкпе ақын-жыраулар, олардың сөзін ел арасына таратушы небір термеші-жыршылар, бармағынан бал тамған, өнер төгілген күйшілер, ән әуенін алты қырдан асырған әншілер өткен.

Олардың ішінде күйшілер: Абыл Тарақұлы, Құлшар Бақтығалиұлы, Есір Айшуақұлы, Жолды, Әлмұрат Құлшарұлы, Төлеубек, Тұрарбек Қойшыбайұлы, Бекен Кендірбайұлы, Сәулебай, Арал Тағаниязұл, Өскінбай Қалмамбетұлы,Мұрат Өскінбайұлы, Шамғұл Ыбырайымұлы, Атанғұл Сүйесінұлы;

ақын жыраулар: Абыл Тілеуұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Өгізбай, Айтуған Тайұлы, Мұрын (Тілеген) Сеңгірбекұлы, Сәттіғұл Жаңғабылұлы, Түмен Балтабасұлы, Сүгір Бегендікұлы, Елбай Қосымбайұлы, Қалнияз Шоңқыұлы, Медетбай Тәжұлы, Түйте ахун Өтесбайұлы, Шәйім Мұңайтпасұлы, Қожали Мекенұлы, Өмір Қараұлы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы, Зәкәрия Жұбанұлы, Ұзақбай Қазжанұлы;

жыршылар: Айтқұл, Өришан, бәйбіше Дүйсенбай, Қожанбай Қойбас, Мұса, Мұқан Мәулімберді; әншілер: Қайып Қарабайұлы, Хамит Өскінбайұлы, Қазихан Нұрғазыұлы, Досат Бәйменбетұлы, Тастемір Шыршығұлұлы, Әділ Өтеғұлұлы, Тұрсын Алдашұлы, Шолтаман Байсарұлы;

билер: атақты Ермембет би, Мәтжан би, Сейіт би, Бегімбет Мәмбетнияз және т.б. өткені белгілі осы өнер жұлдыздарының ізбасар-мұрагерлері де баршылық.

Басқасын айтпағанда, ұлттық өнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізуші әнші-жыршылар: Жақсылық Елеусінұлы, Ізбасар Шыртанұлы, Жеткізген Сейітұлы, Күріш Тасболатұлы, Амандық Көмекұлы, Орынбасар Тәжұлы, Әбіл Жұмағұлұлы, және жас талант, республикаға белгілі Елдос Еміл, Қазақстан халық артисі, домбырашы Роза Тайманқызы Айдарбаева, республикаға белгілі домбырашы Сержан Шәкірат Ысқақұлы және т.б. Маңғыстаудың кең жазира сахнасын ән-күй, жырмен кернеп тұрған, өлкенің көкбайрағы өнер туын көкке желбіретіп нық ұстап келе жатыр.

Енді мектеп қабырғасында жүрген болашағынан үміт күттірер ұлдарымыз бен қыздарымыз бар ма екен? Яғни, аталған аталарының жолдарын қуатын жеткіншектерді байқаймыз.

Ерлік пен елдікті ұрпаққа ұран ғып,

Шешендік өнерге баулыған қыран қып.

Танысып, білейік, әр топтың өнерін,

Көрейік, жүйрігін мақтауға тұрарлық.

деп шартымыз бойынша әр топ өздерін таныстырып өтеді. «Таныстыру»

IV. «Қария, қарияның ақыл – ойы дария» атты бөлімде мақал-мәтел, нақыл сөздердің жалғасын табу. ата-бабаның айтқан сөзін ардақтай тыңдап, ерекше құрметпен есте қалдырған халықпыз.


«Аманат» тобына

  1. Аталы сөзге арсыз қайырар,

(Ақ пен қараны, шындық айырар)


  1. Жақсының сөзі ақыл шақырады,

( Жаманның сөзі ашу шақырады).


  1. Өнерлі жігіт өрде озар,

(Өнерсіз жігіт жер соғар)


  1. Ақылың болса, (жыр тыңда)

  2. Өнер –ағып жатқан бұлақ,

(Ілім – жанып тұрған шырақ)


  1. Ақыл көпке жеткізер,

(Өнер көкке жеткізер)


  1. Көп ішінде сөйлеген,

(Көсемдіктің белгісі.)

Көпке сөзі ұнаған,

Шешендіктің белгісі.


  1. Өнер жасұланнан,

(Жүйрік тай құнаннан).



«Мұрагер» тобына


  1. Жүзбен біреу шешен,

(Мыңнан біреу көсем)


  1. Айтар нақылы жоқтың,

(Табар ақылы жоқ)


  1. Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

(Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.)

  1. Шешендік сөз – (асыл ойдың өрнегі)


  1. Жігітке өнер де өнер (өлең де өнер)


  1. Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай,

(Шешендердің сөздері ағып тұрған балдай)


  1. Өнер таусылмас азық, (жұтылмас байлық)


  1. Өнерлі өлмес

(Өнерсіз күн көрмес)


V.Аталар сөзі ақылдың - көзі (Аудиожазу) түйінін, жауабын табу

Бұл бөлімде үзіндіні жалғастыру

2 (16 бет) Ермембет би

-Жақының өлсе қойысқан, атың өлсе сойысқан, жауың келсе қуысқан, бәрінен де жақсы туысқан- өз інілерім өзіме жарайды,-деген екен


29 (12 бет) Мәтжан би

-Көзі ұйқыда, көңілі иманда тыныш жатқан қазақтың кісісін өлтіріп, күн бермей құтырған түркменді, оның сізді ұрмай құдай, жазықсыз қазақты неге ұрмақ-деген екен.

Хан айтылған сөзге тоқтап, қаза болған адам құнын төлеткізіпті.


3 (15 бет) Сейіт би

Екі түйені бір сордан айналдырып, арғы бетіне шығарып, екінші жағынан ботаның құйрығын бұрап бақыртқанда түйенің бірі сордан тіке салыпты да, екіншісі сордан айналып кетіпті. Сонда Сейіт би: «Енді бота енесін бидің билігінсіз – ақ танитын болған боларсыздар»,-деген екен


3 (17) Ерменбет би

-Жаңылмайтын жақты, сүрінбейтін тұяқты Алланың өзі жаратпаған –деп жауап беріпті.


ҮI. «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтары сол аталардың өнерлерін бойларына дарығандығын көрсетеді. (2 топ күй тартады)


Ү. Көп болыпты халқымның

Сахиы менен сайхысы...............................деп сұраққа жауап қайтарады.

Кімдер еді атақты Кімдер еді атақты

Адайдың бес жүйрігі?! Адайдың жеті қайқысы?!


Адайдың бес жүйрігі: Өгізбайдың (Тіней) шәкірті Абыл Тілеуұлы (1777-1864) Нұрым Шыршығұрұлы (1831-1908) Ақтан Керейұлы (1850-1912), Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Аралбай Оңғарбекұлы (1854-1919)


Адайдың жеті қайқы: Медет-Жылгелді Теңізбайұлы (1855-1938) Жаңай-Өскінбай Қалмамбетұлы (1860-1925) Кенже-Әділ Өтеғұлұлы (1869-1931) Жары-Шолтаман Байсарұлы, Жаманадай (Сүйіндік) –Тастемір Шыршығұлұлы (атақты Нұрым жыраудың інісі), Қаржау-Тұрсын Алданышұлы, Мая- Досат Бәймембетұлы


ҮІI «Қарты бардың ескіден қалған хаты бар» демекші атақты асыл аталардың суреті көрсетіледі. Суреттегі атақты адамның бейнесін танып, ол туралы мәлімет айтады.


ҮІIІ «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген бөлімде билердің ұтымды жауаптарынан көрініс. Ол үйге тапсырма болып берілген.


IX. Қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтау.

Халық даналығы – өмірдің өрен бейнесі, терең ойдың қордасы. Уақыттың әр кезеңге лайық өз үдерісі, мүмкіндігі бар. Еліміз егемендік, тәуелсіздік алғанына 15 жыл. Ұмытылғанды еске түсіруге, өшкенді тұтатуға, барды жарқырата көрсетуге кең тыныс, мол мүмкіндік ашып отырған кез. Олай болса жоғалтқанды түгендеп, бардың берекесін ел бойына дарытарлық ынта-ықыласпен оқу білім алу, еңбек ету әр қазақ азаматының парызы.

Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақылымен де, парасатымен де, өнерімен де үлгі өнегесін қалдырған ата-бабаларымыздың аруағын ардақтап мұрасын, мақтан тұтайық.